Дидактикалық идеялар мен тұжырымдамалар
|
№
|
Дидактикалық тұжырымдамалар атауы
|
Авторы
|
Мәні
|
Жалпы
|
1.
|
Эвристикалық оқыту
|
А.В.Хуторской
|
А.В.Хуторской: «Эвристикалық оқыту-оқушыда білім берудің өзіндік мағынасын, мақсаттары мен мазмұнын, сондай-ақ оны ұйымдастыру және ұғыну процесін құруды мақсат ететін оқыту».
|
2.
|
Проблемалық оқыту
|
М.И.Махмутов, А.М. Матюшкин, И.Я.Лернер
|
Проблемалық оқыту технологиясының мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.
|
3.
|
Бағдарламаланған оқыту. Контекстік оқыту.
|
А.А. Вербицкий
|
Оқытудың бұл бағытында оқу ақпараты оқу мәтіндері ("белгілер") түрінде ұсынылады, ал мәтіндегі ақпараттың негізінде құрастырылған тапсырмалар болашақ кәсіби қызметтің мән-мәтінін қарастырады.
|
Жеке
|
1.
|
Жалпы орта білім мазмұнының мәдениеттану концепциясы
|
В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин
|
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "Білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
|
2.
|
Білім мазмұнының тұжырымдамасы
|
В.С.Леднев
|
В. С. Леднев: "Білім беру мазмұны-бұл жеке тұлғаның қасиеттерінің прогрессивті өзгеру процесінің мазмұны, оның қажетті шарты-ұйымдастырылған іс-әрекет".
|
3.
|
Оқыту құралдары туралы түсініктер
|
С.Г.Шаповаленко, Н.М.Шахмаев, Ю.Е.Шабалин
|
С. Г. Шаповаленко оқулықты "Оқушыларға арналған ғылым негіздерін игеру құралы" деп анықтайды. Сонымен бірге - бұл мұғалімнің оқушыларға ғылыми мәліметтерді ұсынуының қысқаша мазмұны".
|
Аспектілік
|
1.
|
Даралау және саралау
|
И. Унт, И.М. Осмоловская
|
Даралау - бұл оқушылардың жеке ерекшеліктерін (қандай ерекшелік және қандай шамада ескерілгеніне қарамастан) оқыту процесінің барлық нысандары мен әдістерінде ескеру.
Саралау - оқушылардың жеке ерекшеліктерін жеке оқыту үшін қандай да бір ерекшеліктер негізінде топтастырылатын формада ескеру; әдетте бұл жағдайда оқыту бірнеше оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүреді.
|
2.
|
Мектеп оқушыларының оқуын белсендіру
|
Т.И. Шамова
|
Мектеп оқушыларының оқуын белсендіру - оқу процесінің барлық буындарында оқушылардың белсенді және дербес теориялық және практикалық қызметін қамтамасыз ететін оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастырушылық нысандарын жетілдіру.
|
3.
|
Оқытуды оңтайландыру
|
Ю.К. Бабанский
|
Оқытуды оңтайландыру әдісі деп белгілеген уақыт ішінде (немесе одан да аз), белгілі бір жағдайда оқытудың максималды тиімділігін алуға алдын-ала бағытталған оқушылар мен мұғалімдерді шамадан тыс жүктеместен олардың өзара байланысты іс-әрекетін айтамыз.
|