ІІ.Өткенді қайталау.Тарау: «Арналы бұлақ – асыл сөз»
Жуан-жіңішке сұрақтар.
-Шешендік сөздегі «жеті байлықты» ретімен ата.
- «Мен Абайды білемін» атты ақынның әндері мен өлеңдерін жатқа айту.
- Өзің білетін бата сөздерді жатқа айт.
-Тарау материалдарының ішінен саған қай шығарма ерекше ұнады?Неліктен?
ІІІ.Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақ
Ребусты шешіп көрейік,шешуінде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Топтастыру стратегиясы.
(Туған жер)
Суреттермен жұмыс. (Астана суреті) әңгімелеу
(Көктерек суреті) әңгімелеу
- Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- ҚР-ң басшысы кім?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Иә, біздің еліміз бай, жеріміз үлкен, табиғаты әсем, мәртебесі биік тәуелсіз, егеменді мемлекетпіз.
- Ал сендер туған жерлерің туралы не айталасыңдар?
ІV.Мағынаны тану.Оқулықпен жұмыс.Жаңа тарау.
Туған жерім – тұғырым,Өскен елім – өзегім.(Тұғырым-мықты. Белгілі бір жерде туылған жерің)Өзегім-алысқа кеткенде сағынып, іші-бауырың елжіреп,сағынғаны.
АСҚАР ОРАЗАҚЫН
1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
«Тұңғыш», «Мейірім», «Күнгей», «Ләйла», «Көкорай», «Балқарағай», «Таудай бол!», «Тәуелсіздік тартулары» т.б. атты жинақтары жарық көрді.Асқар Оразақын қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың екі кітабын жариялады.
О.Асқар «Туған жер»
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.Мұғалімнің оқуы.
3.Сөздікпен жұмыс. Бел буу – тәуекел ету.
4.Сұрақтар.
Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін қалай жырлаған?
Туған жердің өткен тарихы туралы шумақты оқы.
Ақын мадақтаған батырларды ата.(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Ер Жәнібек т.б.)
Туған жердің байлығын суреттеген шумақты оқы.
Тоқтар кім?
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 май ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.Қазақстаннан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш.Авиация генерал-майоры. «Ғасыр адамы», «Халық қаһарманы».