Сабақтың тақырыбы: Күкірттің қосылыстары. Күкіртсутек



Дата22.08.2017
өлшемі107,53 Kb.
#24364
түріСабақ
Пәні_Химия_______ Сыныбы 9____Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Күкірттің қосылыстары. Күкіртсутек.

Білімділік: Оқушыларға күкірттің химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны, оның физикалық және химиялық қасиеттері, маңызды оттекті қосылыстары, күкірсутек, туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: күкірт оксидтері, күкіртсутек, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу , электрондық формула құрастыру, атом құрылысын, қосылыстарының қолданылуы, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау , диологтік оқыту, ақпараттық коммуникациялық технология, оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балалармен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік, топтық жұмыс, ойын.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің кестесі, кестелер, слайд-шоу, постер, смайликтер, оқулықтар, маркерлер, үлестірме-қағаздар, қосымша мәліметтер.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.Оқушыларды психалогиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу.

Шаттық шеңбері. Ол үшін барлық оқушы дөңгеленіп тұрады да бір екіге саналады. Біріншілер ортада қалады, екіншілер сыртқы шеңберде қалады. Содан соң бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Топқа бөлу. Бірлескен топпен жұмыс істеуге дағдыландыру; 
- топпен жұмыс кезінде оқушылар арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту, ойын еркін жеткізуге үйрету, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
Оқушылардың қаламсаптарын жинап алып топтарға бөлемін.

II.Үй тапсырмасы: Тұсаукесер “Қызығушылықты ояту.”

  1. Кезең.

1-“Көп” сөзінің антониміне тілсіз жауды тіркесең, көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналамын. (Азот)

  1. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен)

3.    Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

2-Кезең. Ыстық орындық.(Екі топқа 5 сұрақтан оқылады.)

үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Периодта бейметалл элемент атомының ядро заряды ?(Біртіндеп өседі)

2.Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті неге байланысты?(Электртерістіліктің сан мәндеріне)

3.IV топтың негізгі топша элементтерін ата? (оттек, күкірт, селен,теллур.полоний)

4.Азот топшасындағы бейметалдардың сыртқы қабатында қанша электрон бар? (5электрон)

5.Бейметалл атомдарының сыртқы деңгейінің электорн саны? (3-тен көбірек, 4-8 электрон)

6.Ауаның құрамындағы азоттың мөлшері? (78)

7.Табиғаттың ең қымбат қазынасы? (су)

8. H2, O2, N2 газдарының кристалдық торлары?( Молекулалық)

9. Көміртек пен кремний кристалдық торы? (Атомдық)

10.Кремний жер қыртысында таралуы жағынан нешінші орын алады?(2)

III.Мағынаны ашу. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.

I.Күкірт атомының құрылысы:

Периодтық жүйеде орны ІІ период,VІА


Атом құрамы 16р,16п,16ē
Атом құрылысы 2 ē 8 ē 6 ē
типтік бейметалл , тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш

Күкірт атомындағы электрондардың орналасуы.

+16 S )2e)8e)6e

Күкірт атомының электрондық формуласы

1s22s22p63s23p4

II.Табиғатта кездесуі. Күкірт бірнеше мыңдаған жылдар бойы адам пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Ол табиғатта бос күйінде және қосылыс түрінде кездеседі. Құрамында күкірті бар минералдың бірі- сульфиді минералдар, мысалы, қорғасын жылтыры PbS, мыс жылтыры Cu2S, күміс жылтыры Ag2S, мырыш алдамышы ZnS, пирит FeS немесе темір колчеданы және халькопирит CuFe2S , екіншісінен- сульфатты минералдар деп атауға да болады. Олар гипс CaSO4*2H2O, барит BaSO4, мирабилит Na2SO4*10H2O, кизерит MgSO4*H2O, каинит KCl*MgSO4*3H2O. Күкірт қосылыстары таскөмір мен мұнай құрамындада болады. Құрамында күкірті бар кен орындары Қазақстанның Орталық Оңтүстік және Шығыс аудандарында көптеп кездеседі. Атырау, Ақтау, Ақтөбе жерінде өндірілетін мұнай мен газдың құрамында күкіртті қосылыстар мол болады.

III.Физикалық қасиеттері Күкірттің бірнеше аллотропиялық түрөзгерісі бар. Олар кристалдық түрдегі ромбты және моноклинді күкірт, аморфты, иілімді күкірт деп аталады. Кәдімгі температурада ромбты күкірт тұрақты болғандықтан, табиғатта көбінесе осы түрі кездеседі. Ол иіссіз, суда ерімейтін сары түсті, морт сынатын кристалл. Күкірт атомындағы жұптаспаған екі электрон есебінен күкірт атомы бір-бірімен байланысып, ашық тізбекті S2,S6 молекулаларын түзе алады. S8 тізбегі тәжге ұқсас тұйықталған жабық циклді ромбты пішінде болады. Ол 119 0С-та балқиды да сары қоңыр түсті сұйықтыққа айналады. Одан әрі қыздырғанда молекуладағы атомдар саны азая бастайды да ашық тізбекке айналады.

S8→S6→S4→S2

Күкірт кәдімгі иірімді түрөзгеріске көшеді. Күкірт күкіртті көміртекте СS2 оңай ериді, кейбір органикалық еріткіштерде аздап ериді.

IV.Химиялық қасиеттері Күкірт химиялық реакция кезінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Енді күкірттің оттекпен әрекеттесуін тотығу тотықсыздану тұрғысынан қарастырайық.

1.Күкірт оттекте көгілдір жалын түзе жанып, күкірт диоксидін SО2 түзеді.

S0 + O20 = S+4O2-2

тотықсыздандырғыш S0 -4e = S+4 4 1 тотығады

тотықтырғыш O02 + 2*2e = 2O -2 4 1 тотықсызданады

Мұнда күкірт тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.

2. Күкірт металдармен жоғары температурада әрекеттесіп, сульфидтер түзеді.

Қайнап жатқан күкірт буында металдық мыс жинап , мыс (II) сульфидіне айналады.

S0 + Cu0 = Cu2+S2-

3.Күкірт сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Нәтижесінде күкіртсутек түзеді.

S0 + H02 = H2 S -2



S0 + 2e- = S-2 2 1 ттш тотықсызданады

H20 – 2 *1 e- = 2H+ 2 1 тсш тотығады



V.Табиғатта кездесуі. Күкіртсутек органикалық заттар шіріген жерлердің бәрінде пайда болады. Күкіртсутек табиғаттағы күкіртті арасан суларында, жанартау атқылағанда түзілетін газдар құрамында кездеседі. Табиғи сульфидтер түсті және сирек кездесетін металл кендерінің негізін құрайды. Қазақстан жерінде ондай кен орындары көп кездеседі.

VI.Күкіртсутекті алу.Лабораторияда күкіртсутекті темір(II) сульфидін хлорсутек қышқылымен өңдеу арқылы алады.

FeS + 2HCl = Fe Cl2 + H2S ↑

Сульфидтердің көпшілігі суда ерімейді. Суда еритін сульфидтер сілтілік металл тұздары Na2S, K2S .Күкіртсутек қышқылы мен оның тұздарына қорғасын (II) нитраты анықтағыш реактив болады.

Екі сынауыққа аздап күкіртсутек қышқылының H2S және натрий сульфидінің Na2S ертіндісін қосып, үстіне 1-2 тамшы қорғасын (II) нитратын құйса, қорғасын (II) сульфидінің PbS қара түсті тұнбасы түзіледі.

H2S + Pb(NO3)2 = 2 HNO3+PbS↓

Na2S + Pb(NO3)2 = 2 NaNO3 + PbS↓

S-2 + Pb 2+ = PbS↓

Қорғасын сульфиді суда да , күшті қышқылда да ерімейді.



VII.Күкірт және оның қосылыстарының қолданылуы.Күкірт көп жерлерде қолданылады.Аңшы мылтығының оқ-дәрісін жасауда, көксағызды вулканизациялауға, резеңке, сіріңке, бояу өндірісінде, ауылшаруашылық зиянкестермен күресуде қолданылады.Медицинада күкірт тері ауруларын емдеу үшін пайдаланылады.Өнеркәсіпте өндірілетін күкірттің жартысы күкірт қышқылын H2SO4 алуға жұмсалады.Сары күкірт ұнтағы өсімдік зиянкестерімен күресу үшін пайдаланылады.

Күкіртсутектің емдік қасиеті де бар.Кейбір күкіртсутекті арасан суларымен ревматизм сырқатын емдейді.Сульфидтердің көпшілігі ашық түсті болуына байланысты түрлі түсті бояулар алу үшін қажет.Мысалы, сынап, (II) сульфиді HgS ашық қызыл түс, кадмий сульфиді CdS ашық сары түс береді.Тері илеуге натрий сульфиді пайдаланылады.



IV. Қорытынды .Ой толғау.Жаңа сабақты бекіту.

Венн  диаграммасы

SO2 SO3
Өзіне тән иісі бар,түссіз газ,суда жақсы ериді.

Кәдімгі жағдайда ұшқыш, түссіз сұйықтық, ауада түтінденеді,суда жақсы ериді.

Өзгерісті  жүзеге асыру
1)S →SO2→SO3→H2SO4 2)S→H2S→S→FeS

1)S+O2=SO2 1)S+H2=H2S

2)2SO2+O2=2SO3 2)2H2S+SO2=3S+2H2O

3)SO3+H2O= H2SO4 3)S+Fe=FeS



Ойлан, тап!

1.Күкірт қышқылындағы күкірттің массалық үлесі қанша екенін тап.

Бер.

Mr(H2SO4)= 98г W=32/98*100%=32,65%



2.Қай қосылыстарда күкірт -2,+4,+6 тотығу дәрежесін көрсетеді?

H2S-2, K2S-2, S+4O4, S+6O3,SO2,PbS,H2SO4,HgS.



Қосымша мәліметтер.Қышқыл жаңбырлар.

Күкірт диоксиді табиғатта вулкандар атқылағанда пайда болады, бірақ қазба жанармайлардың жануы нәтижесінде де атмосфераға көп мөлшерде бөлініп әлемнің индустриальды аймақтарында шоғырланады

Ол атмосфералық су буында еріп, күкіртті және күкіртқышқылдары радикалдар қатысында біртіндеп түзіледі SO2 +O2 +OН- → SO3 + HO˚2 → H2 SO4

Қышқыл жаңбырлардың әсерінің бірі –ағаштардың өлуі, ал олардың табиғи суларға түсуі нәтижесінде балықтар өледі. Бұл өз кезегінде балықпен қоректенетін басқа жануарлардың түрлеріне де әсерін тигізеді. Қышқыл жаңбырлар әртүрлі құрылыстарды бұзып оларды коррозияға ұшыратып, қайтымсыз жағымсыз бұзылыстарға әкеліп соқтырады.

Қоршаған ортаның қышқыл жаңбырлармен ластанбауы үшін қышқыл түзгіш газдардың атмосфераға түсуін болдырмау керек. Өндірістік газ қалдықтарын тазартуды қалдық газдарды жуу арқылы жүзеге асыруға болады/химиялық/, бірақ бұл әдіс қымбат болып табылады. Ад жаңа әдістер, биологиялық /бактериалды бақылау/ әлі талқылану үстінде.



V. Бағалау. Борттық журнал
Нені түсіндім Нені түсінбедім
Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.

VI.Үй тапсырмасы: Күкірттің қосылыстары, күкіртсутек тақырыбын оқып, есептер жинағынан есептер шығару,ғаламтордан қосымша мәліметтер қарау.
Каталог: uploads -> doc -> 0fa9
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa9 -> А. С. Пушкин. Сабақтың мақсаты
0fa9 -> Оқушылардың ғылыми – зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды жоспарлау
0fa9 -> Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу щарты. Мақсаты: Циклдің ілесу шарты қолданылатын операторлардың жазылу
0fa9 -> Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар Сабақтың мақсаты
0fa9 -> Сабақ №33 Сынып: Қатысқаны Қатыспағандар 6
0fa9 -> Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат Білім беру саласы
0fa9 -> Сабақ Тақырыбы: «Хайуанаттар бағы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет