Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бегжанова Санжан Мертеевна
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Мақсаты:
1. Білімділік: Зат есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.
2. Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру- ажырату, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
Қолданылатын технология: Блум таксономиясы
Пәнаралық байланыс: дүниетану,ана тілі, математика,бейнелеу.
Көрнекілігі: интерактивтітақта, слайдтар, ребус.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
3. Психологиялық дайындық
- Мақсатымыз, білім алу,
Міндетіміз, еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу
4. Жұмбақтың шешуін табу арқылы саяхат сабақты бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |