Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Отан. Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау



Дата26.08.2017
өлшемі62,44 Kb.
#29508
түріСабақ
Өтешова Рамиза Жұмағалиқызы

Ақтөбе облысы №49 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Отан.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту

б) Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын, елін жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

Психологиялық тренинг:

Сергіту сәті. «Табиғат»

 Күндей болып күлеміз,

 Гүлдей болып өсеміз.

 Құстай болып ұшамыз.

 Көбелектей қонамыз.



II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы талдап, пысықтау.

Берілген әріптерден сөз құра

т, а, н, о

«ОТАН» сөзін тізбектеу


Отан


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Жалпы тасымал, буын бойынша ережелерді пысықтау, мысалдар келтіру

Сөздерді буынға бөліп оқимыз.

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,

сонша буын болады

Мысалы: а-та, ә-же, ба-ла, ме-ре-ке

Жазу жолында сыймаған сөз

буынға бөлініп тасымалданады

V. Жаңа сабақ:

Көркем жазу

Оо............................

Отан-отбасынан басталады

Оқулықпен жұмыс 70-жаттығу

1.Сөздерді оқыңдар.Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.

2. Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.

Үлгі: Му-зы-ка Му-зыка , музы-ка3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тамысалданатынын байқаңдар.



71-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.Әр сөзде неше буын барын анықтаңдарбалықшылар, бейбітшілік, балапандар.Осы сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.

Үлгі: ба-лық-шы-лар: ба-лықшылар,балық-шылар,балықшы-лар

3. Төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынын байқаңдар.

Шығармашылық тапсырма:

Тапқыр болсаң, тауып көр!

А

Т

А

Ә

М

Н

Ә

П

К

Е

А

Т

А

Е

Н

С

Е

І

Н

І

Тор көздерден тігінен де, көлденеңнен де

Отбасы” тақырыбына қатысты сөздерді тап



Сергіту сәті

Ал,балалар, тұрайық!

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,



Орнымызды табайық!

Автор туралы мәлімет

Қазақ ақыны, сыншы, аудармашы

1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел

ауылсоветінде дүниеге келген. Жарасқан Әбдірашев өзінің шығармашылық жолында өлеңдерін туған халқына, еліне, жеріне арнап жазды.



Ж.Әбдірашев 20-дан астам кітап басып шығарды

VI.Жаңа материалды пысықтау: Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.

Отан Өлеңді мәнерлеп мұғалім өзі оқып, талдап береді.

VII.Бекіту кезеңі: Өлеңді талдау,

Үйге тапсырма, бағалау:Отан өлеңін жаттап келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0071
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0071 -> Сабақтың атауы Бастауыштан кейін қойылатын сызықша Сілтеме
0071 -> Тәуелсіз елді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет