Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары
|
Мектеп: ФМБ НЗМ Астана
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
|
Бағалау критерийлері
|
Дағдылар:
Білу және түсіну, қолдану
Оқушы мақсатқа жетті, егер:
- әртүрлі концентациядағы азот қышқылының белсенділігі әртүрлі металдармен қалай әрекеттесетіндігін түсінеді;
- сәйкес реакция теңдеулерін құрады;
- нитраттардың ыдырау ерекшеліктерін түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: металдармен реакциясы кезінде азот қышқылының спецификалық қасиеттерін ауызша және жазбаша түрде сипаттай алады.
Пәндік сөздік және терминология
Концентрлі азот қышқылы, сұйылтылған азот қышқылы, белсенді металдар, орташа белсенді металдар, белсенді емес металдар, нитраттар, нитраттардың термиялық ыдырауы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Белсенділігі әртүрлі металдар концентрленген азот қышқылымен... әрекеттеседі
Белсенділігі әртүрлі металдар сұйытылған азот қышқылымен... әрекеттеседі
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология, экология, физика
|
Бастапқы білім
|
Химиялық реакциялар мысалдары (9.1C)
Қарапайым химиялық реакциялар (7.2 А)
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0 – 5 мин
|
Амандасу
Үй жұмысын тексеру.
Сабақ тақырыбымен, барысымен және бағалау критерийлерімен таныстыру
Терминдер сөздігі
Казахский язык
|
Русский язык
|
Английский язык
|
Азот қышқылы
|
Азотная кислота
|
Nitric acid
|
Сұйытылған
|
Разбавленный
|
Dilute
|
Концентрлі
|
Концентрированный
|
Concentrated
|
Бейсенді металдар
|
Активные металлы
|
Active metals
|
Орташа бейсенді металдар
|
Металлы средней активности
|
Metals of average activity
|
Бейсенсіз металдар
|
Неактивные металлы
|
Not active metals
|
Нитраттар
|
Нитраты
|
Nitrates
|
Термиялық ыдырау
|
Термическое разложение
|
Thermal decomposition
|
|
Презентация PowerPoint
(Слайд №1-4)
|
Сабақтың ортасы
5 – 9 мин
9 – 15 мин
15 – 22 мин
22 – 25 мин
25 – 32 мин
32 – 36 мин
|
Мұғалім оқушыларға ағылшын тіліндегі бейнебаянды көрсетеді. Олар оны талқылап, сұрақтарға жауап береді (слайд №5):
Бейнебаянда болған тәжірибелерді атап шығыңыз.
Әр реакцияда не байқалды?
Осы байқаулардағы айырмашылықтар немен байланысты? Барлық нұсқаларды ұсыныңыздар.
Оқушылар байқаған өзгерістерді металл белсенділігі мен азот қышқылының концентрациясымен байланыстыру қажет.
Мұғалім әртүрлі концентрациядағы азот қышқылының белсенділігі әртүрлі металдарымен реакциялары жайлы айтады.
Оқушылар қысқаша конспект жазады.
Жұппен жұмыс. Оқушылар реакция теңдеулерін жазады және дұрыс жауаптармен (Слайд №9) тексеріп, өздерін бағалайды.
Мұғалім нитраттардың термиялық ыдырау реакциялары жайлы айтады. Оқушылар қысқаша конспект жазады.
Жұппен жұмыс. Оқушылар реакция теңдеулерін жазады (слайд №11) және дұрыс жауаптармен (Слайд №12) тексеріп, өздерін бағалайды.
Мұғалім өте концентрлі ерітінділердің өзі асыл металдарды еріте алмайтындығы жайлы айтады. Тек азот қышқылы мен тұз қышқылының V(HNO3) : V(HCl) = 1 : 3 қатынасындағы қоспасы асыл металдарды ерітеді.
Мұғалім оқушыларға бейнебаян көрсетеді.
|
Бейнебаян
«Азот қышқылының химиялық қасиеттері»,
Презентация PowerPoint (Слайд №4-5)
Презентация PowerPoint (Слайды №6-7)
Формативное оценивание
(Слайды №7-8)
Презентация PowerPoint (Слайд №10)
Формативное оценивание (Слайды №11-12)
Бейнебаян
«Патша сұйықтығы деген не?», Презентация PowerPoint (Слайд №13),
|
Сабақтың соңы
36 – 40 мин
|
Рефлексия.
Үй жұмысы
1) Концентациясы әртүрлі азот қышқылы мен белсенділігі әртүрлі металдар арасындағы реакция теңдеулеріне 2 мысал келтіріңіздер.
2) Белсенділігі әртүрлі металл нитраттарының термиялық ыдырау теңдеулеріне 2 мысал келтіріңіздер.
|
Презентация PowerPoint
|