Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы Пәні: Қазақстан тарихы



Дата14.04.2020
өлшемі222,66 Kb.
#62443
түріСабақ
Байланысты:
Видео 3 сабақ

Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі КММ

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 9

Пән мұғалімі: Ильясова Гүлзина


Сабақтың

тақырыбы:

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы

Сабақ негізделген

оқу мақсаттаpы

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру;

9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтау;Тәуелсіздіктің жариялануының тарихи маңызын түсіну; (білу, түсіну)

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Тәуелсідікке қол жеткізу үшін қандай қадамдардың жасалынғанын саралайды; Тәуелсіздік ке қол жеткізу жолындағы өткен тарихи оқиғаларды салыстырады. (қолдану)

Кейбір оқушылар істей алады: Қазақстанның тәуелсіздік жариялауының тарихи маңызына талдау жасайды; Н.Назарбаевтың көшбасшылық pөлін айқындайды; Егемендік туралы деклорация мен Тәуелсіздік туралы конституциялық заңның айырмашылығы мен ұқсастықтарын саралайды, баға береді;

(талдау, бағалау)



Бағалау критерийлері

- Тәуелсіздіктке жету жолындағы алғашқы қадамдарды біледі;

-Өткен тарихи оқиғалармен сабақтастықты анықтайды;

-Тәуелсіздіктің жариялануының тарихи маңыздылығын саралайды;

- Егемендік туралы деклорация мен Тәуелсіздік туралы конституциялық заңның айырмашылығы мен ұқсастықтарын саралайды, баға береді;


Алдыңғы білімді қорытындылау


Кенесары бастаған ұлт азаттық көтеріліс

ҰҚСАСТЫҒЫ

1986ж.желтоқсан оқиғасы

1. Ешбір ұлтқа артықшылық берілмеу.

2. Отаршылар енгізген алым-салықты жою.

3. Орталықтан мемлекеттік билікке қазақ ұлты өкілін тағайындауды талап ету.

4. Патша үкіметі тартып алған жерлерде қазақтарға қайтарып алу

5. Ресей империясының отарлау саясатына берілмеу.

6. Екі көтеріліс те тәуелсіздік жолындағы күрес.

7. Мәскеудегі орталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету.

8. Екі көтеріліс те аяусыз жазаланды.

9. Сипаты жағынан стихиялы емес, орталықтанған көтеріліс болды.

Мына суреттер қандай оқиғаға байланысты болуы мүмкін?

Мына суреттер қандай оқиғаға байланысты болуы мүмкін?

  • Қазақстан Республикасының Президентін сайлау
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы
  • Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы

Берілген оқиғаларды уақытымен сәйкестендір.

«Беловеж» келісімі қабылданды 1991ж.16 желтоқсан

Бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев 1991ж.8 желтоқсан

Қазақстан президенті болып сайланды.

Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан 1991ж. 1 желтоқсан

Республикасы деп өзгертілді.

«Қазақстан Республикасының 1991ж. 10 желтоқсан

мемлекеттік тәуелсіздікгі туралы»

Конституциялық Заң қабылданды

Дескитолар:

-Тарихи оқиғаларды хронологиясымен сәйкестендіре алады

Тарихи құжаттарда берілген ақпаратқа салыстырмалы талдау жаса.


Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы

1990ж.25 қазан

Ұқсастықтары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заңы

1991ж.16 желтоқсан









1. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылған.

2. Қазақ КСР-і – егеменді мемлекет, оның басқа республикамен Егеменді Республикалар Одағына енетіні мәлімделген.

3. Қазіргі шегарасындағы Қазақ КСР-інің территориясының бөлінбейтіні және қол сұғылмайтыны, оның келісімінсіз пайдалануға болмайтыны айтылған.

4. Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылатыны көрсетілген.

5. Екі тарихи құжат та Қазақстанның мемлекеттілігіне қатысты айтылған.

6. Екі тарихи құжат та декларация.

7. Екі тарихи құжатта да Қазақстан территориясының бөлінбейтіні айтылған



Дескрипторлары:

1. Кем дегенде 2 айырмашылықты дұрыс айқындай алады.



2. Кем дегенде 2 ұқсастықты дұрыс айқындай алады.


Үйге тапсырма

  • 1. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұлт көшбасшысы ретінде еліміздің тарихында қалдырған ізі туралы тарихи эссе жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет