Семинар №9 Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар



бет4/8
Дата20.05.2020
өлшемі0.7 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Көне түркі графикасына ауысайық деген бағыт айналасына шоғырланған пікірлер арасында проф. Ә.Жүнісбековтің ұсынған әліпбиі ерекше. Ғалым әліпбиінің жазу графикасы тік, көлбеу және қиғаш үш сызықтан ғана тұрады, ал жуан дауысты үшін бір қиғаш сызық, жіңішке дауысты үшін екі қиғаш сызық алынған. Әліпби негізі дауыссыздарға табан тірейді. “Тұрқы бөлек жазудың шәкірт санаға тіл шығарар және психологиялық әсері болады. Сөйтіп барып, баланың тілінде ана тілдің айтылу үлгісі қалыптасады, бір қалыптасып алған соң ол оңайлықпен бұзыла да қоймайды” дейді ғалым (Жүнісбек Ә. Төл жазусыз түгелдік болмас // АТ. 16.01.92).

Көне түркі графикасына көшуді сатылап жүзеге асыруды, ол үшін алдымен латын графикасына көшіп, келесі онжылдықта түркі жазуына түбегейлі өтуді көздейтін теориялық көзқарас та болды (Жақыпов Ә. Біз бет түзер бағдаршам // АТ. 9.12.93). Және қазірден бастап көне түркі жазуына көшуді ұсынғандар бар (Сыпатайұлы С. Ата жазуымызды асқақтатайық // АТ. 9.12.93; Мектеп-тегі Аманқос. Ежелгі руна жазуы – мемелекеттің рәмізі // ҚӘ. 18.10.02).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет