Сабақты сынып пен мектепті қалай қандай да мерекеге орай безендіруге болатынын қарастырудан бастаймыз.
Паспарту дегеніміз не екенін, паспартудың түсін суретке дұрыс таңдауды қысқаша айтып өтемін.
№1 жұмыс дәптерінің 18-19 беттеріндегі тапсырмаларды талқылаймыз. Тұрғын жайларды безендірудің жолы-плакат жасау. Плакатты қалай жасауға болатынын, балаларға түрлі тәсілмен орындалған бірнеше қызықты жұмыстарды көрсетемін.
Балалардан суреттегі бейнелер қандай жолмен жасалғанын айта ала ма екенін сұраймын
Оқушыларға ватман ақ қағаздарды таратамын
Практикалық жұмыс (ұжымдық жұмыс, 25 минут): Құттықтау плакатын жасау және оны безендіріп шығу.
Бұл тапсырманы орындамас бұрын алдын-ала сұрақтарды талқылаймыз:
Түйін сәттері:
Қандай түстерді фонға таңдауға, қандай түспен заттарды бейнелеуге болады?
Практикалық жұмыс барысында оқушыларды бақылап отыру қажет. Жұмысты ұқыпты жұмыс істеу қажеттігін ескертіп отыру керек.
Дескриптор:
заттарды үйлесімді сәйкестендірген;
плакат ұқыпты жасалған;
жұмысы аяқталған.
|