Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі факторларының схемасы
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген
Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.
Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі ресурстар қорларының сарқылу және жандану белгілеріне негізделген. Сарқылу түсінігі табиғат ресурстары қорларын және олардың шаруашылық қажетіне алынуы мүмкін көлемдерін есептеу кезінде пайдаланылады. Осы белгі бойынша келесі ресурстар бөлек көрсетіледі: сарқылмайтын — қазір немесе болашақта адамның пайдалануы барысында олардың қорларының көзге көрінетіндей жұтаңдауына алып келмейтін ресурстар (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, су, ауа энергиясы); сарқылатын жанданбайтын — үздіксіз пайдаланылуы себепті оларды ары қарай пайдалану экономикалық тиімсіз болатын деңгейге дейін жетеді. Оның үстіне, тұтыну мерзіміне сай келмейтін мерзімде олар өздігінен қалыпқа келуге қабілетсіз (мысалы, минералдық ресурстар); сарқылатын жанданатын — өздігінен қалыпқа келуге қабілеті бар ресурстар (көбею немесе басқа табиғи кезеңдер арқылы), мысалы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, су; ресурстары. Бұл қосалқы топта өте баяу қарқынмен жанданатын ресурстар (құнарлы жерлер, ағашының сапасы жоғары орман ресурстары) бөлек көрсетіледі.
Милер бойынша табиғи және жеңілдетілген антропогендік жүйелерді салыстыру