Шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану сейтқазиева салтанат есенгелдіқызы тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Дата05.02.2022
өлшемі95,7 Kb.
#15342

ӘОЖ 373.81
С 31


ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
СЕЙТҚАЗИЕВА САЛТАНАТ ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта шет тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Шетел тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, шетел тілін жетік меңгертуді талап етеді. Шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Білім беру ошақтарындағы басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бастапқы және кейінгі этаптарда шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол- ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:


Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді.Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Бастапқыда шетел тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мен өз сабағымда мына ойындарды қолданамын.
Фонетикалық ойындар;
Әріптерге байланысты ойындар;
Оқу ережесіне байланысты ойындар;
Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
Грамматикалық ойындар;
Сан есімге байланысты ойындар
Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін зат көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.
Мысалы:
Aa-Apfel
Bb- Banana т.с.с
Сонымен бірге әрбір әріпті дұрыс қатесіз жазу да бастауыштан басталады.Ол үшін арнайы дәптер немесе әр әріпті мұқият тақтаға жазған дұрыс.Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті. Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығуы үшін оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткені жөн. Оқушылар шетел тілі пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі мұғаліммен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, еңбек, білім, ғылым озаттары, табиғат, туған ауыл, қала туралы әңгімелеу. Сабақтан тыс жекелей және оқушылар топтарымен консультация зачеттар өткізіледі.
Мектепте шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге үйрету. Шетел тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өтілсе, білім мазмұнының сапасы да артпақ.
Бұл кезеңде оқушылардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ жоғары сыныптарда олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.
Тілді меңгеруде грамматиканы оқытудың маңызы зор. Өйткені грамматикасыз сөйлемнің мағынасын түсіну қиынға соғады. Кез келген тілдің грамматикасын оқып-үйрену – оқушылар үшін күрделі де қызықсыз тарау болып табылады. Оқулықта әр тақырыптан кейін берілетін жаттығулар қоры жеткіліксіз болады және бірыңғай жаттығуларды орындаудан оқушылар шаршайды. Осыдан келіп оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығы төмендейді. Жалпы грамматикалық жаттығуларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: мағыналы және мағынасыз жаттығулар. Мағынасыз жаттығулар деп, оқушылардың автоматты түрде формулаға қарай отырып орындайтын жаттығуларын айтамыз. Осындай жаттығуларды орындағанда балалар көп ойланбайды, олар ессіз көшіреді. Мағыналы жаттығулар оқушылардың ойын қажет ететін, еске сақтау қабілетін, логикасын дамытатын сапалы жаттығулар.
Мысалы: «Was essen Sie gern? Apfel oder Banane?» деген сұрақ - мағынасыз сұрақ, себебі оқушылар оған ойланбай жауап бере алады. Егерде осы сұраққа «Warum?» деген сұрақты қоссақ, ол жаттығу мағыналы сұраққа айналады. Сөйтіп біз кез келген жаттығудың немесе тапсырманың мағынасын арттыра аламыз. Грамматиканы оқытуда сонымен қатар ойын жаттығуларын қолдана аламыз. Ойын – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі болып табылады. Ол әрқашан адам өмірінде негізгі орынды алады. Ол - адамның сәтті түрде жеке тұлға болып қалыптасуына және қабілетінің дамуына жағдай жасайды. Ойын – адамның тек ой әрекетін емес, сонымен қатар эмоционалды қиналысын талап ететін ерекше ұйымдасқан әрекет. Сабақты жоспарлағанда оқушыларға тек жаңа сөздерді немесе қандайда бір құрылымды жаттату ғана емес, сонымен қатар әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына қажет болатын жағдайлар жасау керек. Оқушылардың шет тілі пәніне қызығушылығын жоғалтпас үшін оқушыларды жұмыс жасаудың қандай жолдары қызықтыратынын түсіну маңызды. Бұл жерде сабақтың сапасын және тиімділігін арттыратын бірден-бір жол, ол – ойын. Ойынды қолдану жақсы нәтиже береді. Оқушылардың біріншіден, пәнге қызығушылығы артады, зейіні оянады, оқытудың негізі – сөйлеу іскерлігін меңгереді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, өз-өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Ойын оқушылардың шығармашыл дара болып қалыптасуына, кез-келген жұмысты шығармашылықпен істей алуға көмектеседі. Жұмысқа шығармашыл болу – оны сапалы орындау, яғни жоғарғы деңгейде орындау деген сөз. Шығармашылық бұл – әрдайым жоғарылау, даму, прогресс жасау. Бірге орындалатын шығармашылық ойындар ересек адамдар мен оқушыларды біріктіреді. Бұнда дұрыс бағытта тәрбиелеудің басты принципі жатыр. Бала ойнау арқылы артқа емес, алдыға жылжиды. Ойында оқушылар барлығын бірге жасайды: олардың ойы, ішкі ойы , қиялы бірге жұмыс істейді. Ойын арқылы мұғалім оқушыға диагноз қойып, баланы тани алады. Ол арқылы баланы сергітуге, қолдау көрсетуге болады. Ойын арқылы балалардың негізгі психикалық қасиеттерін дұрыстауға, жақсартуға және дамытуға болады. Ойын қалай әрекет ету, не айту және қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға жетелейді. Осынадай сұрақтарды шешуге ұмтылу оқушылардың ойлау әрекетін тездетеді. Тілдік материал еріксіз меңгеріледі, және балаларда қанағаттану сезімі пайда болады. Бірақ та ойынның тартымдылығы мен тиімділігіне қарамастан, шектеу қою қажет. Кері жағдайда ойын оқушыларды шаршатады, және эмоционалды әсерін жоғалтады. Ойын арқылы сөздің айтылуы, лексикалық және грамматикалық материал белсенді түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын арқылы баланың шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін уйренуге деген қызығушылығын оятады. Теңдікті сезіну, сабаққа қызыға қатысу - оқушыларға ұялшақтықты, жасықтықты жеңе алуға, тілдік барьерден өте алуға және шаршауды баса алуға мүмкіндік береді. Енді, сабақта өзім қолданып жүрген грамматикалық жаттығуларды өздеріңізге ұсынайын деп отырмын:
1. «Was ist das?» (“sein” етістігін жаттықтыру ойыны). Мұғалім балаларға көрсетіп, «Ist das ein Buch?»- деп сұрайды, оқушылар «Ja, das ist ein Buch?». Мұғалім кез- келген затты көрсетіп, сол сұрақты қоюына болады.
2. «Fragen» (“sein” етістігін жаттықтыру ойыны) Жүргізуші “А” әрпінен басталатын бір сөзді ойлап, сұрақ қояды . Оқушылар сол сөзді табу үшін: “Ist das ein Apfel?” сияқты сұрақтарды қою арқылы мұғалімнің ойлаған затын табулары тиіс.
4. «Wo was …?» (“Praepositionen” тақырыбына арналған ойын). Мұғалім үстел үстіне неміс тілінде атаулары белгілі заттарды қояды: қалам, қарындаш, пенал, кітап және т.б. Кітапты үстел үстіне қойып, қаламды кітаптың ішіне салып, пеналды үстелдің астына тығып қояды. Оқушыларға заттардың қайда тұрғандығын естеріне сақтауға 1-2 минут береді. Одан кейін заттарды қайта орнына үстелдің үстіне жайып, сұрақтар қояды:
Wo liegt das Buch?
Wo liegt den Bleistift? т.с.с
Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан- жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.
Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдылаланды. Шет тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушылардың таным- түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР

Попов А. А. , Попок М.Л, Практический курс немецкого языка ., 1995


Стронин М. Р. Обучающие игры на уроке иностранного языка М., 1981
Мектептегі шет тілі - Иностранный язык в школе №3 , 2004
Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №1, 2008
Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009

ТҮЙІНДЕМЕ

Аталған мақалада қазіргі кездегі шет тілін оқытудың жаңа әдістері, атап айтқанда ойын элементтерін пайдалану арқылы шет тілін уйрету мәлімделген.


АННОТАЦИЯ

В данной статье рассматривается использование новых методов преподавания современного иностранного языка, в частности использования элементов игры на уроке.




Аnnotation
This article considers the use of new methods of teaching modern foreign language, in particular the use of games in teaching process.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет