Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Рудный қаласының білім бөлімі
«№15 орта мектебі» ММ
«Интерактивті құрылғыларды пайдаланатын
ең үздік пән мұғалімі» сайысы.
Номинация: интерактивті құрылғыны пайдаланатын ең үздік физика пәнінң мұғалімі.
Оқу пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: «Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы»
Сынып: 10 «А»
Мұғалімі: Жапарова Гүлнар Аманжолқызы
Қызметі: физика пәнінің мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Сабақ-конференция
«Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы»
(физика, 10 сынып)
«Басқаларға қалай екенін білмеймін,
ал өзіме жақсы тас тауып алған,
теңіз жағалауында ойнап жүрген
бала болып көрінемін. Көз алдымда
білмейтін нәрселердің мұхиты тұр»
Исаак Ньютон
Сабақтың тақырыбы: Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Ньютон заңдары» тақырыбы бойынша оқу материалын қайталау және жүйелендіруді қамтамасыз ету, практикадық және сапалық есептерді шығару кезінде Ньютон заңдарының қолданыс дағдыларын қалыптастыру, GLX Xplorer физикалық құрал-жабдықтармен жұмысты жетілдіру;
Дамытушылық: әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, өтілген материалды жалпылау мен анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұжымдық қатынас пен өзара бірлесе отырып жұмыс істеуге баулу, оқушылармен бейіналды жұмыс жүргізу.
Сыныбы: 10
Сабақ типі конференция
Сабақты өткізу әдістері: салыстыру, бақылау, талдау, зерттеу тәжірибесі
Қолданылатын технологиялар: жоба технологиясы, рольдік ойын
Қолданылатын құралдар:
GLX Xplorer құрылғысы, Pasсo SPARK құралдары
Мультимедиялық комплекс (проектор, ДК)
«Ньютон заңдары» үлестірмелі таблицасы (оқушылар санына байланысты).
Слайдтар және видео фрагменттер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі- кеңестің ашылуы
ІІ. Жаңа сабақ- зерттеу бөлімі
ІІІ. Бекіту-GLX Xplorer құрылғысымен жұмыс
ІV. Қорытындылау –проблемалық сұрақтар
V. Бағалау-Қаулы шығару
VІ. Үй тапсырмасы-келесі кеңеске дайындалу.
Сабақ барысы:
Сабақ «№15ОМ» MM Ғылыми кеңесі түрінде өтеді. Қатысушылар: №1 зертхана қызметкерлері, №2 зертхана қызметкерлері, №3 зертхана қызметкерлері. Қызметкерлер ақ халат киіп, бейджик тағады. (қосымша: жүргізуші, арқан тартушы адамдар, мылтығы бар аңшы қатысады) Кеңестің хатшысы тағайындалады. Кеңесті өткізуші директор. Кеңес соңында кеңестің қаулысы қабылданады.
«№15 орта мектебі ММ» Ғылыми институтының КЕҢЕСІ.
ДИРЕКТОР: Сәлеметсіздерме, құрметті кеңеске қатысушы ғылыми институттың №1, №2, №3 зертхана қызметкерлері. Сіздерді кезекті кеңесімізде көруге қуаныштымын. Кеңеске барлығы 15 қызметкер қатысу керек еді, қатысып отырғаны:15, келмеген: жоқ. Кеңесті дауыс беру арқылы ашық деп жариялайық. Кеңес ашылсың дегендеріңіз? Қарсы шыққандарыңыз? Қалыс қалғандарыңыз? Ендеше кезекті кеңесімізді ашық деп жариялап, рұқсат етсеңіздер, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібімен танысып кетейік.
Күн тәртібінде:
Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы.
Ньютон заңдарының ғылыми тұжырымдамаларын Xplorer GLX арқылы дәлелдеу.
Іс-тәжірибені қорытындылау.
ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, кеңестің мақсатын анықтап алғанымыз жөн.
Кеңестің мақсаты: өмірдегі Ньютон заңдарының қолданысы мен маңыздылығын анықтау.
ДИРЕКТОР: негізгі жұмысты бастамас бұрын, «Космо-байланыс» кафедрасына аталмыш заңдардың авторымен байланыс жасау қажеттігі айтылып, сұраныс берілген. Қазір сол кафедрамен байланыстамыз, өкінішке орай видео байланысқа шыға алмаймыз, алайда кафедра қызметкерлерінің тиянақты еңбектерінің арқасында аудио байланыс мүмкін болып тұр.
ДИРЕКТОР: Құрметті, Иссак Ньютон мырза, біз сізді тыңдап тұрмыз!
НЬЮТОН: Сәлеметсіздер ме!
ДИРЕКТОР: Сізді бүгінгі ғылыми кеңесімізде естуге өте қуаныштымыз. Өзініз жайлы қысқа библиографиялық анықтама беріп өтсеңіз.
НЬЮТОН: Әрине, мен 369 жыл бұрын Англияның Вульсторп деген ауылында бай емес фермер отбасында дүниеге келдім. Өзімнің ғылымға арнаған 84 жыл өмірімде қазір сіздер қолданып жүрген классикалық механика негіздерін құрастырдым. Еңбектерім механика, оптика, астрономия және математикаға тиесілі. Өмірімнің соңына дейін ғылыммен айналыссам да, зерттелмеген ашылмаған ақиқат көп екенін біліп келдім. Ендігі кезек сіздерде. Ғылымға ұмтылыңдар, жаңалықтар мен заңдылықтарды аша беріңдер. Ал бүгін мен ашқан, динамиканың негізгі 3 заңын (І,ІІ,ІІІ) өмір тәжірибесінде қолдану маңыздылығын көрсетулеріңізді сұраймын. Тәжірибенің өту барысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
ДИРЕКТОР: Ұлы ғалымның берген тапсырмасы бойынша жұмыс жасауға кірісейік:
Міндеттер:
№1 зертханаға Ньютонның І заңының өмірдегі маңыздылығы көрсету жүктеледі, №2 зертханаға Ньютонның ІІ заңының, №3 зертхана қызметкерлеріне Ньютонның ІІІ заңының маңыздылы мен қолданысын көрсету жүктеледі.
ДИРЕКТОР: Иссак Ньютон жаңа ғана бізге өзінің заңдары толық көрсетілген кестені беріп жіберіпті, осы кестеге сүейне отырып, жүктелген міндетке жетулеріңізді сұраймын. Әрбір зертханаға регламент 5 минут беріледі.
Ньютон заңдары
|
|
I заң
|
II заң
|
III заң
|
Физикалық жүйе
|
Макроскопиялық дене
|
Екі дене жүйесі
|
Модель
|
Материялық нүкте
|
Екі материялық нүкте жүйесі
|
Сипатталатын құбылыс
|
Тыныштық күй немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс
|
Үдеу ала қозғалу
а= ΣF/m
|
Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Заң мазмұны
|
Инерциялық санақ жүйесінің бар болуын көрсетед, егері
F=0 => υ = coпst.
|
Өзара әрекеттесу жылдамдықтың өзгеруін көрсетеді, яғни үдеу
а= F/m
|
Табиғаттағы кез келген күшке модулі бойынша тең бірақ бағыты бойынша қарама қарсы бағыттталған екінщі күш табылады.
F1,2 = F 2,1
|
Пайда болу мысалдары
|
Ғарыш кемесінің қозғалысы
|
Планеталардың қозғалысы, Денелердің жерге түсуі, автокөліктің жылдамдық алуы кезіндегі және тоқтау кезіндегі қозғалыс
|
Денелердің өзара әрекеттесуі: Күн және Жер, Жер және Ай, автокөлік және жер беті
|
№ 1 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
-мен бірнеше жылдан бері жүргізуші болып істеймін. №1 зертхана қызметкерлеріне келесі сұрақ қойғым келіп тұр: дене түзу сызық бойымен бірқалыпты қозғалған кезде және аз уақытқа қозғалтқышын өшіріп, тоқтағанға дейін аз ғана қозғалған кезде автомобильдің қозғалысы қандай заңдылыққа бағынады?
Достарыңызбен бөлісу: |