Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна



бет1/4
Дата07.11.2016
өлшемі0,89 Mb.
#1242
  1   2   3   4
Шығармалар жинағы

(оқу-әдістемелік құрал)



Асимбетова Лиза Куанышовна

Мустафина Алтынгул Агисовна

Ақтөбе қаласы,

38 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері

«Республикалық 45 minut.kz» басылымында қарастырылып, баспаға ұсынылды

Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нагиев

Асимбетова Л. К., Мустафина А. А - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері

Шығарма жұмыстарының оқушылардың өмірлік тәжірибесін жетілдіруде, әдебиетті кең түрде түсінуде алатын орны ерекше.

Бұл оқу-әдістемелік құралы әдебиет пәні мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары үшін қажетті көмекші ретінде ұсынылады.

КІРІСПЕ
Мектепте оқушылардың өмірлік тәжірибесін жетілдіруде, әдебиетті кең түрде түсінуде шығарма жұмыстарының алатын орны ерекше. Шығарма жұмысы әдебиетті оқытудың жоспарлы мақсаты бір кұрамдас бөлігі.

Оқушыларды шығарма жазуға төселдіру орта мектептерде оң шешімін таппай келе жатқан мәселе. Тәжірибеде көрсетіліп жүргендей оқушылар шығарма жұмысына онша мән бермейді. Шығарма жазу деп оқулықтағы пайымдауларды көшіріп беру деп ойлайды. Шығарма жазудың арнайы теориясы болғандықтан, оқушылар бұл жазба жұмысына шорқақ келеді. Көпшілік шығармада тақырыпқа тереңдеп ену, көркем туындысы, автордың осы туынды арқылы айтар көкейтесті ойларын терең түсініп, көркемдікпен талдау жеткіліксіз. Мұның орнына алыстан орағыта сөйлеу, жалпылама баяндау, сөйлемді грамматикалық әрі логикалық тұрғыдан дұрыс құрау, ой жұтаңдығы басым келеді. Себебі оқушылардың шығарма жұмысының ерекшеліктері мен жазылуы сипаты жайында ұғымдары тайыз. Әдістемелік көмекші құрамына мұғалімнің өзі жазған шығармаларының толық нұсқасы берілмек. Көпшілік шығармалар жастар күрделілігіне, ой ауқымдылығына байланысты.

Мұғалімнің шығарманың творчестволық, іс екендігін айта келіп, оның құрылысы, жазылу сипаты жоспардағы әр бөлімнің қызметі жайында орнықты пікір айтқан. Бұл әдістемелік нұсқау әдебиет пәні мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары үшін қажетті көмекші құрал бола алады. Дүние адам туралы толғаныс ойларын былай қойғанның өзінде өнер туралы адам қалған сөз баршылық. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шаштық», - деген ұлы гуманист адам баласының өсіп жетілуі үшін рухани байлықтың бірден бір қажеттілігін ең басты буыны негізгі бөлім.

«Кемеңгер ақын дана Абай» тақырыбы бойынша негізгі бөлімді төмендегідей бөлімшелерге бөліп, ой толғауға болады.

І.Негізгі бөлім:

1. «Абай поэзиясының тілі»

2. «Абай қарасөздерінің философиялық көзқарасы»

3. Ақынның ән күйлері, аудармалары.

Бұл бөлімде ақын шығармаларның мән-мағынасы, ән мен күйдің зор қуаты жайында Абай көзқарасы тұрғысынан баға бермеді. Шығарма құрамының соңғы бөлімі қорытынды. Қорытындыда шығармада айтылған пікір мен пайымдаулар жинақталып беріледі. Сондықтан қорытындының көлемі шағын, ойы айқын әрі тұжырымды болуы шарт. Жоғарыда талдалып отырған шығарманың қорытынды бөлімі «Абай - қазақ тарихындағы ірі тұлға» Абайдың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы шексіз. Абай өзі өмір сүрген дәуірде қиянат өмірден зәбір көрген жетімді, ескі салт-сананың кесірінен сүйгеніне қосыла алмай зар-мұңын төккен жастарды тебірене айтып, өз басындағы қайғы-қасіретін сыртқа шығаратын «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деген ұлы ақынның өз сөзін бүгінгі күн сезіне арнауға болады. Абайдай алып өлмейді. Ол өзінің әнімен, жырымен қалың елі қазағының ортасында жүр».

Шығарма жазу қиын да күрделі іс. Шығарманың жоспарын құру, тақырыпқа сай эпиграф таңдап алу, әр бөлім бойынша ой жүйелігін сақтап баяндай білу, ең бастысы, шығарманың тақырыбын аша білу жайында кеңестер беріліп отыруы қажет.

Қорыта келгенде, оқушыда шығарма жазу кезінде мынадай білік, дағдылар қалыптасу қажет:

1. Шығарма тақырыбын түпнұсқасын оқып білуі;

2. Шығарма тақырыбы мен идеясын ашып білуі;

3. Шығармада қажетті материалды жинақтап, әдеби мақалаларын жұмыс жасауы;

4. Жоспар құрып, ой жүйелігін сақтай отырып баяндауы;

Аталған білік-дағдылар оқушыда толық қалыптасса, шығарма құрылымын жетік меңгереді. Сонда ғана оқушы өз бетінше шығарма жаза алады. Шығарма жазу - оқушы үшін творчество. Шығарма жұмысын жүйелі жүргізіп отыру арқылы оқушылардың жазу мәдениеті қалыптасады, ой-ұғымдардың жаңаша түрде сауатты, оралымды, көркем жеткізе білуге дағдыланады.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі.

2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

3. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу.

4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.

5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер байланысуы.

6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың 1/4 бөлігіндей болуы қажет.

7. Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін.

8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

9. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, оның терең білімін танытады.

10. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алынғандығы айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.

11. Шығармада жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты кателіктер жіберілмеуі керек.

12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдығы) бағаланады.

Шығарма көлемі мен уақыты төмендегідей болады:

9-сынып - 3-4 бет. 10-сынып - 4-6 бет, 11-сынып - 6-8 бет (оқушы дәптерінің беті). Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында - 6 сағат.



Шығарманың бағалануы туралы

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:

1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.

2. Ой-пікірдің жүйелілігі.

3. Стилі.

4. Грамматикалық сауаттылығы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексезді қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.

Ата салтын ардақтайық

(Тұрмыс-салт жыры бойынша)
Мал шаруаларымен біте қайнасып өскен еңбек баласына «Еңбек түбі - зейнет» деп, еңбектенсе ғана мұратына жететінін ата-анасы жас басынан-ақ құлағына құйып, бойына сіңіре береді. Қазақ баласы осыдан қорытынды шығарып, өз ісінің жемісті болуына аянбай күш салып, еңбек етеді.
Шеген Ахметов.
Жоспар
I. Кіріспе бөлім:

Ауыз әдебиетіндегі халықтың өршілдік ой-арманы.

II. Негізгі бөлім:

1. Тұрмыс-салт жырларының түрлері.

2. «Мал баққанға бітеді».

3. Наурыз - адамгершілік, достық мерекесі.

4. Өнер - жастар көркі.

III. Қорытынды бөлім:

Ата салты - ұрпағыма үлгі - өнеге.
Халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы-қилы замандарды, қым-ғұыт кескілескен шапқыншылықтарды бастарынан өткерді. Осындай сын сағаттарда халкымның қаһарман ұлдары Алпамыс, Қобыланды, Тарғын. Қамбар т.б. аты аңызға айналған ұлдары мен жар серігі, ақылшы - Гүлбаршын, Акжүніс, Қарашаш, Қаншайым сияқты қыздарының ерлігі мен адамгершілігін бүгінгі ұрпақ мақтан етеді.

Қандай ғана ауыз әдебиеті түрлері болса да, халықтың болашаққа деген өршілдік сенімі, сол жолда талай атқаратын ой-арманы, іс-әрекеті жырланады. Халықтың тілегін орындайтын адамын ауыз әдебиетінде ақыл-парасатты, ел үшін еңбек ететін, оң қолынан өнер өнген, көрегендігі мен ақылдылығы халқы үшін ғана жұмсалатын етіп жырлайды.



«Халық ауыз әдебиетінде «Батар күннің атар таңы бар» деп және халықтың бүгінгі арманы алда орындалады, жақсылық пен шат өмірге ертең-ақ жетесің деп болашаққа асқан сеніммен үміттене қараушылық басым келеді», - деген Мәлік Ғабдуллин пікірлерінен-ақ, халықтың әршілдік ой-арман тілегі айқын көрініп тұр.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар қатарынан бізге жеткен салт-дәстүр түрлері, тұрмыс-тіршілік көзінің бірнеше түрлері, аталық ақылдары, аналық мейірімдерінің сан алуан қасиеттері бар екенін халық жырларынан байқадық. Өздерінің өмір кешкен кезеңдерінде өмір тіршілігі малға байланысты болғандықтан, төрт түлік малға өлең-жырлар арнаған, оның қасиеттерін ұрпағына үйрете білген.



Шопан атадан:

«Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойды бер»,

Жылқышы атадан:

«Айғыр берсең, байсалды, үйірі

толған байталды,

Өнкей мама бие бер, сауған сайын иіген»,- деп жырға қосқан. Сол малдарды бағып-қағуда да орасан зор тәрбие бар екенін ата-бабаларымыз ұрпағына үйретіп отырған. Табан ақы, мандай терінің арқасында ғана мұратқа жететінін, мал баққанға ғана бітетінін өлең-жырлары арқылы ұқтырған.

Тоқтышағым, тоғыз man,

Саулық қойым, сегіз man.

Сегізін де семіз man, ... немесе,

Құла бием, құлын man,

Құлын таппа, құнан man,

Құнан тапсаң, егіз man, - деп, малының санын молайтуды, құлыннан құнан есіріп, оны егіздеп, көптеп көбейтуді де ұрпағына ақыл етіп, жырлап өткен.

Әр төрт түлік малдың қасиетін де ескертіп отырған. Халық ең асылын малға бағалаған, баласын еркелетіп, жақсы көргенде «ботам», «құлыным» деп аймалаған.

Жастарды, балаларды мейірімді, кішіпейіл, рақымшыл, өзінен үлкенді сыйлай білетін, досқа қайырымды, адамшылығы мол болу үшін, мал-жануарлар арасында болатын мейірімділікті де пайдаланып, жырға қосқан.

Мысалы:


«Қой сүйеді баласын қоңырым деп

Ештеңені білмейтін момыным деп.

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыңа баспаган қорқағым деп» - деп, жырды жаттатып, мейірімділікке тәрбиелейді, мал екеш мал да мейірімді, адам баласы қаншама жақсылықтың нышанын ұрпағына сеуіп үйретсе екен деген пікір айтқан.

Төрт түлік малды бағу, күту азықтандырумен қатар, оны азулы аңдардан да аман сақтау керектігін, баптап күтсе ғана жеміске жететінін, еңбекпен табылған дүние-мүлікті көздің қарашығындай сақтап, қорғай білу керектігін, тапан-таражға түсіп кетсе не болмақ екендігін де ескертеді.



Көбелек келіп көлп етіп,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп,

Жарымын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарқ етіп,

Қалғанын ішіп ол кетті, - деп, еңбекпен тапқан тамақтан осылай айырылып қалмауды да ескертеді. Осы арада, ауылдардағы сан мыңдаған қора-қора қойлар, үйір-үйір жылқылар қайда кетті, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп, ауылда тек құлап жатқан қоралардың қалғанын ғана көресің. Міне, малдың қасиетін білген, қыста боран демей, суық демей мал соңында жүрген халқым, наурыз туа күн жылынып, адам арқасы ауыр еңбектен босап, мал жайылымға шығады деп қуанған, күн мен түн теңелген кун 22- наурыз (ескі стильде 9-наурыз) күні халық үлкен мереке күні деп атаған. Оны жалғыз қазақ халқы ғана емес, ескі грек елінен бастап, әр елде мейрам күні деп, ол күні жұмыс істемеген. Туған-туыс, жақын көрші, көңілінде кір ұялаған жолдас-жоралар ол күні кешірім жасап, бір-бірінің үйіне бірі барып, достасып, «наурыз көже» ішісіп, көңілденіп, бір-біріне ақ тілеу, адал ниет тілеген.

Амансыз ба, ұлыс?

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік мал ақты болсын! - деп тілек білдірген.

«Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал болып келеді. Қазақтың эпосы мен лиро-эпостық жырлары, аңыздары мен ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді», - дейді Шоқан Уалиханов.

Олай болса, қазақ халқының ертеден келе жатқан ойын-сауығы, дәстүрі салты бар. Баска халықтардың ән-би, тақпақ сияқты түрлері болса, қазақ халқы ән, жырға бай болады да, өзінің осы салтын сақтап, ұрпағына жеткізеді. Ондай салт жырларында жаңа туған балаға шілдехана жасап, ер жетіп, ел тілегін, ана арманын орындайтын адам болуына тілек білдіреді. Той бастар жыры да ұзатылар қызга, үйленер жігітке арналып, жақсы өлең-жырлар айтылады. Онда жақсы тілектер тілеп, бата беріп, болашақта бақытты болуын тілейді. Қазіргі кезде де талай тойлар, ұлы адамдардың туған күнін еске алу тойлары болып, ат шаптырып, балуан күрестіріп, т.б. қазақтың ұлттық ойындарынан көрініс беріп жатыр. Абылай ханның, дүние жүзіне аты тараған дана данышпан Абайдың, қазақ халқын өзінің «Абай жолы» романымен дүние жүзіне танытқан Мұхтар Әуезовтың, қазақтың барлық жанр алыбы Сәбит Мұқановтың мерей-тойлары өтті. Биылғы жылы да сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың, шешен Ғабиден Мұстафиннің де торқалы тойы тойланбақшы.

Бұл да ата-бабалардың ұрпағына қалдырған салтының бір саласы. Салт-дәстүр жағынан алып қарағанда жар-жар, сыңсу, жоқтау, беташар, қоштасу деген түрлері бар. Олардың барлығына жеке тоқталуды мақсат деп таппадым. Негізінен бұл сияқты ата-бабалар салтының өлең-жырларының қайсысы болса да үлкен бір лирика болып келеді. Жалпы қоғам өмірінде жанұяның ерекше мәні зор. Сондықтан, ұзатылар қыз балаға да, келін боп түскен жас жұбайға да халықтың артар арманы, тілер тілегі, алда болар болашағы туралы ақын, өлеңші өнерлі жігіттер өлең- жырмен тілек тілейді.



Айт, келін-ау, айт, келін!

Атыңның басын тарт, келін!

Сауысқаннан сақ келін!...

Жұмыртқадан ақ келін!...

...Ел-жұртыңа жақ, келін, - деп, жаңа түскен жас келін инабатты болуын, ата-анаға мейірімді ауыл-аймаққа жағымды, өсек-өтіріктен аулақ болуын қалайтынын тамаша ақыл, бейнелі көркем сөздермен жеткізеді. «Сауысқандай сақ, жұмыртқадай ақ бол» деген теңеулерді тамаша қолданады.

Ата салтын ардақтауда көптеген өсиет, өнер, ақыл-кеңестер бар екенін аңғардық. Соның бірі ат құлағында ойнаған жігіттердің талай өнерлері туралы білеміз. Халық ертеден-ақ көшпелі болып малмен күн көргендіктен, күнкөрісіне қосымша да қаражат табу кезін іздестіріп, аңшылық-саятшылықты меңгере бастаған. Сонау ат құлағында ойнаған сақтарды алып қарасақ ат өнері, аңшылық өнері, садақ тарту, аң аулау, құс ату дегенді тек жігіттер ғана емес, сақ, Дешті - Қыпшақ қыздары да жақсы меңгерген екен. Соның айғағы сақ қыздарының өнер иесінің куәгері болған сақ падишасы Томиристің аңшылық өнері, мергендігі, жауынгер батырлығы кейінгі ұрпағына өнеге-үлгі болып, мақтануға тұрарлық дәлел болуда. Немесе, тоқсан үйлі тобырды Қамбар батырдың аң аулап, құс атып асырағаны кімді болса да таңырқатпай қоймайды.

Аңшылық туралы өлең-жырларда, әсіресе, ақку мен ақбөкен ерекше бір сезіммен жырланады. Өйткені, бұлар - сұлулықтың, әдеміліктің символы. Сұлудың көзінің қаралығын ақбөкеннің көзіне теңесе, аққу құсты халық ақындары сүйгеніне деген терендегі нәзік сезімін білдіру үшін теңейтін баламалары болған.

Қалқатай, отыр ма екен, жатыр ма екен, Аққудай көл шайқаған аппақ болып, - деп, аққуды аса зор көлдің көркі деп суреттесе, соған өз сүйгенін де теңейді. Мұндай көркем бейнелеулерді қазіргі кездегі ақын-жазушыларымыз да жырларында шебер де, көп те қолданып жүр.



Сылқ-сылқ күліп сылдыр аққан су сұлу,

Көлге қонып қаңқылдаган қу сұлу.

Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,

Күн шығарда көтерілген бу сұлу, -

деген Мағжан өлеңінде кездесетін бұл сияқты теңеулер көптеп саналады, немесе, Сәкен Сейфуллиннің:



...Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім, - деген «Ақсақ киік» деген өлеңінде де. «Аққудың айрылуы» деген поэмасында да ерке аққу мен сұлу бекенді мысал етіп алуда қазақ ақындарының әдемілік, сұлулықты таңдай білгендігін де дәлелдейді.

Ата салты-ұрпағымызға үлгі-өнеге. Тіршілік көзінің қайнар бұлағының бір бұтағы малда болса, сол малды бағып-қағу, санын молайтудың жақсы әдістерін қазақтан артық білетін халық аз-ақ шығар?.. Рас, түрікмен жігіттері аттың құлағында ойнап, түрлі өнер көрсетсе, қазақ жастары батырлық, мергендік, қарапайымдылық, мейірімділік, кеңпейілділікті атадан ұрпаққа жеткен мирас деп біледі.

Тұрмыс-салт жырларындағы әдет-ғұрып жырларының түп негізі ақындық-әншілік өнерге апарып сайысады. Ендеше, өнер, еңбек, адамгершілік жағынан да ата-баба салтын әлі де ешкімге ұрпағымыз бермес деп ойлаймыз.

«Әнші, сал-сері, ақын-жыраулардың прогрессивті дәстүрі, салты кейінгі қауымға өлмес мұра болып жеткен әншілік, ақындык өнерлері жойылған жоқ, жаңа идеялық творчестволық мазмұн, формамен дамып отырды. Бұл - қазіргі ұрпақ үшін үлкен өнеге», - деп көрсетеді Есмағанбет Ысмайылов ағамыз.




«Аттанып едім көп үшін»

(Махамбеттің ұлы арманы)
Аттанып едім көп үшін,

Көптің жинап мол күшін.

Дұшпанда кеткен сол көптің

Ежелден бергі кегі үшін...

Махамбет Өтемісұлы

«Желден де желгір ақбөкен».
Жоспар
I. Кіріспе бөлім:

Махамбет балалык шағында-ақ озбырлықтың ордасын көрді.

II. Негізгі бөлім:

1. Ханға деген халық ызасы шегіне жеткен.

2.«Қара қазан, сары бала қамы үшін».

3. «Ел үшін өткен Исатай».

4. Махамбет поэзиясының от-жалынды, ызалы лебінен ел арманы еседі.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен мәні.
Бір қоғамнан келесі коғамға өткенде де тарих өзінің үстем тап озбырларының халыққа қанды тырнағын батырып отырғанын ашық айтып жазып кеткені мәлім. Патшаның отарлау саясатының қыспаңы кезінде қазақ халқының ауыр да азапты өмір кешкені, шұрайлы жерінен, саумалды көлінен айырылып, еркіндікте жүрген өмірі кездерінен бір-бір ұшып, патшаның қол астында езілгенін халық та, халқының аяулы азаматтары да бастан кешірді. Озбыр патшанын қанды қол жендеттерінің бейбіт елді жыландай сорып, езіп-қанауын бала Махамбет хан ордасының өзінде - ақ көріп өсті.

Өйткені Еділ - Жайық арасындағы ен жайлаған қазақтың жаз жайлауын, қыс қыстауын ханы мен сұлтанына, төресі мен төлеңгітіне таратып берген Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің бұл озбырлығын ханның 12 биінің бірі Махамбеттін ағасы Бекмағамбеттің үйіне талай барған бала Махамбет өз кезімен көріп өсті. Екіншіден, жас Махамбет бала кезінен-ақ өзгеше зерек болғандықтан да өмірді тани бастады, көре білді.

Жасынан-ақ дараланып көрінген өжет бала ақындығымен, шешендігімен ерекшеленіп хан көзіне түседі де, Махамбетті хан Жәңгір өзіне тарта бастайды. Өйткені, ханды мақтап, мадақтап, сөзін сөйлеп, сойылын соғар, даңқын жайып, беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлайды. Бірақ Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпайды. Халықтың болашақ жалынды ақыны өмір шындығын суреттеуге, халқының басындағы ауыр азапты айқын әшкерелеуге бет бұрады. Хан сарайы маңындағы озбырлықты, әділетсіздікті, жауыздықты көрген Махамбет, озбырлық тек Орда басында ғана емес, жалпы бұқара халықтың басында екенін көре бастайды.

Ендігі жерде ерлігімен, ұшқыр ойлы, от ауызды, орақ тілді, суырып салма ақындығымен ерекшеленген өр Махамбет ел ішіндегі халықтың хал-ахуалын көрген, түгін тартса майы шығатын малдан, шұрайлы жерден айрылып, олар патша жендеттерінің талауына түсіп жатқанда, қайтпас қайсар, батыр, алмас қылыштай өткір тілді ақын айболаттай айбынды күшімен де, жалынды жырымен де қарсы шықты. Бір жиында мені жырыңа қосып мақташы деген Жәңгірге:



«Хан емессің, ылаңсын.

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аярсың.

Айыр құйрық шаянсың! —

деп, қарсы шығып, ханды мақтаудың орнына, халық намысын аяққа басқанына, халқын көріне-көзге тонағанына қаны қайнап, ыза-кегі буырқанып тұрған шағында хан ісін бетіне басып әшкерелейді, өжет ақын бас кетер деп тіл тартпайды.

Туған елім деп еңіреп еткен ақын патша үкіметінің отарлау саясатына, үстем тап өкілдерінің зобалаңына қарсы күреске өзінің ақындық жырымен де, қарулы күш, қол жиып шығатындығын да жасырмайды. Сол жылдарда «Ереуіл атқа ер салмай», «Бекініп садақ асынбай», «Толарсақтан саз кешіп», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» т.б. жалынды жырлары халық арасына кең тарайды.

Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек,

Біздің бүйткен бұл іске», -

деп халық үшін көтеріліске шыққан ерлерді ерлікке, батырлыққа, табанды болуға шақырады. Халқым талай заманды басынан өткерді. «Қоғалы көлдер, құм, сулар кімдерге қоныс болмаған... Ойлаңдаршы, жігіттер, мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған?» деп, үйім, балам, елім, жанұям үшін атқа қонып, халық кегін жаудан алып беру керектігін ашына, қатты, өжет даусымен еркін жеткізеді.

Сөйтіп, «Қара қазан, сары бала қамы үшін»

...Баста дәурен тұрғанда,...

Тептер үшін тебістік.

Теңдікті, малды бермедік,

Теңдіксіз малға көнбедік», - деп, еңдігі күнде Исатай басшының соңына еріп халықты жиып, әрі намысшыл батыр, әрі ер акын Махамбет 1836 ж. көтеріліске шығады. Хан жасағының қалың қолына қарсы шыққан ер жүрек сарбаздар қас жауына қарсы қаһар шаша қарсы тұрады. Жаудың қалың қолы халық жасағын, аз жиналған сарбаздарға патшадан жау жендеттері қосылып, Исатай қаза тауып, Махамбет бастаған қайран ерлер жеңіліс табады. «Қорлықта жүрген халқына, бостандық алып берем деп...» қарсы күреске шыққанын жырға қосқан ақын, өзінің малы, бала-шағасы үшін емес, көп үшін, ел үшін күреске шыққанын айта келіп,
Патшадан солдат алдырып,

Құрсағымнан шалдырып,

Ақырында еш болды-ау,

Ел үшін еткен еңбегім! -деп жырлаған. Мұндай әділетсіздік, жауыздық бір Бөкей Ордасында ғана болып қойған жоқ, Сарарқаның сары даласын жыландай жайпаған сол кездегі отарлау саясатының оты барлық қазақ даласын шарпыды.

«Әділетсіздік қадам басқан сайын кездесті. Тіпті, заң, әділет деген сөзді ұлтымыз ұмытып үлгерді. Ақ патшаның отарлау әмірі бұл қазақ халқын қара табан етіп жерге қаратып жұтып бітсе, сарайдағыларды алтынға малып, аруағын зау биікке көтере түсті», - деп жазды сол кезде Міржақып Дулатов.

Бұл пікірден ойланып қарасак, жалғыз Исатай мен Махамбет қана емес, елім деп еңіреп туған талай ерлердің халқы үшін, самалды сайран жері үшін талай-талай жыр төккенін көреміз. Елі үшін өмірін құрбан еткен Исатайдай батырдың бейнесін Махамбет ерекше көзге елестете жырлайды.

Жұртына құрбан болсам деп,

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,

Атқан оғы Еділ - Жайық тең өткен!

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен? - деп, өлеңдеріде Исатайдай батырдың сом тұлғасын жасайды, халық үшін, туған жері үшін жаумен белдескен ер, батыр, ел басшысы, елдің қамқоршысы екендігін суреттейді. Қандай ғана жаудан жеңіліп, Исатай сияқты батырдан айрылып отырса да, «Палуан жолбарыс секілді, алысқанды алып ұрған білегім, қамалаған жаудан қайтпаған, қайнаған қара болаттай қарсы біткен жүрегім» деп, болашақта елін-жерін қорғайтын ұрпақ қандай болуы керек екендігін жырлаған оптимистік үн қалдырды.

«Махамбеттің халыққа, халық мүддесін қорғаушы жас ұрпақтарға сенуі сонша - ол қандай өмірді басынан кешірсе де, болашақтағы игілік - атар таң, шығар күннен үміт үзбейді. Күш елде, ел туғызған ерде деп біледі», - деп айтып кеткен профессор Қажым Жумалиев, өсиеті де, ақиқат пікірі де оны шындыққа жеткізіп, қазіргі дәуіріміздің куәсі етіп отыр.

Махамбет дауылды жырларында замана туралы, ел билеушілерінің іс-әрекеті, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы жырлай келе, болашақтағы елі үшін туар алаш азаматтарының міндеті туралы да жырлаған. Өз заманында елі үшін арпалысқан азаматтардың адалдығы, әділ де антқа беріктігі, достық - жолдастық, жастық өмірдің жарасымды қызығы туралы уағыздайтын философиялық толғаулар қалдырды. Мысалы: «Аспандағы бозторғай», «Жалған дүние», «Арғымақтан туған қазан ат», «Орай да борай қар жауса» т.б.

... Еділдің бойы ен тоғай —



Ел қондырсам деп едім.,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім, - деп, «Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасқанын», «Қара қазақ баласын хан ұлына теңеген» жырларын ұрпағы сүйіп оқып, ғасырларға ұластырады. Елі үшін, көп үшін күрес ашқан Махамбет жырларында екпінді айтылатын, бір тармақтан бір тармағы ерекше боп көрінетін ассонанс пен аллитерациялар, бейнелеу сездер жиі кездеседі.

Жайықтың бойы көк шалғын -

Күзерміз де жайлармыз.

Күлісті сынды күреңді

Күдірейтіп күнде байлармыз.

Жолдастарым, мұңайма, - деген шумақта аллитерация кездессе, «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінде ассонанс көп кездеседі.

Махамбет өлеңдерінде Исатайдан айрылған кезде ішкі жан сырын, қайғысын көзінен қанды жас ағыза отырып, мұңая жырлаған элегиялық сарын да кездесетін «Мұнар күн», «Еменнің түбі - сары бал» т.б. өлеңдері бар. Қимас, абзал достарынан, аяулы басшысынан айрылған, туған елінен, атамекенінен алшақтап жүргенде жырлаған өлендері. Бірақ мұнда да ақын күйреп, пессимизмге салынбайды, өмірге құлшынады, келешекке үміт артады, күрес жолынан таймайды.

Махамбет өлеңдерінің жанрына қарасақ, айрықша көңіл бөлетін жағдай - историзм. Kөп өлеңдерінде, мысалы, «Соғыс», «Әй, Махамбет жолдасым», «Ереуіл атқа ер салмай» т.б өлеңдерін тарихта нақтылы болған оқиғаға тікелей байланысты жазған.

Махамбет жырлары XIX ғасырдағы шаруалар көтерілісінің жаршысы болғандықтан да маңыз-мәні өте зор. Әрине, халық көтерілісі, халық наразылығы Махамбеттен ғана басталып жырланған екен деген ой тумайды.

«Махамбеттің жастық шағы өткен өңірде Еділ - Жайық арасында... ертеде ел қорғаған Қамбар, Тарғын сынды батырларды мадақтаған дастандар, туған... Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, т.б. сөз баптаған жыршылар болған. Махамбеттің құдіретті өнері осындай батырлық пен ақындық арасында қанаттанды», - дейді Б.Аманшин.

Ендеше, осындай батырлық пен ақындық дарыған қазақ халқының қанына сіңген қасиеті Махамбет жырларынан өріс алуы да заңды құбылыс екен.

Махамбет өлеңдері - өз дәуірінің сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар қозғалысының жаркын үні асқақ пафосы. Отанын сүйген патриот өзінің поэзиясын көп үшін жұмсаған екен. Езуші, отарлаушы таптың жауыздығын тайынбай-ақ, қорықпай, тайсалмай өжеттікпен жырлаған реалист ақын Махамбет. Сондықтан да Махамбет сықылды ұрпағына асыл қазына қалдырған асыл ұлының 200 жылдык мерейтойы да осының айғағы, тәуелсіздік алу жолында өмірін де, өлеңін де көп үшін - халқы үшін аямаған Махамбет жырларын ұрпағы сүйіп оқып, айтса әніне, тартса күйіне, жазса жырына қосады. «Он алты жасында Махамбет Беріш руының жезтаңдай ақыны атанды... Ауызға ілінген талай-талай ақындарды оп-оңай жеңіп, Беріштердің айбынын асырды... Махамбетті он тоғыз жасында Кіші жүздің ең мықты ақыны деді», - деп көрсетеді Әнуар Әлімжанов.

Таза сезім, адал жүректен шыққан Махамбет жырлары кімнің болса да жүрегіне патриоттық сезім салмай қоймайды. Халқым туғанына 200 жыл толу ғана емес, ақын жырларын мәңгілік ғасырларға ұластырары хақ.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет