ІІІ
|
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын да өткен сабақтарда Орталық, Батыс, Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын меңгерген жоспарды пайдалана отырып меңгереді.
1. Ауданның ЭГЖ
2. Әкімшілік-аумақтық құрамы
3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру
4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы
5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау
6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау
7. Аумақтық-өндірістік кешендері
8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар
9. Ірі қалалары
10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары
Аудан экономикасының даму болашағы
Жоспарды еске түсіргеннен кейін мұғалім Солтүстік Қазақстан ЭА-на қысқаша шолу жасайды.
Солтүстік Қазақстан ЭА-ның Ресеймен өндірістік байланыстарының маңызын көрсету үшін 2-3 мысал келтіреді. Осы ауданды мысалға ала отырып, экономикалық-географиялық жағдайдың тарихи категория екендігіне, оның қысқа мерзім ішінде жақсы қаншалықты өзгергенінеоқушылардың көздерін жеткізуге болады. Ең алдымен, ЭГЖ-дағы жаңа аспект – астаналық жағдайды атап көрсеткен дұрыс. СҚ аумағында жаңа астананың бой көтеруі – оның шаруашылығының барлық салаларының дамуына күшті серпін болды. Одан соң Конечная – Ақсу және Хромтау – Алтынсарин темір жолдарын салу арқылы көлік жағдайының жақсарғандығы туралы айтуға болады. Олар республиканың Солтүстігін Шығыс және Батыспен тікелей қосады.
Табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері ретінде: 1) шикізатты кешенді өңдеуді; 2) қара топырақтың құнарлылығын сақтауды; 3) топырақты эрозиядан қорғау мен қайта өңдеуді; 4) пайдаланылмайтын егістік жерлерді өнімі жоғары шабындықтар мен жайылымдарға айналдыруды атауға болады.
Сабақтың осы фрагментін халықтың өмір сүруінің табиғи жағдайларына сипаттама берумен аяқтаған тиімді.
|
Оқушылар тақырыпты меңгеру жоспарымен таныс, онымен қалай жұмыс істейтіндерін айтады. Атластың көмегімен оқушылар экономикалық-географиялық жағдайды анықтайды. Ол үшін ауданның шекарасын, табиғи шектерін, аудан іші мен көрші аумақтармен көлік байланысының жағдайын, оларды Солтүстікпен байланыстыратын мамандану салаларын көрсету керек. Шекара маңы ерекшеліктерін де көрсетуге болады: Солтүстік Қазақстанның басқа аудандардан өзгешілігі – оның Ресей Федерациясы сияқты жалғыз ғана шет елмен көрші болуы. Мүмкіндігінше, Ресейдің шекаралас экономикалық аудандарын ғана атап қоймай, олармен өндірістік байланыстарға да мысалдар келтіріп, Солтүстік арқылы өтетін (транзиттік жағдай) көлік жолдарының маңызын да атап өту керек.
Балалар карта бойынша кен оындарының биігірек жер бөліктерінде, көбінесе топталып орналасқанын анықтайды. Көптеген пайдалы қазбалардың таяз орналасу сияқты ерекшеліктерін еске түсіру қажет. Осының негізінде кен-геологиялық жағдайларының ашық әдіспен өндіруге және шикізатты кешенді түрде пайдалануға қоайлы екндігіне көз жеткізуге болады.
Одан соң оқушылардың біліміне сүйене отырып, агроклиматтық жағдайларға баға беріледі, Солтүстіктің табиғат жағдайлары күздік емес, жаздық бидай өсіруге қолайлы екендігі, оның себептері неде екендігін анықтайды.
Ауданның рекреациялық жағдайы туралы: ауданның рекреациялық мүмкіншілігі үлкен, дегенмен, Орталықтағы көршілеріне қарағанда біршама тәуір қамтамасыз етілсе де, тұщы су мен орманға онша бай емес екендігін айтады.
Тақырыпты меңгерудің соңғы кезеңдерінде ауданның халқына тоқталады: қысы қатал әрі ұзақ болғанмен, күшті желдер мен шаңды боран жиі соққанмен, Қазақстандық Солтүстік – өмір сүру мен шаруашылықпен айналысу үшін қолайлы аудан деген қоыртынды жасайды.
|