Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов Өзім туралы (ән-өлең)



Дата11.11.2016
өлшемі51,24 Kb.
#1495
түріСабақ
Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов

Өзім туралы (ән-өлең)



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Қасым Аманжолов жайлы білімдерін кеңейту үшін қолайлы орта құру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік: Тақырыпқа байланысты әр алуан сұрақтар қою арқылы және тапсырмалар орындату арқылы өз ойларын, пікірлерін ортаға сала білуге үйрету;

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге баулу.

Баладан күтілетін нәтижелер:

  1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдері толығады.

  2. Өз пікірлерін айтып, ойларын еркін түрде ортаға сала алады.

  3. Оқыған өлеңдерінің мазмұнына, құрылымына сүйене отырып, жан-жақты талдау жұмыстарын жасай алады.

Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, шарлар, бағалау парақтары, топ аттарын жазуға арналған парақшалар

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО технологиясының стратегиялары (“үш қадамды сұхбат”, “ойланыңыз, жұптасыңыз, талқылаңыз”, “топтастыру” (ассоцация), “РАФТ”, “соңғы сөзді мен айтайын”, “көп деңгейлі сұрақ”), АКТ-ның кейбір элементтері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (5мин.)

- амандасу

- түгендеу

- үш топқа бөлу

- оқу-құралдарын түгендеу

- зейіндерін сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (6мин.)

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясын қолдану

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

«Ойланыңыз, жұптасыңыз, талқылаңыз» стратегиясы бойынша жұмыс жасатады. Сұрақ қояды.

- Балалар, осы сендер есімі «Қ» әрпінен басталатын қандай атақты тұлғаларды (ақын, жазушы, батыр, ғалым, әнші, т.б.) білесіңдер? (2мин.)



Ойланып, топ мүшелерімен ойларын бөлісіп, миға шабуыл жасап, жалпы сынып алдында ойларын талқыға салып, сұраққа жауап береді.

Мағынаны тану

Қасым Аманжолов туралы видео көрсетеді (3мин.)

«Топтастыру»(ассоцация) стратегиясы бойынша жұмыс жасатады (3-4мин.)

І-топ: Қ.Аманжоловтың өмірі

ІІ-топ: Қ.Аманжоловтың отбасы

ІІІ-топ: Қ.Аманжоловтың шығармашылығы.

Өлеңді мәнерлеп оқып бастайды (2мин.)
Үнтаспадан «Өзім туралы» өлеңінің әнмен жазылған нұсқасын тыңдатамын (3мин.)
Әр топқа жеке-жеке шығармашылық тапсырмалар береді.

І-топ: Ақынның «Өзім туралы» өлеңін құрылысына қарай талдау.



(11-12 буынды, бунақты, тармақты, шумақты, қара өлең ұйқасымен жазылған өлең)

ІІ-топ: РАФТ стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс жасау.



Р – Қасым

А – ХХІ ғасыр жастары

Ф – монолог

Т – тақырып

ІІІ-топ: «Өзім туралы» өлеңіндегі көркемдеуіш сөздерді табу.



Теңеу:

Метафора:
Бала Жамбылдың «Дүниеге келер әлі талай Қасым» концертінде оқыған «Өзім туралы» өлеңін тыңдатамын.
Шығармашылық тапсырма орындатады. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» тақырыбына өлең құратамын немесе ой толғау жазғызамын. (5мин.)


Интербелсенді тақтадан Қ.Аманжолов туралы бейнебаяннан үзінді көреді.
Арнайы таратылып берілген парақтарға топтастыру сызады.

І-топ: Қ.Аманжоловтың өмір жолы жайлы жазады.

ІІ-топ: Қ.Аманжоловтың отбасы, яғни жары, балалары, ұрпақтары туралы жазады.

ІІІ-топ: Қ.Аманжоловтың шығармашылығы, яғни ақынның қаламынан туған шығармалар, өлеңдер туралы жазады.


Мұғалімнің оқып бастаған өлеңін жалғастырады. Түсініксіз деген сөздерді “түртіп алу жүйесі” арқылы белгілейді. Өлеңнің мағынасын түсініп отырады.
Әнді тыңдайды.

Өлеңнің мәтініне, мазмұнына сүйене отырып, тапсырмаларды орындайды.

І-топ: Ақынның «Өзім туралы» өлеңін құрылысына қарай талдайды.

ІІ-топ: РАФТ стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс жасайды.

ІІІ-топ: «Өзім туралы» өлеңіндегі көркемдеуіш сөздерді табады.

Үнтаспадан бала Жамбылдың шығарған өлеңін тыңдайды.


Өздері жайлы өлең құрап жазады немесе ой толғау жазады.



Ой қозғау

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы бойынша жұмыс жасатамын

Әр оқушыға стикер таратып беремін де «Нені білдім? Нені білгім келеді?» сұрақтарына жауап жазуды ұсынамын. (2 мин.)



Берілген стикерлерге сабақта нені білгендерін немесе әлі де нені білгілері келетіндерін жазып, тақтада ілулі тұрған, «кері байланыс парағына» апарып іледі.

IV. Сабақты бекіту

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы бойынша жұмыс жасау.

Жеңіл сұрақ

- «Өзім туралы» өлеңінің авторы кім?

- Қасым Аманжолов қай жылы дүниеге келген?

- Қасым Аманжоловтың дүниеге келген жері?

- Қасым Аманжоловтың қай жылы дүниеден өткен?

Күрделі сұрақтар
V. Бағалау

Бағалау парақтарын жинап алып, оқушылардың өздерінің қойған бағаларымен салыстыра отырып, тиісті бағаларын қою.



VI. Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет