Информатика үйірмесі : мұғалім Есеркепова Толқын Шолпанқұлқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға программалық қамтамасыз ету жайында нақты мағлұматтар беру, оның даму үрдісі туралы баяндау, программалық қамтамасыз ету түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру, сөйлеу қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер жабдықталуы туралы ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Операциялық жүйелер жайында білімін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес ойын элементтерін қолдану
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекі-демонстрациялық әдіс, ойын әдісі.
Көркекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеррактивті тақта, компьютер, слайдтар,асықтар ,дорба қазақша ою-өрнектермен
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру;
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3) Сабаққа даярлығын тексеру
ІІ.Үй жұмысын сұрау:
Мына дорбаға түрлі –түсті ,нөмерленген асықтар салынады
Әр асық 10 ұпай
№1 асықтың сұрағы -Компьютер қандай құрылғы?
№2 асықтың сұрағы -Компьютер сөзі қалай шыққан?
№3 асықтың сұрағы – Ақпарат дегеніміз не?
№4 асықтың сұрағы- Ақпараттың түрлері?
№5 асықтың сұрағы- Ақпаратты алу жолдары?
№6 асықтың сұрағы-Ақпараттық үрдістер ?
№7 асықтың сұрағы-Ақпаратты өңдеу құрылғысы?
Достарыңызбен бөлісу: |