Сабақтың типі: білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру



Дата26.05.2020
өлшемі39,04 Kb.
#71200
түріСабақ
Байланысты:
өнд. 1 күн тапсырма
Кітап оқу дағдысы. Ә. Исламбек, Кітап оқу дағдысы. Ә. Исламбек, Кітап оқу дағдысы. Ә. Исламбек

Сабақтың тақырыбы: 5-6 сыныптағы математика пәнінің ұзақ мерзімді жоспары. Оқулықтар мазмұны.

Пән атауы: Математика пәні бойынша байқау тәжірибесі

Тобы: МК 115

Күні: 25.05.2020

Сабақтың типі: білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру


Ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса,сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.



Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

• Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;

• Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

• Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

• Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.



Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер.Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:



Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.



Оқу нәтижелері:

оқушыға бағытталуы тиіс;

• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

• оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.



Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз.

Тапсырма:

  1. 5- 6сынып оқулығының мазмұны, шартты белгілер, тапсырмалар, бақылау сұрақтары, тапсырмалар туралы талдау жасау.

  2. 5-6 сыныптағы орта мерзімді жоспарлауға оқулықпен салыстырмалы талдау.



Әдебиеттер:

  1. 5 -6 сыныпқа арналған математика оқулығы. «Алматы: Мектеп» баспасы, 2017 жыл.

  2. 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат.

  3. А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер Математика әдістемелік нұсқау

  4. Математиканы оқыту әдістемесі. Б.Р. Қасқатаева

  5. Сmk.edu.kz

  6. Opig.kz

  7. Bilimland

  8. Daryn.online

  9. I mektep


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет