Сабақтың тақырыбы. Ауылшаруашылық құстары мен жабайы қанаттыларды механикалық-аспаздық өңдеу



бет1/3
Дата05.05.2020
өлшемі51.9 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы. Ауылшаруашылық құстары мен жабайы қанаттыларды механикалық-аспаздық өңдеу.

Ауылшаруашылық құстарын механикалық-аспаздық өңдеу төмендегідей әрекеттерден тұрады.Олар: жібіту,үйіту,басын және аяқтарын алып тастау,мойнын бөліп алу,тазарту,жуу және шала фабрикаттар дайындау.



Жібіту.Мұздатылған құсты үстелге не сөреге бір-біріне жанаспайтындай етіп салып,бір қатарға орналастырады да мүмкіндігінше жазады.Қаз бен күрке тауықты-8сағат,тауық пен үйректі-5-6сағ.8-15 С температурада жібітеді.

Үйіту. Құс денесінде талшықтар,қауырсындар мен түбіт қалдықтары болуы мүмкін.Сондықтан оларды жою үшін үйітеді.Алдымен құс денесін орамалмен не матамен сүртіп құрғатады.Құрғатуды жылы ауа ағыны арқылы да жүргізуге болады.Сосын нан үгінділері мен немесе ұнмен аяғынан басына қарай сылап сүртеді.Бұлайша сүрту кезінде талшық қалдықтары тікірейді.Ол үйітуге қолайлы келеді.Үйітуді түтінсіз жалында терісін бүлдірмей,тері асты майын ағызбай ептеп жүргізген жөн.Егер құстың жетілмеген қауырсындары болса,онда оларды іскекпен немесе кішкентай пышақпен алып тастайды.

Басын,мойнын,аяқтарын алып тастау. Толық тазарту алдында құс денесін басты екінші және үшінші мойнын омыртқалары арасынан шауып түсіреді.Сосын арқа жағынан мойынның ұзына бойына терісін тіледі де мойнын теріден босатып,мойын омыртқаның соңғысы арқылы оны шауып түсіреді,бірақ тері денесінде қаулы керек.Тауық пен оның балапанының терісін мойынның орта жерінен,күрке тауық,үйрек және қаздың терісін мойынның 1/3 бөлігінен кеседі.

Тазарту. Ішкі мүшелерінен тазарту үшін төс сүйегінің артынан артқы тесігіне дейін құрсақ қауысының ұзына бойына тіледі.Пайда болған тілік тесігі арқылы қарнын,бауырын,іші майын,өкпесін,бүйрегін,ал жемсауы мен өңешін тамақ тесігі арқылы алып тастайды.Ішек-қарыннан іш майын,өкпесін,бүйрегін тазартып бөліп алады.Осылайша тазартылған құс денесінен артқы тесігін,өтке ластанған жерлерін кесіп алады.

Жуу. Толықтай тазартылатын құсты одан әрі мұздай су ағында (15 С температурада)жуады.Жуу кезінде ластанған жерлерін,қан қалдықтарын,ішкі мүшелерінің қалдықтарын алып тастайды.Қоректік заттар шығынын көбейтпес үшін ұзақ уақыт жууды ұсынбайды.Жуылған құстың тілігін төмен қаратып,суы ағып кетуге мүмкіншілік бере отырып,суырма табаға салып кептіреді.

Жабайы қанаттыларды өңдеу. Қауырсындарын жұлу , үйіту, қанаттарын,аяғын,мойнын,ішкі мүшелерін толықтай тазарту және жуу әрекеттерінен тұрады.Жабайы қанаттыларды үй құстарын жібіткендей түрде жібітеді.

Қауырсындарын жұлу мойыннан басталады.Қауырсындарды топтап ұстап ,табиғи өсу бағытында қарсы бағытта тез тартып қалады.Қауырсынды жұлу кезінде теріні жыртып алмас үшін жұлатын қауырсындардың түбінен сол қолдың саусақтарымен басып ұстайды.Тері оларды қуыру кезінде құрғап кетуден сақтайды.

Ірі жабайы құстар саңырау құрды,бұлдырықты,жабайы үйректі,жабайы қазды үйретеді.Оларды үйіту алдында орамалмен сүртіп,ұн ұнтағын сеуіп үгітеді.

Толықтай тазарту да ауылшаруашылық құстарын тазалағандай түрде жүргізіледі.Ұсақ жабайы қанаттылардың мойнын арқа жағынан тіліп, жемсауы мен өңешін алып тастайды да,сосын ішкі мүшелерін алады.Әбден тазартылған жабайы құс денесін жақсылап мұздай сумен жуады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет