Шқо тарбағатай ауданы Сатбаев ауылы «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» кмм кайырбекова Шынар Молдабековна Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет1/3
Дата02.02.2022
өлшемі35,08 Kb.
#116810
  1   2   3
Байланысты:
Аталар ерлігіне тағзым. Мерекелік сценарий
Қызметтік мінездеме[1] дұрысы, Қызметтік мінездеме[1] дұрысы, Аталар ерлігіне тағзым. Мерекелік сценарий, Аталар ерлігіне тағзым. Мерекелік сценарий, түсінік хат типтік

ШҚО Тарбағатай ауданы Сатбаев ауылы

«С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ

Кайырбекова Шынар Молдабековна



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: « Аталар ерлігіне тағзым»

Түрі:Мерекелік бағдарлама

Мақсаты: Аталар ерлігіне тағзым ете отырып, тарих туралы ұғындыру.Елін жерін сүйер ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Өнерге баулу.

1 – жүргізуш: Ұлы Жеңіс күні 9-мамыр – үлкен мереке.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 - жүргізуші:  Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Олай болса салтанатты мерекелік бағдарламаны ашық деп жариялаймын!

«Әнұран» шырқалады.

1 - жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған

2.Таң алдында сағат бесті соққанда,


Фашист неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды  ойранды.
1.

Осы хабар уақытында алынды,


«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.

2.Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,


Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

1.Ардагер аталарға мың алғыс!


Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
2.Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова ,Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов , Қасым Қайсенов, Қасым Аманжолов, Баубек Бұлқышеев, Рақымжан Қошқарбаев т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.

1.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.



(1 мин үнсіздік)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет