Сыбайлас жемқорлықпен күресу саласындағы халықаралық тәжербие
КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»
Экономика пәндерінің мұғалімі
э.ғ.м. Кудекова Н.М.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі таңда халықаралық деңгейде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін әсеріне тоқтала кететін болсақ:
- Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.
- Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.
- Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.
- Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлық экономикалық субъектілердің шығындарын көбейтеді, бұл тұтыну бағасын және тарифтерді өсіреді.
- Сыбайлас жемқорлық басқару органдарын ғана бұзып қоймай, әр түрлі корпорациялардың басқару аппаратын да ірітеді. Жалпы басқару тиімділігі төмендейді – мемлекеттік те, коммерциялық та.
Қазіргі қоғамда елдердегі жемқорлық деңгейін анықтау үшін көптеген зерттеулер, мониторингтер жүргізіледі. Солардың ішіндегі маңыздылары Жемқорлықты қабылдау индексі, Пара төлеушілер индексі, қылмыс құрбандарына халықаралық шолу, Мемлекеттік айқындықты (тазалықты) бағалау индексі, Жаһандандыру индексі т.б.
Көптеген зерттеулер ішінде әлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ең толық әрі дұрыс мағлұмат беретін және жемқорлық факторларын анықтайтын Трансперенси Интернэшнл халықаралық зерттеу ұйымы болып табылады.
Трансперенси Интернэшнл (Transparency International) сөзінің аудармасы Халықаралық айқындық деген мағынаны білдіреді, (Прозрачность) – бұл халықаралық деңгейде және жеке елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күресті зерттейтін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым.
Біз Сингапур, Малайзия, Қытай, АҚШ, Финляндия Ресей, Эстония елдерін мысалға ала отырып, осы елдердің жемқорлықпен күресу тәжірибелеріне тоқталамыз. Талдау жұмыстары үшін не себепті осы елдер тәжірибесі таңдалынып алынды?
Сонымен, Transparency International ұйымының 2008 жылы жариялаған мәліметтеріне сүйнесек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Азия өңіріндегі ең төмен ел
Достарыңызбен бөлісу: |