Сынып: 5 «А, Ә, Б, В» Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі



Дата17.06.2018
өлшемі48 Kb.
#42922
Сынып: 5 «А, Ә, Б, В»
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі, элементтері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қарауға, ашуға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, сауатты орындауға, өз жұмысын бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі. Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.,
кеспе, графопроектор, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы.


1. Оқушылардың ұйымдастыру.(Бағалау парағын беріп қойып, өздері бағалап отырады, түсіндіріп жіберу) Жеке – жеке әркім өздері үшін жұмыс жасамыз, көршіге көмек дегенді ұмытпаймыз. Бәсекелестік болу керек, тек сонда ғана жұмыс нәтижелі болады, бұл сөзді ел басымыз айтқан. Ал, іске кіріселік, сәттілік тілеймін!
2 «Өткенсіз – өрге жүзпеспіз.»Үйге берілген тапсырманы тексеру.(тест арқылы) Му тест арқылы электрондық тест беріп өткен сабақ бойынша оқушыны автоматты түрде бағалау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.( слайд арқылы)
4. Тапсырмаларды орындау. Деңгейлік тапсырма
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер. «Білгенге маржан»


Мәтіндік редактор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар қолданбалы программа. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.


Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Пуск =>Все программы =>Стандартные =>WordPad( Жіберу =>барлық бағдарламалар =>Стандартты =>WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: белгіше, жылдам қол жеткізу батырмалары, тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы, басқару батырмалары, жай - күй жолы
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал - саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді. Мәтіндік редактор мынадай мүмкіндік береді
1 мәтіндік құжаттар құруға
2. оларды өзгертуге, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға, қосуға, іздеу, алмастыру жүргізуге
3. мәтінді пішімдеуге - мөлшерін түсін абзац қасиеттерін өзгертуге
4. құжаттарды басып шығаруға\
Компьютерде мәтін – ол символдардың кез - келген жиыны. сөз бір - бірінен тыныс белгілерімен бос орынмен(пробелмен) ажыратылып жазылған символдар тізбегі
Сөздердің арасында және тыныс белгілерінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтін элементтері – символ - сөз - жол - абзац - бет - мәтін. Мәтіндік редакторда жыпылықтайтын сызықша – мәтіндік курсор деп аталады. Құжаттарды сақтау файлдардың типін өзгертіп, сақтау. Мәтінді енгізіп болған соң WORDPAD батырмасына барып – сохранить немесе

Х жабу батырмасын басып сақтау. Екінші рет мәтін енгізіп сақтағанда файл типін өзгертіп Тип файла батырмасын басып содан Текстовый докумен (txt) типін таңдап сақта. Сонда сақтаған файлдардың сыртқы түріне көңіл аудар және файлдардың мөлшерін қара.


Тапсырмалар орындау Ескерту тіл регистрін ауыстыруды ұмытпа. Ой қозғау
І деңгей WORDPAD МӘТІНДІК редакторын іске қос., үйден жазып келген 1 мақал - мәтелдің теріп жаз. Жазған мәтінінің неден тұрады?(символ, сөз, жол, абзац, бет).

ІІ – деңгей Ой толғау


Жазған мәтінді сақта, файлды « матин» деген атпен (тип файла rtf) сақта
Сақтаған файлды қайта ашып., атын өзгертіп «редактор»деп сақта (тип файла tхt)

Сергіту
Тақтада WordPad мәтіндік редактор деп жазулы, айналдыра қолданылған командалар қазақша жазулы тұрды, соған сол команданың орысшасын жапсырады, жылқының суретімен сонда жылқылар аламанда жарысып жатқандай кескін шығады, себебі биыл қандай жыл? Жылқы жылы дұрыс енді осы жылқының шабысындай жылдам жұмысымызды аяқталық.

ІІІ – деңгей. Ой тұжырымы
Сақтаған файлдарың көлемін қара және дәптерге жаз. Қай файлдың көлемі көп. Сыртқы түріне көңіл аудар Әрбір оқушы слайдқа қандай әрекет жасадық деген сұраққа қысқаша жазып графопроектордан көрсетіп, сөйлеу керек.

Шығармашылық


Мәтіндік редактор - WordPad деп жазыңыздар да терезе элементтерін жаз (интерактив тақтаға)
бекіту сұрақтары:

• WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?


• WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
• WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің элементтерін атаңыз.
Бағалау: бағалау парағындағы баға қойылады, өздерін бағалау.

Бағалау парағы (Өзіңді - өзің бағала)


Бағалау 1 - 5 балл қойылады, барлығы қосылып, орындаған тапсырма санына бөлінеді, сонда сенің бағаң шығады. Іске сәт!

Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі тақырыбын оқу, жылқы туралы мәтін жазып келу. Командаларды жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 04f2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04f2 -> БҚО. Казталов ауданы. Жалпақтал ауылы. К. Мендәлиев атындағы ожббм
04f2 -> 2015 жыл Шығармашылық жоба өзектілігі
04f2 -> Ахметжанова Кымбат Серикханкызы Педагогика ғылымдарының магистрі. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданының психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеті»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет