Сабақтың тақырыбы Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар



Дата16.10.2019
өлшемі33,6 Kb.
#50010
түріСабақ
Байланысты:
Геометрия
1. Дидактикалық материал. Қосымша 1. Нұсқа 1, 1. Дидактикалық материал. Қосымша 1. Нұсқа 1, Иррац.те4деулер, 1 урок, 123456, конституциялық құқық слайд, физикада футбол ойыны, Ал-Фараби. Трактат о взглядах жителей добродетельного города, Вася нашёл в журнале числовую последовательность, 6 сабак, дәрістер1-15, асем

Күні:

Математика







Сабақтың тақырыбы

Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Студенттер тақырып бойынша стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар туралы білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:


Білімділік Стереометрия аксиомалары туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жылдам ойлап, тез қорытуға, ізгілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өз бетінше білім алуға, татулыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Студенттер тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін түсінеді, практикада қолданады, талдайды, жинақтай алады.

Дереккөздер, көрнекі құралдар

Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, үш тілде сөздіктер,фигуралар

Модульдер

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 

Әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» сұрақ – жауап, «Джигсо»ой қозғау, постер қорғау, топтық жұмыс, «Бес саусақ» әдісі.

Құндылықтарды дарыту

Әділдікке, ізгілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өз бетінше білім алуға, татулыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Алгебра, физика, геометрия

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Уақы ты


Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттің

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

1 мин

Топ студенттерімен сәлемдесіп,студенттердің назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.


Сәлемдеседі. Назарларын сабаққа аударып,сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.

«Геометрия-10»

Авторлары: Ж.Қайдасов, И.Бекбаев, Ә.Қағазбаева, В.Гусев

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

1 мин

Студенттердің фигураларды құрастыру арқылы топқа бөлуін қадағалайды.

Студенттер геометриялық фигураларды құрастыра отырып топқа бөлінеді.

Фигуралар аттары жазылған қима қағаздар

«Миға шабуыл» әдісі

7 мин

Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Студенттер сұрақтарға шапшаң жауап береді, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.


Слайдтар, фишкалар

«Джигсо» әдісі

Элиот Аронсон бойынша

20 мин

Студенттердің берілген тақырыпты өздігінен оқып, талдап, бірігіп ынтымақтаса, топ ішінде талқылап жұмыс жасауына жол ашу мақсатында топтарға тақырыпшаларды бөліп береді.

Әр топ өз тақырыптарына ой жүгіртеді, оқыған, көрген, білгендерін топтасып талдау жасайды. Талдау нәтижелерін ортаға салып, ойларын айқын тұжырымдайды. Жинақталған ақпараттар бойынша әр топ постер жасайды және қорғайды.

Үлестірмелі материалдар, флипчарт, маркер, т.б.

«Ойлан, жұптас, пікірлес»


10 мин.

Өтілген тақырып бойынша практикалық тапсырмалар тарату.

Тапсырма таратылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен жазғанын (3-4 минут) талқылайды, пікірлеседі,топқа баяндайды.

Үлестірмелі материалдар, тапсырмалар

«Есте сақта»

2 мин.

Жаңа тақырыпқа қатысты математикалық терминдерді 3 тілде тақтада көрсетіп, үйге жаттау үшін үлестірме материалдар береді.

  1. Жаңа терминдермен 3 тілде танысады.

Слайд, үлестірме материалдар

Кері байланыс

«Бағдаршам»


2 мин.

«Бес саусақ» әдісі арқылы студенттерден кері байланыс алады.


Студенттер бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды (Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық



Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы).



Бағалау

1 мин.

Критерийлер бойынша студенттердің жинаған фишкалары арқылы топты және жеке студенттерді бағалайды.

Студенттер бағаланады.

Топ тізімі мен әр түрлі фишкалар

Үйге берілетін тапсырма

1 мин.

1.«Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар» тақырыбын оқу.

2.Тақырыпқа байланысты тарихи мағлұматтар жинау.




«Геометрия-10»

Авторлары: Ж.Қайдасов, И.Бекбаев, Ә.Қағазбаева, В.Гусев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет