Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
4A бөлім: Тағам және сусын
Күні:4 ТОҚСАН
Сынып: 1
|
Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дәмді әрі пайдалы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
|
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Дәмді әрі пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажырату. Тағамдардың қайдан келетінін анықтау.
|
|
Бағалау критерийлері:
|
Тұтыну заттарын қайдан келетінін анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дәмді, пайдалы, тағамдар, тағам түрлері, зиянды, тауар, ас әзірлеу, рецепт,т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады
|
Құндылықтарды дарыту
|
Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді
|
Пәнаралық байланыстар
|
Жаратылыстану, қазақ тілі пәндерімен байланысты
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған. Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті боламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
«Артығын тап» ойыны
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қызығушылықтарын арттыру.
Тапсырма:Әр қатардағы артық сөзді анықтаңдар.
Қоян, түлкі, аю , ет, қасқыр.
Қарлығаш, сүт, тырна, торғай, аққу..
Сиыр, қой, нан, жылқы, түйе.
Сазан, май, шортан, итбалық, дельфин.
-Балалар, қай сөздер артық болып шықты?
-Оларды бір сөзбен не дейміз?
-Бүгінгі сабақта не жайлы сөйлесеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бағалау критерийлерін анықтау.
|
Презентация
Үлгі сөздер карточкалар
|
Сабақтың ортасы
7 минут
8 минут
6 минут
5 минут
6 мин
|
(МК) Карлсоннан хат:
«Сәлем, достар!!!»
Өз хатымды мен ауруханадан жолдап отырмын. Денсаулығым нашарлап, күнде ішім ауырады.Дәрігер мұның бәрі де дұрыс тамақтанбағандықтан деп отыр. Маған көмектесіңдерші.
Достарың Карлсон.
– Балалар, Карлсонға көмектесеміз бе?
– Қандай тағамдарды жеуді ұсынамыз?
– Қазір дүкеннен дәмді әрі пайдалы тағамдарды таңдайық.
(Ұ/Ж) «Азық-түлік дүкені» ойыны
/Әр топтан 1 оқушы дүкенге барып, тағамдарды таңдайды/
- Қандай азық-түлікті сатып алдыңдар?
-Олардың қайсысы пайдалы?
- Осылардың ішінен ең пайдалы деген тағамдарды таңдап алыңдар.
/Оқушылар топта ақылдаса отырып, өз пікірлерімен бөліседі/
(Т/Ұ) Тамақтану пирамидасы
Мұғалім тамақтану пирамидасын әр топқа таратады
-Балалар, мына пирамидаға назар аударыңдар.
-Бұл пирамида неше бөліктен тұрады?
-Пирамиданың қай бөлігі ең маңызды деп ойлайсыңдар?
-Неліктен?
Оқушылар пирамиданың ең төменгі сатысындағы тағамдарды айтады, талқылайды,бұл ең пайдалы тағамдар екені түсінеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |