Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна



бет3/4
Дата07.11.2016
өлшемі0,89 Mb.
#1242
1   2   3   4

Ертегіден көрінер ел арманы...
Халық ауыз әдебиетінде: «Батар күннің атар таңы бар» деп және халықтың бүгінгі арманы алда орындалады, жақсылық пен шат өмірге ертең-ақ жетесің деп болашаққа асқан сеніммен үміттене қараушылық басым келеді.

Мәлік Ғабдуллин.

Жоспар
I. Кіріспе бөлім:

Халық әдебиетіндегі ертегілердің ерекшелігі.

II. Негізгі бөлім:

1. Ғажайып хал, қиял әңгімелер туралы.

2. Хайуандардың да өмір үшін күресуі.

3. Шындықтың шыңырау түбінде жатпауы.

4. Халық арманы - ертегінің айнасы.

III. Қорытынды бөлім: Ертегілердің құрылысы, айтылу мәні.

Халыкқ ауыз әдебиеті халықтардың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесінің, әдеті мен ғұрпының, тіршілік кәсібі мен тілінің бай да шебер өрнектерін, таңғажайып ертегілерін, ақындық-әншілік өнерлерін жинақтап, ұлтымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қорына құяды. Сөйтіп халық арманының жарқын болашағына жөн сілтейді.

Заманның жарқын болашағын, бақытты тұрмысын, арман, тілегінің орындалуын ертеден көксеген халық мұң-мұқтажының барлығын да ертегілерге енгізе білген. Сондықтан ертек балаларға осындай ерекшеліктерімен танылып, қызықтырып, олардың ой-еркін билеп әкетеді. Жаңа ой серпінін тудыруға, көңіл күйін оятуға себепші болады.

Халық ертегілерінен адам болашағының гүл бақшасы, бақытты жарқын тұрмысы, келешегі көрінеді. Халық ертегілерінен осындай неше алуан жақсы сезімдерді, тапқырлықты байқаған балалар осындай бақытты тұрмысты көруді өздеріне мақсат етіп қояды. Қиялдың, ой жемісінің іс жүзіне асуына талаптанады. Талаптан туған жігер - қайрат оларды өмірдің жарқын болашағын, бақытты тұрмыс құрушылардың қатарына қарай баурайды.

Ертегілер негізінен үш топқа бөлінеді. Соның бірі қиял-ғажайып ертегілері. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі сол қиял тудыратын образдардың өзі арқылы да халықтың еңбек пен табиғат күштерін творчестволық түрде еңбек болған қиялы көрінеді, арманы танылады деп ұғыну керек. Бұл жөнінде, адам баласының кейінгі дәуірлерде техника жөнінде тапқан сол техникалық прогрестің бірталайын, ертегінің қиял бейнелері, алдын ала болжап етіп, бұлдыр түсте аңғартқандай болады. Мысалы, «Ер Төстікке» серік болатын көреген батыр, естігіш батыр, Таусоғар - бәрі де адамның сол бір ұлы армандарын білдіреді. Сыры жат табиғаттың, жер мен аспанның көзге көрініп тұрған белгілі қабатынан өтіп, «ішін шарласам, сырын ақтарсам, бермесін алсам» деген ізденгіш, өршіл ойын танытады. Сондайлық алға бастар асыл тілекті, жалпы адамзаттың тілегін іздетіп, ерді кездіріп отырған құр еріккеннің ермегі емес.

Хайуанат жайындағы ертегілер барлық елдердің ауыз әдебиет қорындағы сияқты, қазақ халқының ауыз әдебиет қорында да ескі ертегілер түрінің бірі. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Оларда қойшы - малшы, тазшалардың тұрмысынан алынып, өмірде болуы мүмкін жайттарға қиял-ғажайып оқиғалар араластырыла көрсетіледі. Өмірде болатын нәрселер мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы - ертегінің өзіне тән қасиеті, ерекшелігі. «Ертегі» деген сөздің өзінде осы ұғым бар. Мысалы: «Аю, түлкі және қойшы» ертегісін алсақ, аю мен түлкінің адамша ойлап, тіл білетіндіктері болмаса, басқа жақтары дәл өмірдегі қойшының іс-әрекеті болып көрсетіледі. Хайуанат, жануарлар кейде адамдармен қарым-қатынастары арқылы көрсетілетіні болса, бірде өз араларындағы қарым-қатынастарын жекелеп бейнелейтін ертегілер де аз емес - «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе», «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене» т.б. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та соның бәрі де балалардың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар. Оның бәрінен олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көрінісін, күн көрінісін байқайды.

Ал, екінші жағы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Мысалы: «Түлкі мен тауық» деген ертегіде: «Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында тұрған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:

- Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, - дейді. Тауық:

- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой, - дейді.

Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да, жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға шақырады: «Байтал түгіл, бас қайғы». Тазы түлкіні қуып жетіп, алқымнан алады. «Біреуге ор қазба, басыңа келер» деген осы.

Міне, осының өзі балалар үшін қандай қызық. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылған. Тапқырлыққа, сақтыққа баулиды.

Жалпы ертегілер тобында салт ертегілерінің орны өзгеше. Профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезов салт ертегілерге ғылыми жолмен толық талдаулар бере келіп, ертегілер ішінде бала мен үлкендерге бірдей ортақ мұралардың бар екенін және көп екенін атап көрсетеді. «Салт ертегілер қатарындағы бір алуаны - бөлек бір топ күлдіргі ертегілер. Бұл ертегілер бала мен үлкендерге бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндерге құралған әңгімелер болады. Алдымен мұндай ертегілердің оқиға ортасында жүретін бас кейіпкерінің өзі ерекше. Оның бар іс-мінезінен бұрын аты-қалпы, кескін-ұсқыны да күлкілі, оқыс келеді. «Ши бұт, қағанақ бас, қылтамақ», «Ұр тоқпақ», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Айлалы тазша», «Қу тазша», «Тазшаның қырық өтірігі», «Екі еріншек» деген сияқты болып, ертегінің аты мен адамынан-ақ әңгіменің ойнақы, күлдіргі жаққа қарай бейім турғаны мәлім болады», - дейді. Бұл ертегілер жасөспірімдерді күлдіре отырып, өмірге үйрететін бай қазына. Жоғарыда айтылған ертегілердің бәрі де күлдіру үшін жайдан жай айтыла салған ертегілер емес. Сонымен қатар үстем тапқа қарсы айтылған, олардың зұлымдық, қастандық істерін әшкерелеу үшін, соларға қарсы қолданған айлалы әрекеттің бір түрі деп бағалаймыз. Өйткені ол кездерде зорлықшыл күшке ашықтан ашық қарсы тұруға дәрменсіз болғандықтан осындай айлалы әрекеттер мен тапқырлык ұшқыр ойды құрал еткен.

Жоғарыда айтылған пікірлерді дәлелдей түсу үшін «Молда мен бай» деген бір ғана күлдіргі ертегіні мысал ретінде айтып өтуге тура келеді.

«Бір қартаң байдың үйіне қаба, ақ сақалы бар бір молда келіп қоныпты. Ac жеп болған соң, молда әндетіп құран оқи бастайды. Оқып отырғанда молданың қаба сақалы желк-желк етіп тұрады. Бай молданың бетіне қарап отырып, өтірік еңкілдеп жылап қоя беріпті. Құран оқып болған соң, молда байдан сұрапты:

- Байеке, құран әуезіне бойыңыз балқып жылаған шығарсыз? Бай көзінің жасын сүртіп отырып айтыпты:

- Жоқ молдеке анау күні мың қойымды бастап жүретін бір ақ серкем өлді. Сақалы желк-желк етіп, ылғи қойды бастап жүруші еді. Сіздің желкілдеген қаба сақалыңызды көрген соң, сол серкем есіме түсіп жыладым, - депті.

Осы бір кішткентай ертегінің мазмұнында күлдірумен қатар, байдың сараңдығы мен молданың арамдығын қатар түйреген еткір сатираға құрылған тапқырлық бар. Күлдіргі ертегінің бәрі де осы сияқты өте ықшам да қысқа айтылғанмен, ойдың асып жиынтығы түйдектеліп беріледі де баланың есінде сақталуына икемделіп тұрады. Осы арқылы оларға өмір жолын танытады. Өмірдің әділеттік жолдарын үйретеді.

Қазақ ертегілерінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық мұң-мүддесін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегілерге жиып түйген. Мұндай ертегілерде әлеуметтік теңсіздікке қарсы еңбекші халықтың наразылығы, күресі - бәрі айқын көрінеді. Мұндағы қаһармандар - қиял-ғажайып ертегілеріндегідей қиялдан туған бейнелер емес, күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Олар көк төсінде не жеті қат жер астында емес, жерде өмір сүріп, тіршілік етеді. Шыншыл ертегілеріндегі жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда т.б.

Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. «Айлалы тазша» әңгімесінде тазша бала айла-амалымен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Жалпы, тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-әжуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша - халықтың сүйікті қаһарманы. Халық сол сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады. Мысалы, «Аяз би» ертегісіндегі Аяз би де, Мадан хан да, оның уәзірлері де қиял дүниесі тудырған сиқырлы бейнелер емес, күнделікті өмірдегі адамдар. Аяз - халық даналығының бейнесі. Оның мектебі - өмір, еңбек. Даналық - сол өмірден алған еңбек жемісі.

Халықтық шығармалардағы ертегілерге тән қасиет онда қайталау жиі кездеседі. Бір сөзді, не бір сөйлемді, кейде оқиға желісін, кейіпкерлердің жеңістен жеңіске жеткен батырлық, ерлік істерін қайталап айту арқылы танытады. Айнымалы қайталап келетін, еселеп айтылатын сөз, сөйлем айырмашылықтары болады. «Күндерден күн өткенде, күн артынан күн жеткенде, айлардан ай, жылдардан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, елдім-талдым, ештім-жандым» - деп келеді. Кейде «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» деген әлденеше қайталанған жетекші сөздер болады. Немесе: «Жоғарғы дәудің басын ас, төменгі дәудің тесін ас, ортаншы дәудің өзін ас» деген батырлық, ерлік пәрменін асыра түсетін айлалы сөздер айтылады. Еселене қайталап, қайталанған сайын жаңа ұғым, көрікті ой тудыратын, не үстем мағына беретін сөздер, өлеңдер де жиі кездеседі.

Алтын да mac, mac та mac,

Алтындай болмас басқа mac.

Алтынға алтын кездессе,

Алтынды алтын тастамас.

Бұл өлеңдегі қайталанған сөздер өлеңнің мазмұнына да, көркемдігіне де ерекше сипат беріп тұр.

Қорыта айтқанда, халық қашан да болса байлық пен береке бір кісіде болсын деп ойламаған. «Елде болса ерінге тиеді» дегенді қолдап, дүниедегі барлық байлық та, береке де халықтың игілікке айналсын дегенді көптен арман еткен.

Аңыз әңгімелер - халық шежіресі
Халык аңыздары - халық даналығы. Бұл біздің ата мұрамыз, асыл қазынамыз. Онда халқымыздың ежелгі ерлігі мен елдігі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген. Аңыздарда реалистін оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым - қатынастар әңгімеленеді әрі көркем келеді.

Балтабай Адамбаев.
Жоспар

I. Кіріспе бөлім: Аңыз - тарих шежіресі.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Қорқыттың қобызымен күңірентеді, -

Асанның шерге толы өлеңдерін» ...

2. Күлкі - жан саясы, өмір жалғасы.

III. Қорытынды бөлім.
Қазак халқы - дүние жимаған, байлық қумаған бекзат, қарапайым, даласы қандай дарқан болса, көңілі де, пиғылы да сондай дарқан халық болған. Сол ғасырлар бойғы әдетінің ұшқындары, нәрі әлі де қалған, қазақ бойында қанына тарап дарыған. «Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес» деп, тапқанын тамағына салып, киіміне жұмсап, «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп, жетімін жылатпай, ауылын аштықтан жұтатпай, Тәңірінің бергенін бөлісейік деп, қауымдасып ескен халық.

Осындай қарапайым да кішіпейіл халықтың арасында талай-талай ақылды, шешен, әділ, ер, батыр, елге қамқоршы адамдар болған. Халық оларды өте қадырлы адам деп, хан, патша да оның сөзін тыңдап, халқына қалаулы, еліне елеулі етіп көрсете білген. Ол адам «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін» әділ, шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы адам болуы керек. Ол адамның істеген адамгершілік ісін әуелде біреу шындықпен жырласа, немесе қара сөзбен әңгімелесе, кейін ауыздан-ауызға жатталып, ұмытқан жерін жақсылық ісін көрсету үшін басқа бір өнерлі адамдар ойдан қосып, әңгімелеп, аңыз етіп халық арасына тарататын болған. Қаншама өзгеріске түссе де, ол тарихта болған, шын қарапайым адам екендігінен ауытқымайтын аңыз әңгімелер құрастырған. Аңыздар да ертегілер сияқты оқиғаларға қиял дүниесінен шыққан ойларын қосып әңгімелейді, бірақ тарихи шын адам басына ғана әңгіме құрастырады. Мысалы, қазақ аңыздарына Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Алдар Көсе туралы көптеген аңыздар бар. Қорқыт Атаның халқына айтқан даналық пікірлерін халық осы заманға шейін дәріптеп аңыз етіп отырады.

«Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібінен артығын жемес», «Тәкәппарлықты тәңірім сүймес», «Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел керікті. Сақалы ағарған баба көрікті. Сүйікті ағайын-туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті, өнегелі бала көрікті» ... деген сөздерін халық аңыз етіп айтып, ұрпағына жеткізген. Сол сияқты қазақта Асан Ата туралы аңыздың бірнеше варианттары бар. Кейбірінде Асан Ата өз халкына бақыт іздеп, Жерұйықты тапса, кейбір аңыздарда хан сарайында отыратын қамқоршысы болады. Ата-баба өсиеттерін өз поэзиясына қосқан қазіргі ақын-жазушыларымыз да жеткілікті.

Ой-хой, қазақ даласы не көрмедің,

Қанша құрап, қаншама көгермедің.

Қорқыт Ата қобызымен боздаттың ғой,

Асанның шерге толы өлеңдерін, -

деген Мұқағали Мақатаев жырында ата-бабалар басынан өткен тарихи оқиғаларды алдымызға жайып салады.

Сол сияқты Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы да аңыз әңгімелер көп. Жиренше шешен сөз тапқырлығымен, ақылдылығы ерекшеленіп әңгіме етіледі. Хан мен Жиренше кездескен кездегі болған оқиғаларды халық аңыз етіп айтып отырады. Асан Қайғы Сәбитұлы туралы да халық арасында көптеген аңыз әңгімелер бар, олар да жүйе-жүйе салаға бөлінеді. Асан Қайғы Жерұйықты іздеу үшін, желмаяға мініп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мекенді табу үшін жер кезген Асан Қайғы қазақ жерінің барлығының қасиетін айтып, елге қоныс болатын даланын әрбірін сипаттап берген. Асан Қайғы Шу жеріне келгенде айтқаны:

«Мына шіркіннің екі жағы борбас екен, өне бойы қара қамыс, іші толған жолбарыс екен, баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын,... жер екен» депті.

Сондағы «қынабы суырылмайтын» деп отырғаны тып-тыныш бейбіт өмір сүруге лайық жер, қынабыңа да, қанжарыңды да алмайсың, ешкімге соғыс ашпайсың, тыныш өмір сүресің дегені екен бабамыздың. Хан Жінібекке де батыл айтады:

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің,

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің...

Өзіңнен басқа хан жоқтай.

Елеуреп неге сөйлейсің, - деп, Әз - Жәнібек ханға да ақыл-кеңес беретін Асан Қайғы аңыздары бар.

Аңыз әңгімелер ішінде көп тараған бірі - Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы айтылған пікірлер. Жиренше халық аңызында ақылды, шешендігімен ерекшеленеді. Халық арасынан шыққан дана Жиреншеге үстем тап адамдарын аңызда жеңгізіп, Жиреншені ақыл-парасат иесі етіп көрсетіп отыруынан, халықты басқаратын адамдар әрқашан ақылды, мейірімді, халық қамын ойлайтын адам болса екен деген пікірге тиянақтайды. Сол сияқты Қарашаш сұлудың ақылдылығы да ерекше көзге түседі. Талай ханның ісінен тұйыққа тірелген кезде, Қарашаш ақылмен Жиреншені қиыннан алып шығады. «Еркек қойды қоздат» деген хан сөзіне де ақыл тауып, қойларды азық етіп, ханды сөзден жығатын да Қарашаш. Жиренше мен Қарашашты кейінгі ұрпақ та ардақтап, жырға тиек етеді. Жиренше:



Алқа-қотан, той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық! - десе, Қарашаш сұлу Жиреншені ардақтап, ерекше құрметтеп отырғанын да былай суреттейді.

Қарашаш:


Сіздердің ерлік істерің,

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан - жырлардан,

Жастар оқып тыңдайды ... - деп түйіндейді. Халық аңыздары ішіндегі күлкілі әңгіменің өкілі - Алдар Көсе туралы аңыздар. Алдар Көсенің сөз тапқыштығы, айла - амалымен неше түрлі әрекет жасап, халықты күлдіреді. Алдар Көсе образын халық байлар тобына, үстем тап өкілдеріне қарсы қойып, әрқашан қарапайым адамға мысқылдаған байларын жеңдіріп отырады: Алдар Көсе әңгімесінде сараң шық бермес Шығайбайды бірнеше рет сараңдығын алдына келтіріп, масқаралайды. Асын ұрлап, түнде еттің орнына тері жегізуі, байдың атын сойғызуы, ақыры қызын да алып кетуі, Алдардың Шығайбай сияқты сараңдарды халық алдында жеңіліске ұшыратуы, халықтан шыққан жай, қарапайым адамның өзінің мақсатына жетуін көздейді. Сөйтіп, адам өмірінің ұзаруына септігін тигізетін күлкіні Алдар Көсе сияқты қу жігіттерден естіп, оны аңызға айналдырған.


«Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесі
Батырлар жырында халықтың басынан кешкен сан алуан тарихи өмірі тұтастай бейнеленеді. Онда ғасырлар бойы басынан өткен мұрат-мүдделері, арман-мақсаттары, халықтың қаһармандық, ерлік героикасы, туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсарлық, берік махаббаты жырланады.

Оразгүл Нұрмағанбетова, «Ақсауыт».
Жоспар

I. Кіріспе бөлім:

Батырлар жырындағы хас батырлар, адалдық пен алыптық қасиеттер.

II. Негізгі бөлім:

1. «Алпамыс батыр» жыры - көне тарих көзі.

2. Туған ел - алтын бесік.

3.«Батыр аңғал».

4. «Өнер - жігіт көркі».

ІІІ. Қорытынды:

«Алпамыс батыр» жырындағы көркем сөз көріністері.


Батырлар жыры халықтың басынан кешірген сан алуан тарихи өмірін көрсетеді. Әр халықтың батырлық жыры ең алдымен сол халықтың басынан кешірген сап қилы тарихи оқиғаларымен тікелей байланысты болатыны айқын. Бұл жырлар бір ғана дәуірде шықты деп кесіп айту қиын. Мысалы, ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов:

«Қазак, қырғыз, өзбек, ноғайдың ауыз әдебиетінің бір түрі - батырлар туралы жырлар. Бұл жырлардың көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда, бұл жырлар XIV ғасырдың ақырында, XV-XVI ғасырда жасалған сияқты», - дейді. Дегенмен, сол ғасырларда ғана туды деуге де болмайды, өйткені өте ертеде талай батырлар болғаны тарихта белгілі, бірақ батырлар туралы жырларда жаулары қалмақ, жоңғарлар болып келеді де, батырлары - Қобыланды, Алпамыс, Тарғын, Қамбар сияқты елін жаудан қорғаған, асқан ерлік иесі, халық қамқоршылары болып жырланады.

Батырлар жырындағы қандай ғана болмасын батырлар әрқашан да өз Отанын, елін сүйетін, туған жері, елі үшін жанын аямай ерлік, батырлық көрсететін, ерекше ерліктің, алыптылықтың иесі бола тұра, жақсылыққа жаны құмар, ізгі жанды, жауына қанша қатал болса, отбасы, елі-жұртына соншалықты адал жан, мейірімді-жұмсақ, аңғал да ақкөңіл жан болып суреттеледі. Сондай жырдың бірі - «Алпамыс батыр» жыры. Бұл жыр өте ертедегі дәуір көрінісін жырлайды. Алпамыс батыр жыры тек қазақ халқында ғана емес, қарақалпақ тілінде де бар екендігін ғалымдар айқындайды. Жырдың алғашқы нұсқасын Ә.Дибаев жинақтап, баспаға бастырған. «Алпамыс батыр» жырының негізгі тақырыбы - халықтың бірлігін, ынтымақта болуының негізгі ұйтқысы, қорғаушысы батырлардың ерлігі туралы болса, шығарманың идеясы - елін, жерін қорғайтын хас батырларды ардақтау, елін, жерін, Отанын сүюді ардақ тұтуға тәрбиелеу.

Жалпы батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жырының ерекшелігі ол батыр болар бала жасынан зор күштің иесі болып туады, ойнап жүргенде-ақ күштілігі сондай, өрмек тоқитын кемпірдің баласы жан тапсырады. Тағы бір ерекшелігі - Тәңірден бала көрмей жүргенде, зарығып тілеп бір ұл, бір қызды алуы болса, батырлық сыннан сүрінбей өту де бұл жырда кездеседі. Батырлығы, қайраттылығы да сыннан етуі. Алпамыс батыр өзіне серік атты ешбір құрықсыз-ақ ұстауы болса, мал баққан қазақ халқына тән қасиет - малжанды, өзіне серік болар Байшұбарды мың сан жылқы ішінен таңдап алуы.

«Алпамыс деген алып еді, жануар Байшұбар нар сияқты тізесін бүкті, қайшылап құлағын тікті, үш мәртебе зор салды, Алпамыс жібермеді, Алпамыс алып зорлығын білдірді», - дейді жыршылар.

Алпамыстың батырлығы Қаражанмен салыстырғанда байқалады. Қаражан да қалмақтың қамал бұзған батыры. Өз елінде ханмен қатар түскен, талай жауды жеңген, беделі басым болған батыр. Қаражан аттың дүбірін естіп, өз әскерлеріне де, Тайшаның әскерлеріне де соғысуға өздерінің шамасы келмейтінін, бұл соғыста барлығынан артық Алпамыс келе жатқанын ескертеді. Қаражанның аты да сезіп, алға қарай аяғын баспайды, ілгері жүрмейді. Сонда Қаражан:



Не көрдің, қара am, не көрдің?

Am шомылған тер ме екен?

Келгендер бізден ер ме екен?

Алдыңда жолбарыс жатыр ма?

Келгендер бізден батыр ма?..

Не көрдің, қара am, не көрдің? - дейді.

Қаражан қанша батыр болса да, Алпамыс белінен қысып, иығына салып, сығып-сығып жібергенде-ақ, Қаражанның аузы-мұрнынан қан кетеді...

Алпамыстың батырлығын халық Тайша ханның Байбөрінің жылқысын тонаған кезде де түсінен шошып оянып, не қыларын білмей, түсінде Алпамыс бірде «шабынған бурадай, бүретін бүркіттей, алысар арыстандай» болып көрінеді. Сөйтіп, Тайша ханды да жеңеді, малын, елін жаудан босатады.

Алпамысты халық отқа салса күймейтін, суға салса батпайтындай да қасиеті бар екендігін де жырға қосады. Туған елін - алтын бесігін ол ерекше бағалайды.

Алпамыс - ізгіжүректі, жауға қатал болса да, туған еліне, туған-туысқандарына, елі - жұртына сондай бауырмал, досын сүйсіндіретін мейірімді жан.



Ақсұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін...

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын-туған ел үшін.

Келермін қайтып сен үшін... - деп, ері елін, ата-анасын сағынған, әрі досын да қимай, ер, батырлық жүрегі елжірейді. «Батыр аңғал» деген халық мақалы, шынында да, дұрыс-ақ. Бұл - Алпамыстың басынан да табылады. Мыстанның өтірік жылап, балаларынан айрылдым дегеніне сенуі, Байшұбарын кемпір үшін басын шауып тастай жаздауы, жаңа ғана танысқан Қаражанға жан серігі Байшұбарды мінгізіп қоя беруі де аңғалдық, аңқаулық, ақкөңілділік дер едік. Бірақ, жырда Алпамыс үнемі аңқау бола бермейді, ол өнерлі де, алды-артын болжайтын ақылды да, керекті жерінде қолданатын айла-тәсілі де бар, он саусағынан өнер тамған өнерлі де жігіт, шебер де ісмер батыр.

Қыз келгенде қалай жауап беріп, қалай құтылудың амалын айтып, Кейқуатқа әрқашан ақыл айтып отыратын да, халықты қалай басқарып, елді қалай ұстау әдісін де, халықтың өзін сыйлау жолын да досына үйретіп отыратын.

Сөркелердің сүйегінен сырнай жасап, оны Кейқуатқа үйретіп сырнайлатып, ханның қызы Қарагөзайымның сырнайды кім жасағанын айту үшін, Алпамыстың қайда екенін білу үшін де, хан қызы Кейқуат не істесе, соған көнеді, бұны жасаған адамның жай жан емес, ерекше өнерлі жан екеніне сенген қыз, Алпамысқа ғашық болады да:

Тазша амал табады,

«Шаршадым» деп жүрместен

Сонда жата қалады.

Берейін саған пұл деді,

Шыныменен шаршасаң,

Кел, мойныма мін деді, -

деп хан қызын Алпамысқа іңкәр етіп жырлайды.

Жалпы «Алпамыс батыр» жырында адам жанының ішкі сезіміне ерекше әсер ететін монологтары - Алпамыс туғандарының зары, жоқтауы сондай аянышты сезім тудырады. Жыршы - ақынның суреткерлік шеберлігі деәрбір көріністе орынды бейнеленеді.

Тауга біткен шиедей,

Босатты бала жүйені

Аппыс екі тамыры

Алпамыстың иеді...

Атынан барып құлады...

Құмға біткен ебелек,

Биік тауды түн болса,

Түлкі жортар көбелеп,

Қайда кетіп барасың

Иесіз қалған кебенек!... - деп жырлайды атасы Құлтай.

«Жырдағы оқиғалар неше бөлек эпизодтармен жинақталып келіп шарықтау шегіне жетеді. Шарықтау шегі - Жәдігерді дарға асатын жері. Жалғыз ұлдан тірі айрылып, зар жылаған кемпір-шал, қол аяғы, кісендеулі зар жылаған жас бала, жарынан айрылған Гүлбаршын, көз жасын төккен ұл мен қыз, осының барлығын шарықтау шегіне жетіп, оқиға жеңіс тауып, шешіліп, Алпамыстың келуі, оқиғаның шешілуі», - дейді Қажым Жұмалиев.




«Белгілі қанша жұртқа атым - Сара»

(Біржан - Сара» айтысындағы Сара бейнесі)
«Біржан - Сара» айтысы түр жағынан да, мазмұн жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс. Бұл айтыс ақылмен өлшеніп шыққан, ішінде көлденең артық сөз жоқ, жазба әдебиетінің жақсы үлгілері сияқты. «Біржан - Сара» айтысында сюжет, тақырып шұбарлығы да жоқ. Бұл айтыстың тақырыбы - қалыңмалды сөгу. Осы тақырыпты екі ақын да айтыстың ен бойына тура алып шығады.

Сәбит Мұқанов

«Айтыс» 1-том.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет