«…Тағы да ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянған»



Дата06.02.2022
өлшемі20,66 Kb.
#81134
Байланысты:
Тағы да ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп


«…Тағы да ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянған».
Кітапқа аты берілген «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесі осылай бас­талады… Кім бұл өзі? Көбелек қуып жүрген бала ма? Көбелек оп-оңай жеткізе қоюшы ма еді?! Қуа берсең, діңкелейтінің анық. Бір сәт балалық кезің есіңе түседі. Шаршауды ойламай, көбелекке жетем деп қуалай берген аңғалдық-ай десеңші!
Бала емес, шаға емес, соқталдай жігіт мына Дәурен неге көбелек қуып жүр? Қуғанмен енді жете ала ма?.. Әй, қайдам!..
Әңгімені оқыған сайын осындай ойлар желі тартып, өзің де көбелек қуғандай бір күйге елтіп, қумасаң да қалт-құлт ұшқан ақ көбелектерді көз алдыңа келтіріп, қызыға қарап, тап-таза аппақ әлемге сағына аңсарың ауа бастайды.
…Бала болмаса да Дәуреннің жаны осы ақ көбелектей таза еді, аңғал еді, пәк еді. Бұл да сол базар жағалап, қалт-құлт етіп күн көріп жүрген. Қым-қуыт қаланың беткеұстар базарында шалбар саудалаушы еді. Жанталасы басым алқын-жұлқын беймаза өмір иіні түскен, жүдеу бас ауыл баласын қақпақылдап үйіріп әкеткен. Десе де, қалтаға құйылған тиынның сыңғыры жиылып кеп бұйра бас, ақсары өңді, ашаң жігіттің пәтер жалдауына да, назқоңыр нәпақасына да, Жарбай ауылындағы жалғыз шешесіне де жетіп-артылатын. Ша­лының қара­шаңырағын жықпаймын деп төрттағандап отырған кейуананы айына бір барып сүйсіндіріп, ас-суын қамдап кететін…
Аузы-мұрнынан шыққан келімсегі көп, сыңсыған базардағы оймақтай орнынан айырылып қалмауды ойлап, зәре-құты ұшатын Дәуреннің базар қожасының қармағына ілінуі бар тіршілігін бұзып кетті. Қалай арбалғанын өзі де білмей қалды. Базардың кіреберісіндегі су сататын, екі қасының ортасында тарыдай меңі бар Әлима қызды айтсаңшы! Соны көруге қалың нөпірдің арасынан асығып жетуші еді ғой. Жүзіне сәбилік пәктік ұялап, сыңғыр етіп күліп жіберетін. Су ішкісі келмесе де сол сыңғыр етіп, құлағын қуантар кәусар дыбыс­ты іздейтін. «Күзге салым той жасаймыз» дескен. «Жарбайдағы жалғыз шешені қолға көшіріп аламыз» дескен. Енді не болды?! Бетінің ұшынан қаны тамған көк көз базар қожайы­ны мен оның қызылшырайлы еркекшора қызы екеуі жанын қойды ма?!.
Жаңа гүлдеген алма ағашын бұр­шақ ұрғандай болғаны-ай! Байлық пен барлық не істетпейді?! Мамыражай дүниені тып-типыл еткен қара дауылдай көк көз қожайын мен еркекшора қыз дегеніне жетті. Әлиманы о дүниеге аттандырып, Дәуренді тырп еткізбей бұйдалап алды.
Сөйтіп, қаламгер қазіргі өмірімізде, қоғамда орын алып отырған осындай келеңсіз жайтты әшкерелейді. «Дәл неке қияр сәтте аспанға көтеріліп кеткен ақ нұр Дәурен басқа жан баласына көрінбей, судағы бейнедей сырғанап кеп Сырғалы екеуінің ортасына түсе берген. Бұл жолы мұңайып та, кінәлап та қарамады. Тұнжыр тартқан жанарында баяғы үміт оты өшіп, үрей мен мазасыздық шүпілдеп тұрды», – дейді автор.
Ақ нұр боп аспанға көтерілген бейкүнә Әлиманың ақ періштесі ғой. Дүниені уысында ұстап, байлыққа мастанғандар үшін адалдық, жан тазалығы, кіршіксіз махаббат, пәктік деген қасиетті ұғымдардың құны көк тиын екен. Тып-типыл ғып, таптап жүре берді. Жазушы тағы да: «… бір шөкім ақ көбелек… қалт-құлт, қалт-құлт ұшып байыз табар емес. Көз алды бұлдырап, ақ гүлдер жауып кетті… Ес-түзсіз талып құлаған… Содан бері түсінде ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянады» дейді. Енді қайтеді?! Сағымға айналған аппақ армандар-ай деп жаның жаншыла сен де күрсінесің. Қолынан келген қонышынан басатын қу заманға налисың…

Тақырып пен идеяны көркем тілмен өрнек пен арқаудай сұлу өре білген, автордың романын қолға алып оқыған адам боямасыз шығармасыны құныға, жалықпай оқитыны осыдан болса керек. Қаламгер өзі өмір сүріп отырған қоғамның қалтарыс-бұлтарысын, бүге-шігесін жетік білмесе, түйінді тақырып, оқырман ойын таластыратын идея тудыру аса қиын болар. 

Автор алғы сөзінде: «Дүние сыры біз білгеннен өзгерек, Бірақ оны көру үшін КӨЗ керек» деген эпиграф қойған. Жүрек КӨЗІ жазушыны жаңылыстырмайтын рухани компас сияқты, қайда жүрсе де, не істесе де, нені көрсе де, қандай азап шексе де, диуани ғұмырды дұрыс жолға салып отырады. «Қаламының ұшын белуардан алтын шығатын жерге қадамайтын» жазушының бұл еңбегі -- қаламгер мен қоғам арасындағы парасат майданының күресі деп бағалаймын.


мұндағы сын есімнен болған ащы дауыс, жас дауыс, есіл ер, алтын жүзік, терең ой,қызыл шапан эпитеттері өлең жолдарына айрықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. Мұндай өрнек болмаған жерде суреткер тілі солғындау болып көрінері анық. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет