Қазақстан тарихы 5-сынып
5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (2 сағат)
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан аумағында темірдің игерілуі
|
Мектеп:
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіреді
|
Мақсаттары
|
металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
|
Бағалау критерийлері
|
Темір дәуірі туралы біледі
Ертедегі темір өңдіру тәсілімен танысады
Металл өңдірудің адам өміріне әкелген өзгерістерін анықтайды
Түсті металл өндірістері туралы біледі
|
Пәнаралық байланыс
|
География, дүние тарихы, экономика.
|
Құндылықтарды дарыту
|
- патриотизм
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік
- ар-ождан бостандығы
|
АКТ дағдылары
|
Интернет арқылы бейнебаян көру, презентация, бейне таспаны тыңдау.
|
Тілдік міндеттер
|
Пәндік лексика мен терминология:
«Аспан тасы», «жұлдыз тасы», пеш – көрік, саз балшық, метеорит, темір қоры, ТМД елдері, кең байыту комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қаражол, тайпалық одақ, ат әбзелдері, полихромдық стиль
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Мен келесі өзгерістерді байқадым....
Темір өңдіру адам өмірін өзгертті/өзгертпеді себебі....
Темір дәуірі мына кезеңдерге бөлінеді.....
Біздің топтың ойынша....
|
Алдыңғы білім
|
Алғашқы адамдардың тұрмыс – тіршілігін, діни наным - сенімдерін біледі.
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар
|
Дерек көздері
|
Басы
|
Б Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Яғни, 1 топ – сәулетшілер, 2 топ – археологтар, 3 топ – тарихшылар.
«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтар қоя отырып, өткен сабақтарда игерген білімдерін тексеру (сұрақ - жауап).
Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
Тас дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б.3 мың жыл)
Тас дәуірі неше кезеңіге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит)
Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс)
Мыс-тас ғасыры қалай аталды, кезеңі? (энеолит – б.з.б. 3000-1800 жыл)
Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары? (аңшылық, терімшілік)
Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит)
Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з..б. 8 ғасыр)
Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды ата (Қ.И.Сәтбаев, В.П.Алексеев, Ә.Х.Марғұлан)
Қола дәуірінің ескерткіштерін атап, картадан көрсет (Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Солтүстік Қазақстандағы Арқайым қонысы, Шағалалы қонысы, Жетісу, Таңбалы тас, т.б. )
Алғашқы адамдардың көзқарастары бойынша қандай түсініктер қалыптасты? (тотемизм, анимизм, фетишизм)
Жеке меншік қай дәуірде қалыптасты? (қола дәуірінде)
Жаңа тақырып
Қазақстан аумағында темірдің игерілуі
Темір дәуірі алғаш қолданыла бастаған кезең тарихта темір дәуірі деп атайды.Темір дәуірі ерте және кейінгі темір дәуірі болып бөлінеді.Ерте темір дәуірі б.з.д 8-3 ғ қамтыса, ал кейінгі темір дәуірі б.з.д 3-4 ғ аралығы жатқан .
Оқушыларға Интерактивті тақта арқылы слайттар көрсетіледі
Тақырыпты ашу үшін.
М Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырады
1.Тапсырма
Оқушыларға бір сөздер жасырынған анаграмма беріледі (Әшекей бұйымдарды өрнектеу үлгісі, кен тасының пешке салып балқытқан пештің атауы, Осы дәуірде рулық қатынастар жетіліп тайпалық одақтар құрылды.) Оқушылар анаграммада берілген әріптердің бір-бірімен орындарын ауыстыру арқылы көлденең жасырынған сөздерді тауып, оларға анықтама береді.
Полихромдық стиль (хрополимдық истль)
Пеш көрік (шеп рөкік)
Тайпалық - одақтар (тапиалқы оқадрат)
|
|
Ортасы
|
2.Тапсырма Ал енді тақырыбымызды толықтыру үшін мақалдар берілген осы мақалдарды әр топ өздеріне берілген мақалдың мағынасын ашып түсіндіреді.
1 топ: «Темірді қызған кезде соқ»
«Темір сырын отта танытады»
2 топ: «Темірсіз адам, тұзсыз тағам болмайды»
«Ескі мата бөз болмас, Ескі темір біз болмас»
3 топ: «Тепсе темір үзердей»
«Көптің ауызы-темір талқы»
3. Тапсырма
1 топ Сәулетшілер – темірді балқытқан пеш – көрікпеннің суретін не макетін салады, темір өндіру әдісін түсіндіреді.
2 топ Кеншілер - темір металына сипаттама береді, басқа металдармен салыстырады (қасиеті, сапасы және т.б.), қазіргі кездегі Қазақстан кен орындарын атайды
3 топ Археологтар – темірден жасалған қару – жарақ, әшекей бұйымдарды сипаттайды, жасалу жолын түсіндіреді.
Тақтада 3 топқа берілген тапсырмаларға әр топ бірлесіп жауап береді, және оны қорғап түсіндіреді.
Осы берілген тапсырмалар арқылы бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
Ой қозғау: «Темір» дегенде ойымызға не келеді, көз алдымызға не елестейді? Әрқайсымыз жеке ойланып,
М Балалар қалай ойлайсыздар:
Ерте темір дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
Ерте темір дәуірінің қандай ерекшеліктері болды?
Көшпелі мал шаруашылығының қандай артықшылықтары бар?
Бекіту сұрақтары:
Балалар, қалай ойлайсындар темірдің қолданысқа ие болуына қандай себептер әсер етті?
Темірді қандай жолмен және қалай өндірген?
Қорытынды
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман
|
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |