Сабақтың тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы



Дата22.12.2023
өлшемі468,4 Kb.
#198659
түріСабақ
Байланысты:
Бүкіләлемдік тартылыс заңы 9 сынып
Кесте

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.6-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану



Сабақтың мақсаты:

-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдайды және оны есептер шығаруда қолданады





Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут





Өткенге шолу
5 минут


Жаңа сабаққа дайындық
3-4 минут



Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Топқа бөлу
«Физикалық диктант» әдісі бойынша
(қосымша 1)


«Кинометафора» әдісі
Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында бейнеролик көрсету.
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау



Сынып оқушылары стикерлер түстері арқылы 3 топқа бөлінеді.


Оқушылар үй тапсырма-сы бойынша физикалық диктантты орындайды.


Оқушылар бейнероликті көреді, өз ойларын айтады, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.



Бағалау парақтарын таратып беру


ҚБ: дайын жауап үлгісі арқылы

ҚБ: депозит әдісі арқылы



стикерлер


9 сыныпқа арналған оқулық, презентация



Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ


Топтық жұмыс


12 минут
Жұптық жұмыс
5-6 минут
Жеке жұмыс
12 минут




«Кіші жоба қорғау» әдісі

1-топ. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
2-топ. Гравитациялық тұрақты
3-топ. Инертті масса және гравитациялық масса
«Бірге ойлаймыз» әдісі

1-жұп.Жалғасын тап (қосымша 1)
2-жұп.Дұрыс, дұрыс емес тұжырым
3-жұп.Есеп шығару үлгісімен таныстыру

«Ойлан тап» әдісі (құрылымдық тапсырма)
(қосымша 2)





Оқушылар топ ішінде талқылау жасайды. Бүкіләлемдік тартылыс заңының анықтамасы, формуласы, гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы, гравитациялық өзара әсердің негізге сипаттамалары туралы айтады. Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.
Тапсырманы өзара жұптаса отырып бір- бірінің көмегі арқылы орындайды.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.


ҚБ: «Аукцион» әдісі арқылы.
Аукционға әр топтың жұмыстары қойылады. Әр топ өзіне ұнаған жұмысты сатып алады.


ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды
3 балл

ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау
7 балл





Постерлер, маркерлер

Тапсырма бар парақша
Тапсырма бар парақша



Сабақтың соңы


3 минут




Рефлексия. 1 минуттық эссе

Бағалау. 1-10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу

Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 2,3-тапсырма



Оқушылар бүгінгі сабаққа жазбаша кері байланыс береді.



1-10 балл








Өткенге шолу. Физикалық диктант
(қосымша3)

Денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі ........................... деп аталады. Динамиканың негізгі заңдарын ........ ......................... ......................... ............................. ............................ тұжырымдаған. Ньютонның І заңы инерциялық санақ жүйесі деп аталатын ................................. ............................ енгізуге мүмкіндік береді.


Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі .......................................... ........................... ...................... ретінде алынады. Ньтонның бірінші заңы былай тұжырымдалады: Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене...................................... .................................... .................................., не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын.................................... .
Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші..................... .................... , ал ............................ ......................... пропорционал. Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші ............. бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша ................ және бағыттары ..................... ...................... . Бұл Ньютонның үшінші заңы. Ғалымның тұжырымдаған үш заңы айналамызда болып жатқан алуан түрлі ................................................ ......................... үшін бірдей.


Жұптық жұмыс. «Бірге ойлаймыз» әдісі
(қосымша 1)


1-жұп. Жалғасын тап...

1.Бүкіләлемдік тартылыс күштері деп –


2.Бүкіләлемдік тартылыс заңын өрнектейтін формула –


3.Электр зарядтары біріне-бірі тартылуы және тебілуі мүмкін. Ал денелердің арасында гравитациялық тебілу күштері бар ма?


4.Бүкіләлемдік тартылыс тұрақтысы неге тең?


5.Бүкіләлемдік тартылыс тұрақтысын қалай анықтаған?
2-жұп. Дұрыс, дұрыс емес тұжырым



Дұрыс тұжырым



Дұрыс емес тұжырым























3-жұп. Есеп шығару


1. Массасы 8 т-ға тең ғарышкеме, массасы 20 т орбиталық ғарыш станциясына 100 м қашықтыққа дейін жақындап келді. Өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.

Жеке жұмыс. «Ойлан тап» (құрылымдық тапсырма)
(қосымша 1)
1.Төмендегі тұжырымдардың шындық немесе жалған екенін анықтаңдар.




Тұжырымдар



Шын

Жалған

1

Гравитациялық тұрақтының сан мәнін Генри Кавендиш
анықтады.

+




2

Шексіз әлем кеңістігінде де, Жерде де кез келген
денелердің арасында әрекет ететін өзара тартылыс күші –
бүкіләлемдік тартылыс күші деп аталады.

+




3

Тартылыс күші денелердің арақашықтығының квадратына тура
пропорционал.






+

4

Гравитациялық күштер тек өте жақын арақашықтықтарда әсер
етеді.






+


2-тапсырма
Жер мен Ай. Бұл екі дененің арасында тартылыс күші бар. Жер Айдан бірнеше есе ауыр. Ай Жерді айналып жүреді. Сондықтан Ай Жерді айналып жүреді. Сондықтан Айды шеңбер бойымен жүргізуші – центрге тартушы күш – ол бүкіләлемдік тарту күші. Сол сияқты Ай да Жерге қарама-қарсы күшпен әсер етеді - оны сыртқа тартады. Айдың массасы шамамен 7*1022 кг, ал Жердің массасы 6*1024 кг, Ай мен Жердің арақашықтығы 3,84*106 м-ге тең.

А) Жердегі теңіздер мен мұхиттардың тасуы мен қайтуын қандай күштер туғызады?


Б) Айда массасы 1 кг денеге 1,62 Н-ға тең ауырлық күші әсер етеді. Айдағы еркін түсу үдеуі неге тең?
В) Бір заттан жасалған үш шардың қайсы екеуінің арасындағы тартылыс күші көбірек болады?

10 кг

5 кг


2 кг



Г) Ай мен Жердің арасындағы тартылыс күшін есептеңіздер. Айдың массасы 7*1022 кг, ал Жердің массасы 6*1024 кг, Ай мен Жердің арақашықтығы 3,84*106 м-ге тең деп алыңыздар.

Дескриптор:
-Ай мен Жердің арасындағы тартылыс күшін есептейді.
-Айдағы еркін түсу үдеуін анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет