Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет1/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф
Шартты белгілер, Экол картографиялау кітап

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Т.М. Блисов


Экологиялық картографиялау
зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
5В060800 - Экология мамандықтарына арналған
Қостанай, 2014
ББК 20.1
Б 69


Автор:
Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.

Пікір білдірушілер:
Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Жокушева З. Г., экология кафедрасының аға оқытушысы
Т.М.Блисов

Б 69

Экологиялық картографиялау: Әдістемелік нұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2014. – 45б.


Әдістемелік нұсқауларда зертханалық жұмыстар және оларды орындау реті, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған
ББК 20.1
Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, _____.______2014 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2014



Мазмұны
Алғы сөз.......................................................................................................4
№1 Зертханалық жұмыс. Картография жайында жалпы мәліметтер............................................................................................................6
№2 Зертханалық жұмыс. Масштабтар
және шартты белгілер.......................................................................................10
№3 Зертханалық жұмыс. Сызықтарды бағдарлау және
жергілікті жерде нүктелер мен обьектілердің географиялық координаттарын анықтау...........................................................................................17
№4 Зертханалық жұмыс. Румб бойынша
жоспарды құру...................................................................................................23
№5 Зертханалық жұмыс. Графикалық әдіс арқылы жер алаңын есептеу................................................................................................................27
№6 Зертханалық жұмыс. Планиметр арқылы жер алаңын есептеу................................................................................................................29
№7 Зертханалық жұмыс. Карталар мен пландарда горизонталдар
арқылы есептер шығару...................................................................................31
№8 Зертханалық жұмыс. Экологиялық мазмұнды
карталарға шежіре дайындау...........................................................................40
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.................................................................. ..45

Алғы сөз
Қазіргі кезде білім жолында картографиялық әдіс биосфера және оның жекеленген құрауыштарының жай-күйін зерттеуде ең негізгі әдістердің бірі болып саналады. Оны қолдану мұнан былай экологиялық зерттеулерді тиімді жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалануды зерттеу және жоспарлау тиісті картографиялық қамтамасыз етусіз тиімді емесе және қиынға түседі.
Экологиялық картографиялау – жас жаңа дамып келе жатқан оқу және ғылыми пән, оның тарихы екі онжылдықтан сәл артық. Бірақ бұған қарамастан әртүрлі вариациялы атауда картографтар мен экологтарды дайындау оқу бағдарламаларына орнықты кірді деуге болады, ал ғылыми-теориялық жарияланымдар мен нақтылы жасалған карталар бойынша тематикалық картографияның көптеген байырғы бөлімдерінен кем емес. Экологиялық картографиялау «түйіскен» пән болып саналады және осы жағдайда қоршаған ортаның жай-күйі туралы мәліметтерді алу мен оларды аумақтық тұрғыдан түсіндіру, сонымен қатар ақпараттарды жалпы географиялық тәсілдері арқылы дұрыс бейнелеу сияқты арнаулы тәсілдердің бірлігін құрайды. Экологиялық картографиялаудың негізгі айырмашылығы оның дамуы тек өзінің салаларымен шектелмей басқа да көптеген тематикалық карталардың мазмұнын экологиязациялаумен бейнеленеді.
Экологиялық проблемаларды зерттеу мен шешуде әртүрлі, тіпті әртүрлі ілімдер саласындағы мамандар (биологтар, географтар, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаткерлер және т.б.) қатысады. Бұл жағдайда көбінесе карта әртүрлі ғылым мамандарының жалғыз-ақ қарым-қатынас тілі болып саналады.
Кеңістікте сипаттамалары өзгеретін кезкелген құбылыстарды бейнелеуде карта ең ұтымды тәсіл болып саналады. Адамның жылыстауы, тірі организмдердің жайылуы, сол сияқты олардың мекендеу ортасының жай-күйі кеңістікте өзгеру қасиетіне иеленеді. Сондықтан экологиялық жағдайды талдау экологиялық картографиялаудан тыс қарауға болмайды немесе мүмкін емес.
Экологиялық жағдайларды сипаттауда экологиялық карталарды дұрыс пайдалануда ең негізгі мәселе көрсеткіштердің кеңістік пен мезгілдік өзгеруінің физикалық мағынасы мен олардың факторларын талдау болып саналады және олардың дұрыстығы. Әртүрлі көрсеткіштерді салыстыру экологиялық жағдайлардың кеңістік-мезгілдіктегі динамикасын, сонымен қатар оларға табиғи және техногенді факторлардың әсерін талдауға мүмкіншілік жасайды.
Экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.
Экологиялық картографиялаудың негізгі өнімі болып нақтылы аумақтық бірлік шегіндегі экологиялық проблемалардың құрылымын мен шиеленісуін бейнелейтін экологиялық карталар саналады.
Экологиялық картографиялау пәнін оқу барысында зертханалық жұмыстарға да көп мән беріледі, үйткені экологиялық картографиялаудың негізгі құжаттарының бірі болып карталар мен жоспарларда саналады. Осыған орай студенттер картография туралы жалпы ұғымдармен таныс болуы, сонымен қатар геодезияда қолданылатын масштабтар, шартты белгілерді оқи білуі, сызықтарды бағдарлай және объектілердің координаттарын анықтай білуі және жер алаңын есептеуді білуі қажет.
Әдістемелік нұсқаулардың ең негізгі мақсаты – студенттерді осы жоғарыда аталған жұмыстармен таныстыру, жаттықтыру және практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
1 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет