№30 Көктөбе орта мектебі
Көркем әдебиет
пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Бурылбаева З.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Республикам менің.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздік алуы туралы әңгімелеу. Республиканың аты,
Елтаңбасы, Туы, Әнұраны жайлы түсініктерін тереңдету;
-
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың жеке жұмыс істеу қабілетін жетілдіру;
-
Тәрбиелік: Туған еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивтік тақта, буклет
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, жапсыру, бейнелеу, ән-күй.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) топқа бөлу
- Балалар, мен сендерді 2 топқа бөлгім келіп отыр.
1 топ – Балдәурен
2 топ – Балдырған
Психологиялық сәт.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
ІІ. Үй тапсырмасы:
а) Сұрақ-жауап:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
3. Күзгі жапырақтардың түсі қандай?
4. Күзгі жапырақтардың жазғы жапырақтардан айырмашылығы неде?
ә) «Сары жапырақтар» тақпақтар айту.
Тақпақтар.
-
Алтын – алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Мен мектепке барамын,
Алақай-ау күн жақын.
-
Алтын – сары, қызыл, көк.
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақша күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-
Күзде жауын. Бұлт. Тұман.
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны
-
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттен сары болуға,
Малынғандай атырап.
-
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таңшуақ,
Біздің өмір көңілді.
-
Өте жақсы балалар! Жарайсыңдар!
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәрбиеші: Әйнегі – күн, шатыры – аспан
Кең дала...
Төсі толқыған егін
Көлдері күміс шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
-
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің». Балалар сендер Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Топтастыру.
Еліміз
өзіміз
туған – туыс
әке-шешеміз бауырымыз
ауыл, қаламыз туған жеріміз
-
Өте жақсы, балалар! Жарайсыңдар!
Кіріспе әңгіме: Біздің Отанымыз Қазаұстан Республикасы. Біздің ұлтымыз қазақ. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен мақтанамыз. Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Еліміздің белгілері елдікке, бірлікке және достыққа шақырады. Қазақстан Республикасының егемендік алған күні 16-желтоқсан. Ел ордамыз Астана қаласы. Мынау Астана қаласының зәулім ғимараттары, фантандары, ескерткіштері, Бәйтерек.(слайдтар, Астана-Бәйтерек)
-
Балалар, кім Астана қаласына барды? Болмаса теледидардан көргендерің бар ма?
-
Астана қаласы несімен ұнады?
-
-
Поэзия минуты.
-
Олай болса балалар Отан, Астана туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
-
Әнұраным – жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
-
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
-
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Халықтаған жас тұлпар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
-
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
-
Отан сенің ата-анаң,
Отан досың, бауырың.
Отан өлкең, астанаң,
Отан аудан, ауылың.
-
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дана тұрғызды,
Ұлы дала өзіндей.
-
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
-
Отан ұлы атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан – ана, отан – пана,
Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
-
Елтаңбасы – елімнің,
Неткен айбат әдемі.
Тұнығындай көгілдір,
Ортада аспан әлемі.
10.Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
V. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
VІ. Шығармашылық жұмыс.
-
Олай болса балалар, шығармашылық жұмыс орындайық.
-
Топқа бөлу.
1 – Балдәурен тобына тудың бейнесін бояу,
2 топ – Балдырған тобына тудың бейнесін жапсыру.(уақыт беріледі)
VІІ. Мақал-мәтелдер.
Отан.
-
Отан – оттан да
-
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
-
Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас.
-
Отан үшін отқа түс күймейсің.
VІІІ. Қорытынды.
-
Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
-
Біз елімізді жақсы көреміз бе? Олай болса, осы елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
-
Елімізде тыныштық болсын!
-
Еліміз бай болсын!
-
Соғыс апаты болмасын!
-
Бейбітшілік болсын!
-
Нанымыз көп болсын!
-
Туымыз биік болсын!
-
Бәріміз тату болайық!
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма.
Сабақ жоспары.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе, мұғалім сөзі
ә) топтастыру
IV. Поэзия минуты
-
Сергіту сәті.
VІ. Шығармашылық жұмыс.
VІІ. Мақал – мәтел
VІІІ. Қорытынды
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |