Сыздықова Куляйша Мұзбалаққызы



Дата01.04.2017
өлшемі87,84 Kb.
#12954
Сыздықова Куляйша Мұзбалаққызы.

Қызылорда политехникалық колледжі
Өндірістік оқытудың негізгі формалары .Оның ішінде кәсіптік колледждегі оқытудың түрлері мен тақырып материалдарын игеруге арналған әдістемелік нұсқаулар; өндірістік сабақтардың құрылымы және өндірістік оқыту сабағына талдау жасауы айтылады.

Техникалық және кәсіптік колледждерде өндірістік оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар қалыптастыру үшін негіз қалайды.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында

«Білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі» деп атап көрсетілген болатын. Еліміздің экономикасының өрлеу деңгейінің жоғарылауы білімді, бәсекеге бейімді мамандарға негізделеді.

Қазіргікезеңде елімізге қажетті өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген , заман талабына сай кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер мен талаптар қойылып отыр. Осы бағытта техникалық және кәсіптік колледждерде кәсіптік білім берудің сапасын арттыруда өндірістік оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.

Кәсіптік колледждерде жүргізілетін өндірістік оқыту үдерісі теориялық және өндірістік оқытудан тұрады.


  1. Теориялық оқыту: мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар негізінде жалпы білімдік даярлық(Гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми циклдер),таңдап алынған пәндер,алғашқы әскери дайындық, кәсіптік даярлық, кәсіптік цикл.Мектептен алған білімдерін арықарай жалғастырып сонымен қатар өз таңдаған мамандықты саналы,тұрақты игеруге керекті білім жүйесінің қажеттінше қалыптастыруды мақсат етеді.

Өндірістік оқыту - студенттердің меңгерген теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқыта отырып, белгілі бір мамандық бойынша болашақ кәсіби маман- жұмысшыны даярлау болып табылады. Өндірістік оқыту үдерісі негізгі үш кезеңнен тұрады:

-оқу шеберханасында, оқу-жаттығу алаңдарында, оқу зертханаларында, оқу шаруашылығында оқудан;

- өндіріс жағдайында(кәсіпорында, мекемеде, шаруашылықта) оқудан;

- өндірістік практикадан.

Өндірістік оқыту үдерісі- студенттердің білім,білік және дағдыны саналы, түпкілікті меңгеруге бағытталған және оларды өмірде қолдана білуді қалыптастыратын, өзіндік ойлау мен танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытатын өндірістік оқыту шебері мен студенттердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Өндірістік оқыту сабағы- студенттердің оқу шеберханасындағы өндірістік оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.

Өндірістік оқу сабағы студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай 6 - 7 академиялық сағат көлемінде болады.

Өндірістік сабақ құрылымы жағынан негізгі 3 элементті қамтиды:



Кіріспе нұсқау:

  • Студенттердің өзіндік жұмысы және шебердің ағымдағы нұсқауы;

  • Қорытынды нұсқау.

Өндірістік оқыту шеберінің кіріспе нұсқау беруінің негізгі міндеті –студент санасында орындалатын өндірістік оқудың мақсаттары туралы толық, жан-жақты түсінік қалыптастыру, жұмысты орындаудың жағдайы, құралдары, орындалу әдістері мен ерекшеліктері, бақылау және өзін өзі бағалау әрекеттері туралы мағлұмат беру.

Ағымдағы нұсқау берудің басты міндеті – студенттерге өндірістік оқу жұмыстарын орындау кезінде басшылық жасау, жұмысты орындау дағдыларының қалыптасуын бақылау және саралау, білім, білік және дағдыларын тексеру,бағалау.

Қорытынды нұсқау берудің негізгі міндеті - өткізілген сабақты қортындылау, студенттердің сабақта алған білім, білік және дағдыларын саралау, бекіту.

Өндірістік оқыту шебері атқарылған жұмыстың сапасы, дұрыс орындалуы және әр студенттің жіберілген қателіктері жайлы жалпы сипаттама, қорытынды жасайды.




Тақырып материалдарын игеруге арналған

әдістемелік нұсқаулар.
1.Өндірістік оқытуды есепке алуға қойылатын талаптар мен міндеттер.

Бұл үшін өндірістік оқытудың есепке алу процесінің маңызды кезеңдерін, құрамдас бөліктерін біліп алуымыз қажет.



  • Әр студент жеке есеп жүргізуі керек: жұмыс әрекетін не өнім көлемін салыстыру, қайта санау, сапасын анықтау, қорытынды шығару.

  • Бақылау жасау, яғни әрбір студенттің белгілі бір іс-әрекетін, жұмысшының білімі, біліктілігі және дағдысына сәйкестігін анықтау, еңбек нәтижесінің нормативті талаптарға, ережелерге, бағдарламаларға жауап беруін қадағалау.

  • Іс-нәтижесін бағалау – іс-нәтижесін, оның дұрыс орындалғанын, сапалылығы және оқу - өндірістік жұмыс қорытындысын шығару.

Мұнда « Өндірістік оқытуды есепке алу » плакатын пайдаланып, сабақты қорытқан тиімді. Шебердің студенттердің еңбек нәтижесін бақылауы мен остуденттердің өзіне-өзі бақылау жасап, баға беруі өзара үндесіп жатса іс нәтижелі болмақ.

2. Оқыту бағдарламасының, оқу жоспары мен өндірістік оқыту жұмыс жоспарының орындалуын есепке алу.

Енді өндірістік оқытуға оқу жоспары бойынша бөлінген сағаттарды есептеп көрелік, ол үшін « Жоспарлау мен есепке алу » туралы нұсқауға сүйенеміз. Ол бойынша оқу жоспарының орындалуы пайызбен % - көрсетіледі де мынадай формула арқылы анықталады. Оқу жоспарының орындалуы (%) = Тн/Тж * 100 %

Мұндағы Тн – оқу тобының өндірістік практикаға нақты жұмсаған уақыты, ал Тж – оқу жоспары бойынша оқытуға бөлінген сағат. Мұның бәрі өндірістік оқыту кезінде жүргізілген есепке алу журналындағы мәліметтерден алынады. өндірістік практиканың кез-келген бөлігін осылайша есептеп шығарып, жұмыс ауқымы мен оған бөлінген сағаттың арақатынасын шығаруға болады. Бұны студенттердің өндірістік практика кезінде жүргізілген күнделіктері арқылы анықтауға мүмкіндік бар.

3.Студенттердің сабаққа қатысуын есепке алу.

Оқу шеберханасында өткізілген практика кезінде студенттердің сабаққа қатысуын есепке алуы күн сайын өндірістік оқытуға арналған журналды белгіленеді, ал өндірісте не кәсіпорында өткізілген өндірістік оқыту практикасында күн сайын цехтың не учаскенің есепке алу табельінде белгіленеді. Мұнда да студенттердің практикаға қатысуының жалпы пайызын есептеп шығаруға болады. Ол үшін белгілі бір мерзімді алып, жалпы студенттер саны мен мерзімін алып, жіберілген сабақ сандары арқылы былай анықтаймыз.

Сабаққа қатысу % -ы = ΣТн/ Тж . 100 %

Мұнда ΣТн – сабаққа нақты қатысқан судент – сағат санының жалпы көлемі, ал ΣТж - оқу жоспары бойынша бөлінген студент саны - сағаттың жалпы көлемі. Сол сияқты студенттердің жіберген сағат көлемін де есептеуге болады. Жіберілген сағат % пайызы ΣТжб/ ΣТбс

Мұндағы ΣТж/б – жіберілген сағаттардың жалпы көлемі, ал ΣТб/с – сол мерзім ішінде оқытуға бөлінген жалпы сағат көлемі.

4. Білімнің игерілгендігін есепке алу әдістері.

Бұл бөлімде есепке алу әдістерінің оқу материалдарының қаншалықты игергендігін бақылау, өндірістік оқыту процесін ағымдық бақылау және өндірісік тапсырмаларды қалай орындағанын тексеру арқылы білеміз. Осы әдістердің өзара айырмашылықтары мен ерекшелігі бар, біз оларды шатыстырмай, ажырата алуымыз керек.

Ол үшін осы әдістерге жалпы сипаттама беріп, олардың өзара байланысын да анықтауымыз қажет. Оқөу-өндірістік жұмыстардың орындалу мерзхімі мен мазмұнын атқарылатын технологиялық процестердің күрделілік сипатын тексеру-оқу процесінің міндетті дербес орындалу бөлігіне кіреді. Ағымдық байқау жұмысы оқу процесінің дербес бөлігі емес, оқытудың кез-келген мерзімінде атқарылған жұмысты байқауға арналған. Шебер обьективті мәліметтер негізінде белгілі бір мерзім аралығындағы жұмыс процесінің дайындығы мен оның атқарылуын байқайды. Студенттің мұнда бірнеше жұмысты қатар атқарады, жұмыстың нұсқауға, нормативті құжаттарға сай орындалуын, технологиялық процестер тәсілінің бірізділікпен технологиялық процестер тәсілінің бірізділікпен атқарылуын, тиісті құрал-жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана білу қабілеттілігін көрсете алуы тиіс. Мұнда соңынан баға не белгі қойылмайды. Шебер өз ескерулерін айтуы мүмкін.Сонда да тексеру мен ағымдық байқау студент білімі, біліктілігі және дағдысын анықтауды бірін-бірі толықтырып тұратын әдіс. Жас шеберлер мұндағы әрбір қимылды, құрал-жабдықтар мен аспаптар қызхметін дұрыс пайдаланғанын жиі бақылап, қорытынды жасағанда өз пікірін тұжырымдап айта білуі керек.

Ауызша сұрау – пән бойынша теориялық оқытуда кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бұл өндірістік оқытуда көп пайдаланыла бермейді, тек алғашқы және ағымдағы нұсқауларды қалай игергенін білу мақсатында қолданылады. Кейде шебер барлық оқушылардың өндірістік еңбек процестерін байқауға мүмкіндігі болмайды, ондай жағдайда соңынан уақыт тауып, жеке-дара ауызша баяндау арқылы кейбір элементтерін білуге көмектеседі. Бұл теорияны практикада пайдалану жағдайында тиімді.

Техникалық және кәсіптік колледждерде өндірістік оқыту сабақтарын оған қойылатын талаптар бойынша дұрыс жоспарлау және өткізілген сабақтарға жан-жақты талдау жасай білу қажет.



Өндірістік оқыту сабағына талдау жасаудың үлгісі:

1.Сабақ өткізетін орын мен жалпы жағдайларды талдау:

- Шебердің және студенттің жұмыс орының жағдайы;

- Оқу шеберханасы, студенттердің жұмыс орнының санитариялық-гигиеналық жағдайы;

- Сабақта көрнекі құралдар мен түрлі дидактикалық материалдарды пайдалануы;

- Студенттердің оқу материалдарымен, құрал – жабдықтармен жарақтандырылуы;

- Оқу – техникалық құжаттардың сапалылығы (студент пен шеберде болуы);

- Еңбек қауіпсіздігі техникаларының сақталуы.

2. Студенттерге кіріспе нұсқау берудің мазмұны мен әдістерін талдау:

- Сабақ мақсатын дұрыс қоя білуі;

- Сабақ құрылымын, уақытын тиімді ұйымдастыру;

- Студенттердің танымдық және қызығушылық қабілеттерін дамыту әдістері;

- Еңбек процестері мен оны орындау тәсілдерін көрсету және түсіндіру әдістері;

- Еңбектің жаңа техникасы мен технологиясын, озық әдістерді пайдалана білуі;

- Кіріспе нұсқау материаладарын бекіту әдістері және ұйымдастыруы;



- Көрнекі және техникалық құралдарды, техникалық құжаттарды пайдалана білу;

- Сабақтың тәрбиелік маңызы.

3. Шебердің ағымдық нұсқауды жүргізуін талдау:

- жаттығудың бағдарлама талаптарына сай болуы;

- Студенттердің жұмыс орнын жоспарлауы, ағымдық нұсқаумен толық қамтылуы,

көмек көрсетуі;


  • Нұсқау өткізу тізімінің тиімділігі;

  • Орындалған жұмысты қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру, бағалау әдістері;

  • Топтық және ұжымдық нұсқауды ұйымдастыру мен өткізу әдістері;

  • Қорытынды нұсқау өткізу әдістері, оның мазмұны мен ұйымдастырылуы.

4.Студентер жұмысы сапасын талдау:

- Студенттердің жұмысты саналы түрде, өз бетінше атқару деңгейі;

- Жұмысты орындау тәсілдерін дұрыс қолдана білуі;

- Жұмысты ұжыммен бірге атқара білу қабілеті;

- Жұмысты орындау кезіндегі қиыншылықтар мен кемшіліктер;

- Жұмысты орындауда теориялық білімін қолдана білуі;

- Жұмысты орындалу сапасы.

5. Сабақтың ұйымдастырылуы, студенттер тәртібін талдау:



- Сабақтың дер кезінде ұйымдастырылуы;

- Студенттердің жұмыс орныны әзірлеуі;

- Студенттің жұмысқа қабілеті,ынтасы, қызығушылығы, белсенділігі, тәртібі, икемділігі;

-Шебердің жұмысты тиімді ұйымдастыруы, кәсіби біліктілігі.

Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыру - ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамдастықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі және жастардың тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010 жыл

2.Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения: Методические пособие. –М.: Высш. шк., 1988 г.



3.К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі оқулық Алматы 2006 ж.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет