Сынып:
|
5 «б»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Менің ауылым. Нәтиже сабақ.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Өз елін жерін, елін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Септіктерді, тәуелдеуді тапсырмалар орындау барысында пысықтап,еске түсіру.
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту, топпен бірлесе жұмыс жасау, пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Оқушылардың меңгерген сөздерін қолдануына, тақырып бойынша ойын жеткізуіне,сөйлемдерді дұрыс құрауына, модуль бойынша білімдерін жүйелеп, қорытындылауына жағдай туғызу.
Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.Уақытты үнемдеуге, қадірлеуге шақыру.
|
Оқытудың нәтижесі:
|
Оқушылар сабақтан соң:
Өз елін, жерін, елін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге талпыныс жасайды.
Септіктерді, тәуелдеуді тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі.
Сыни ойлау дағдысы жетіледі.
Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.
Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді.
Күнделікті қолданысқа қажетті сөйлеу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың жан-жақты ойлау, іздену, жүйелі сөйлеу, өз ойларын еркін жеткізе алу дағдылары қалыптасады.
|
Түйінді идея:
|
Ауыл, ауылдағы табиғат, демалыс тақырыптары бойынша білімдерін нәтижелеп, өзі де жоспарлы әрекет ету керектігі туралы ойланады. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады. Алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады.
|
Дереккөздер:
|
Плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер, интерактивті тақта
|
Сабақтың әдісі:
|
Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікір алмасу, ізденіс, сөйлесім, Блум таксономиясы.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
3 мин.
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
|
Оқушылар көңіл- күйлерін смайликтер арқылы білдіреді, бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтереді.
|
Топқа бөлу
|
2 мин.
|
"Ауыл" сөзін тәуелдеу арқылы топқа бөлу.
|
"Ауыл" сөзін тәуелдеу арқылы топқа бөлінеді
|
Топтық ереже
|
2 мин.
|
Тақтаға плакат ілемін.
|
Оқушылар сол плакатқа топта сақтау қажет ережелерді тақтаға шығып жазады.
|
Үй тапсырмасы
|
3 мин.
|
"Менің ауылым" әңгіме жазу.
|
Оқушылар оқып береді.
|
Рефлексия
|
5 мин
|
Слайд тамашалау
"Менің ауылым" сөз тіркесіне кластер жасау.
|
Оқушылар слайд тамашалайды, кластер жасайды
|
Білу
|
5 мин.
|
«Ауылым» деген мәтінмен танысу. Топта аудару. (5мин)
|
Оқушылар алдымен жаңа сөздермен танысады, қайталайды. Сөз тіркестерін құрастырады.
«Ауылым» деген мәтінмен танысады.
|
Түсіну
|
5 мин.
|
Енді мәтінді жауып қоямыз. Топтарға сөйлемдер жазылған қиындылар беріледі.
Осы сөйлемдерді, ретімен орналастыруға тырысыңдар, яғни оқыған мәтінімізді қайта құрап көрейік.(3мин)
Тексеру: тақтаға бастапқы нұсқасын шығарып қоямыз.
Мына сұрақтарды қолдана отырып сөйлесім дайындаңдар:
-Ауыл қалай аталады?
-Ол қайда орналасқан?
-Онда кімдер тұрады?
-Олардың нелері бар?
-Ауылда кімге көмектеседі?
-Ауылда қалай демалады?
|
Оқушылар мәтінді жауып қойып, қиындыларды құрастырады. Сөйлемдерді рет-ретімен орналастыруға тырысады. Құрастырған мәтінін бастапқы нұсқасымен тексереді.
Сұрақтарды қолдана отырып сөйлесім дайындайды.
|
Қолдану
|
8 мин
|
Осы мәтін бойынша постерлерді әсемдеу. (сурет не тірек сызба түрінде)
Топтар жұмысты орындайды, қорғайды.
|
а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды.
б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин.
|
"Туған жер" әнін айту
|
Оқушылар ән айтады.
|
Талдау
|
3 мин.
|
Топтар бір-бірінің флипчарттарын ауыстырып алады. Осы жерден ауылға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін жазу керек.
Жаңа сөздерді табу.
|
флипчарттарын ауыстырып алады, сөздер мен сөз тіркестерін жазады, жаңа сөздерді табады.
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
Екі топқа тапсырма беру.
Үлкен азамат болдың. Бизнесменсің. Ауылыңды көркейткің келеді? Сенің қолыңнан келер көмегің.
|
Оқушылар топта талқылайды. Өздерінің ұсыныстарын айтып береді.
|
Бағалау
|
3 мин.
|
Бүгінгі айтылған нәрселеріміз, оқыған мәліметімізбен келісесіңдер ме?
Егер келіссеңдер жасыл түсті, келіспесеңдер қызыл түсті, білмеймін десеңдер сары түсті қағазды көтеріңдер.
Бүгінгі сабақта кімнің идеясы ұнады? Кім жақсы жауап берді?
Бағалау парағының қорытындысымен бағалау.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин.
|
Қайталау.
|
Күнделікке жазып алады.
|
Барлығы:
|
45 мин.
|
|
|