Сабақтың түрі: практикалық сабақ 5 Сабақтың тақырыбы: түйсік Дайындаған: сафаралиева б н тобы: хіт 21-01



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі352,85 Kb.
#121976
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түйсік

Халықаралық туризм және меймандостық университеті туризм және спорт факултеті

Пән: психология

Сабақтың түрі: практикалық сабақ 5

Сабақтың тақырыбы: түйсік

Дайындаған: сафаралиева б.н

тобы: хіт 21-01

Қабылдаған: жумадуллаева а.

Түркістан 2021

Қолданылған әдебиеттер:


1. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010
2. Жумасова К.С. Психология: Оқулық. — Астана:
Фолиант, 2006.

Түйсік туралы ұғым


Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың
жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін
айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік
болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен
байланыстырып отырады.

Түйсіктің заңдылықтары


Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, өзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.
- Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Тітіркендіргіштің барлығы бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сәл тигені сезілмейді. Өте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап
калатын сәт те болады.
- Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Өмірде
адаптация кұбылысы әр адамға жақсы таныс.
- Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
- Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз - ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, және сапасының ӛзгеруі.
- Синестезия. Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы.
- Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да өз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет