Шонтыбаева Асем Токабаевна Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Өнер сарқылмас қазына» сазды кешінің бағдарламасы



Дата22.02.2018
өлшемі56,35 Kb.
түріБағдарламасы
Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

домбыра сыныбының мұғалімі

Шонтыбаева Асем Токабаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы



«Өнер – сарқылмас қазына»

сазды кешінің бағдарламасы
Мақсаты: Музыка бірлестігі мұғалімдерінің жасаған жұмыстары мен оқушылардың өнерлерін насихаттау.

а) Білімділігі: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, өнер

туралы білімдерін терең меңгерту



ә) Тәрбиелілігі: Музыканы сезіндіре отырып, эстетикалық талғамдарын

қалыптастыруға тәрбиелеу



б) Дамытушылығы: Өнерлі, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

дамыту


Көрнекіліктер: Таспа, шарлар, плакаттар, аспаптар

Кештің жоспары: 1. Кіріспе сөз

2. Баяндамалар

3. Концерттік бағдарлама

4. Ребустар шешу

5. Қорытынды
Кештің барысы:
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті өнер сүйер қауым! Бүгін музыка бірлестігі

апталығының қорытынды концерттік кеші.

Біздің еліміз - мәдениеті мен өнері өркендеген ел. Музыка дыбысы - өзіндік мәні мен маңызы бар дыбыс. Оның қадірі, қасиеті, ерекшелігі бар. Музыканың мәні - адамның аңсаған арманын, қуанышы мен күйінішін санамызға жеткізіп, жүрегімізге құйып береді.

Музыка – адам жанын жарқындататын өнер. Музыка – шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.

Адамның музыкасыз бірде-бір сәті жоқ. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән – күй арқылы әдет – ғұрып, дәстүр, салт – сана ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Қазақ халқы музыкаға өте қабілетті халық екендігін Қазақ музыкасын зерттеген ғалымдардың бірі А.Затаевич айтқан болатын. Халықтық ән – күйлерді біз үлкен құрметпен орындаймыз, сүйсініп тыңдаймыз. Музыкалық аспапта ойнау да қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі.

Бабаларымыздан қалған мұрамыз – Домбыра. Жыр, терме, айтыс, толғау, ән, күй, қисса-дастан, т.б. шығармалардың барлығы бізге домбыра арқылы жетті. Күйдің шығу әңгімесі, әннің әуенге қосылуы, терменің тәрбиелік мәні, өсиеттің нақтылы, жырдың ұзақ оқиғаларыәуен негізінде орындалды. Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас дүниелерді тазартуға, күнәдан арылуға, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Сондықтан да біздің қасиетті мұрамыз.

Өнердің өрге өрлеген баспалдағы,

Жайқалып өсті қанша қызғалдағы

Күй тартып, би билеген сахнада

Тасыған бойда қуат білім нәрі.


Ұстаздан алған өнер шамшырағын,

Секілді сөнбес мәңгі ұшқан жалын

Тамсантып талабымен қол соқтырған

Өнерпаз шықты қайрап таланттарын

Бұл мектеп аудандағы Құлшар аты,

Дарыған құдірет күй салтанаты.

Апталық болып өткен осы аптада,

Жетіпті мәресіне соңғы сәті.


Ашайық сахнаның ажар – күйін

Қандай ыстық көрінер соңғы түйін

«Өнер мен еңбек - егіз» деген сөз бар,

Қорытынды айтылар осы жиын.


Кәнеки, қол соғайық, қарсы алайық,

Болады бәрімізге осы лайық.

Бүгінгі беташарын сахнаның

Ал, қане, ортаға бір шақырайық., - деп, мектебіміздің ұлағатты ұстазы Іңірбай

Көбегеннің өлең жолдарымен сазды кешімізді жалғастырамыз.
Баяндамалар:

1. «Музыкалық аспапты меңгеруде аппликатураның маңыздылығы» - -

баян сыныбының мұғалімі Қарабатырова Гүлнар

2. «Қобыздың қоңыр үнімен....» - қобыз сыныбының мұғалімі Наурызбаева Әйгерім

3. «Музыка – жүрек тілі, көңіл-күй әлемі...» - фортепиано сыныбының мұғалімі

Шағыраева Бақыт


Концерттік бағдарлама
Күндей күліп жарқырайды, шығады

Жақсы әуен жыр мен әннің бұлағы

Түсінеміз әннің асыл ырғағын,

Көңілімен тыңдаған жан ұғады.



- Б.Байқадамов «Айгөлек» - орындайтын баян сыныбының

оқушысы Теберікова Меруерт


- С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны» - орындайтын домбыра сыныбының

оқушысы Өмір Гүлкенже


- Сүгір «Бозінген» - орындайтын қобыз сыныбының оқушысы

Қозыбаева Рысгүл


Ән – дауыстың ырғағы

Шырқалады жыр - әні

Өмір сәнді күйменен

Әсем әуен гүл бағы


- Халық әні «Гүлдерайым» - орындайтын домбыра сыныбының оқушысы

Дүйсенбай Қанат,

Фортепианода сүйемелдейтін

Шағыраева Бақыт




- А.Моцарт «40 – симфониядан үзінді» - орындайтын ансамбль

Қуатбаева Нұрбану, Ахтямова Эльвира



- Халық күйі «Нәр ағашы» - орындайтын 1-2 сынып домбырашылар

ансамблі
Қасиетті домбыра

Атадан қалған ол мұра

Шанағынан шығады

Бабалардың ұраны.
- Құлшар «Қыз қамаған» - орындайтын домбыра сыныбының оқушысы

Юнусова Меруерт



- Сөзі Х.Талғаровтікі

Музыкасы И.Нүсіпбаевтікі

«Домбырасыз сән қайда... » - орындайтын фортепиано сыныбының

оқушысы Юнусова Жансая

Жан – жақты болу керек нағыз өрен,

Секілді өткір жүзді бейне ақберен

Өнерлі, білімді де әрі батыл

Ғылымның әр саласын білер терең.


- Беларусь полькасы «Янка» - орындайтын 3-сынып ұлт-аспаптар

ансамблі
- Ә.Желдібаев «Ерке сылқым» - орындайтын домбыра оқушысы

Нұрбергенов Мағжан
- Үнді биі - орындайтын Өмір Гүлкенже

Жүргізуші: Музыка апталығының күндерінде дәліздегі (фойедегі) тақтаға

ребустар ілінген болатын. Жауабын алдымен тапқан 3 оқушыға

сыйлықтарымыз бар.

( Оқушыларға сыйлықтары беріледі.)


Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің мақсаты музыкалық білім туралы түсінік беру

және оқушылардың өнерлерін насихаттау болғандықтан, музыканың маңызы – адамды сазды әуенмен дүниетануға, сұлулықты сезінуге жетелейді деп қорытындылаймыз.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет