Сабақты талдау мерзімі: қазан, 2019 ж. Мамандығы: Ақпараттық жүйелер



Дата08.02.2022
өлшемі16,21 Kb.
#98393
түріСабақ
Байланысты:
1-сабакты талдау


І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ


САБАҚТЫ ТАЛДАУ



  1. Мерзімі: қазан, 2019 ж.

  2. Мамандығы: Ақпараттық жүйелер

  3. Пәні: Объектіге бағытталған программалау

  4. Оқытушысы: п.ғ.к., доцент Алдабергенова А.О.

  5. Аудиториялық жалпы жағдай (тақтаның, жұмыс орнының әзірлігі, көрнекі құралдар, тазалық т.б.). Аудитория таза, кең, қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған.

  6. Сабақтың тақырыбының типтік бағдарламаға сәйкестігі: сабақтың тақырыбы типтік бағдарламаға сәйкес келеді.

  7. Сабақтың тақырыбы: №6 Дәріс - Қалып-күй қатары.

  8. Сабақтың түрі және оның алдыңғы материалмен сабақтастығы, пәнаралық байланысы: Дәріс сабақ. Өткен сабақ материалымен байланыс және пәнаралық байланыс сақталған.

  9. Сабақтың мазмұны, оның бағдарламамен сәйкестілігі, дидактикалық қағидалардың орындалуы:

  • Класс және объект ұғымдары;

  • Инкапсуляция, туындау, полиморфизм;

  • Дельфи ортасы.

  1. Сабақта көрнекілік оқыту. Жүйелілік және бірізділік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен практиканы байланыстыру принциптері орындалған.

  2. Сабақ өткізудің формасы (көрнекілік, оқытудың белсенділігі, проблемалық ахуалдың қолданылуы, техникалық құралдар, өздік жұмыстар түрлері):

  • Сабақ тақырыпқа байланысты көрнекі құралдармен жабдықталған;

  • Сабақ өзара сұрақ-жауап, пікір-талас формасында жүзеге асырылды;

  • Жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері қолданылды.

  1. Білімгерлердің өзін-өзі ұстауы (тәртіп, белменділік, назар аударуы): топтың үлгерімі жақсы. Сабақта белсенділіктері мен сабаққа деген қызығушылықтары жоғары.

  2. Оқытушының тәрбиелік, ұйымдастырушылық қабілеті (тақырыптылығы, білімгерлерді қызықтыра алуы, белсенді етуі): Оқытушы тәрбиелеу мен оқытудың әдістемесін жақсы меңгерген. Ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі жоғары деңгейде. Аудиториямен интерактивті байланыс орнатып, теориялық және практикалық дағдылардың қалыпты деңгейін көрсете білді.

  3. Сабақ қорытындысы (жоспардың сапалы орындалуы, мақсатқа жетуі): сабақ жоспарға сәйкес орындалып, сабақ өтудегі мақсатына жетті.

  4. Сабақ бойынша қысқаша тұжырымдамалар (жағымды, жағымсыз жақтары, жетістіктері мен кемшіліктері): сабақтың мазмұны қойылған мақсаттарға толығымен сәйкес келеді. Сабақ барысында жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері тиісінше қолданылған. Материал мазмұнының жан-жақтылығы жаңа дерек көздерінің молдығын білдіреді.

  5. Сабақтың бағалануы: бағалау білімгерлердің үлгерімі мен сабақтағы белсенділігіне қарай әділ жүргізілді.

Информатика мамандығының
2 курс магистранты А.Б. Жүніспаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет