Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы



Дата21.08.2017
өлшемі0,76 Mb.
#23735
түріСабақ
Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: «мәтіндік редактор» түсінігін; Word Pad мәтіндік редакторының терезесін, мәтінмен жұмыс жасауды, құжаттың құрылымы мен стилін, құжаттарды құруды, көркемдеуді.

Оқушылар үйренуі тиіс: редактор терезесін ашуды, редактор терезесін пайдалануды, мәтінді жазуды, мәтіндік құжатты көркемдеуді, масштабын өзгертуді, ашық терезелерге өтіп көшуді, мәтіндік құжатты ашып, сақтауды.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылған көрнекі құралдар: Дербес компьютер, мультипроектор,

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, компьютермен

жұмыс жасау, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа материалды баяндау(Жаңа сабақ)

4. Тапсырмаларды орындау (Бекіту)

5. Жаңа сабақты қорытындылау

6. Үйге тапсырма

7. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен амандасу;

2) Оқушыларды түгендеу;

3) оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аударту.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындап алу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

(Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап алмасу). Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.


ІІІ. Жаңа сабақ:

WordPad редакторы – стандарттық программалардың бірі, Microsoft Word бағдарламасының қарапайым бастамасы. Бұл редактордың көптеген қосымша мүмкіндіктері бар.

Word Pad мәтіндік редакторы

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьтерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптген қосымша мүмкіндіктер бар.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, танымдық программасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттер тізбегін орындаймыз:



Пуск-Все программы-Стандартные-WordPad.

(Іске қосу-Барлық бағдарламалар-Стандартты-WordPad).

Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.



Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әр батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.



WordPad мәтіндік редакторының батырмалары мынадай:

Құжат құру – жаңа құжат құрады;

Ашу – бар құжатты немесе үлгіні ашады;

Құжатты сақтау – активті құжатты немесе үлгіні сақтайды;

Баспа – активті құжатты ағымдағы үнсіз келісімді пайдаланып басып шығарады;

Басылымды қарап шығу- беттер қалай басылатын болса, соны көрсетеді;

Табу- құжаттағы қажетті мәтінді тез табады;

Буферге жіберу – белгіленген мәтінді қиып алады да, оны алмасу буферіне орналастырады.

Буферге көшіру-белгіленгенді алмасу буферіне көшіреді;

Буферден қою – алмасу буферіндегіні енгізу нүктесіне қояды;

Болдырмау- соңғы әрекетті болдырмайды;

Дата/уақыт- құжатқа ағымдағы күннің жадысымен уақытты қояды;

Қаріп – белгіленген мәтіннің қарпін өзгертеді.

Қаріп өлшемі- белгіленген мәтін қарпінің өлшемін өзгертеді;

Жартылай қалың- белгіленген мәтінді жартылай қалың қаріппен жазады;

Курсив- белгіленген мәтінді көлбеу қаріппен жазады;

Асты сызылған-белгіленген жолдардың астын үздіксіз сызықпен сызады;

Түс- белгіленген мәтіннің түсін өзгертеді;

Сол жақ шеті бойынша – абзацты сол жақ шеті бойынша туралау;

Ортасы бойынша – абзацты екі шеттің тура ортасына келтіреді, яғни ортасына орналастырады;

Оң жақ шеті бойынша- абзацты оң жақ шеті бойынша туралау;

Маркерлер – ағымдағы үнсіз келісім бойынша маркерленген немесе нөмірленген тізім құрады.

WordPad программасында екі меңзер бар: кірістіру меңзері және І-меңзері.

Кірістіру нүктесі- өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Оның қызметі мәтінді енгізген кезде қай жерде жазылатынын көрсетеді.

І мензері – терезенің жұмыс аймағында тышқан нұсқағышы латынның I әрпі түрінде

болады.
WORDPAD-ТА ҚҰЖАТ ҚҰРУ

WordPad қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі әрекеттерді орындау керек.

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.

2. мәтінді енгізу және редакциялау

3. Мәтінді пішімдеу

4. Құжатты сақтау және ашу

5. Баспаға шығару


Жаңа сабақты бекіту.

Ойлан, тап

Батырмалардың аты мен міндетін табу.
Сергіту сәті




Сергітудің енді сәтін бастайық,

Бір-екі-үш, алға қадам басайық.

Орнымыздан тұрып қолды созайық,

Шаршамайық тағы бір іс жасайық.
Тапсырмалар орындау:

1-тапсырма.

Компьютерде оқушылар бірлесе жұппен немесе топпен орындайды.


Өзің орында!

1.Мәтінді тер.

2. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді 14-қаріппен тер.

3. "ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУ" жолын белгілеп, Жартылай қалың қарпімен тер.

4. Қауіпсіздік техникасы нұсқауында "Тыйым салынвды", "Жұмыс кезінде", "Жұмыс тәртібі" сөздерін белгілеп, Курсив және Асты сызылған қарпіне таңдап, көркемдеу.

(Қажетті мәтін 158-159 беттерде).



2-тапсырма.

Өзің орында!

Бұл тапсырма- 164 бетте. Оқушылар жекелей орындайды.

Мұғалімге тапсырма орындалысын көрсету арқылы бағаланады.
Сергіту сәті

Жұмбақтар әлемі. Жұмбақтарды шешу арқылы көңілді сергітіп алу.

1.Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала  қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды                   (бос орын)

2.Бұтақ орнында мың бір инесі,


Компьютер жаны мекені              (Кактус)

3.Пернетақта ауылында тұратын,


Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелі алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана F(эф) әрпімен басталады.           (функционалдық пернелер)

4.Компьютермен енеді,


Қағазға басып береді              (баспа құрылғысы)
Қорытындылау.

-Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік?

(Бүгін біз сабақта мәтіндік редактормен таныстық, ...)

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?



Үйге тапсырма:

1. 5.1 – тақырып (Оқу, баяндау, конспектілеу)

2. 166 бет. Өзіндік жұмыс (практикалық жұмыс) 1 - 8 тапсырмалар.
Бағалау.

Бағалау парақшасы арқылы бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет