Тақырыбы: Ерік және тұлға Тексерген: Тенелбайқызы Б. Орындаған



Дата02.12.2023
өлшемі25,65 Kb.
#194671
Байланысты:
ерік және тұлға
0135, Срс 9

Бәйішев Университет

Мәнжазба
Тақырыбы:Ерік және тұлға


Тексерген:Тенелбайқызы Б.
Орындаған:Сыйлағанқызы Н.

ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзің меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік — саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда козғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т. б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді женуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыппауына тәуелді мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соңғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттан өмірден де қадірлі болуынан, адам ол үшін жан пидалықка барады. Аяулы ару бауырларымыз Мәншүк пен Әлияны еске түсіріміз.
Ерік теориялары
Еріктік әрекеттер табиғаттың түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (П Л. Тульчинский). Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнвна «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалы қорытындыларда туындайды. Ал өзінің «Нигомахов этикасы» еңбегінде: «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «Бұл алманы жеу керек’ деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді» — деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш. Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындалаған деумен еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тарысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис — жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтан, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсатгар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі — сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы хәне ол дүниеиен тілдесетін бақсы- балгер (шаман), от пен металды бағындырған –терімші өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы – қанішер т.б
Мүмкін, ерік түсінігінің жааа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасынан бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті қателер жіберуте де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлшумен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе — ерік бостандығы..
Ерік бостандығын бір жақты асыра діріптеу нәтижесінде экзистевциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенциализм (М. Хайдегтер, К Ясиерс, Ж. П. Сартр, А. Камю т.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қымм-қиғаш оқиғалар» жиынығы да, адамның өзі — «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауалкершілігі жоқ.. Осыдан да ол адамтершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кекен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жайылу, басыбайлықка түсу көзі Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік — бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберінен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз, «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларын дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігнен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездойсоқ жауыздық ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсірді.
Қылық иесі-адам қалыптасқан тағылым-талапарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойыңдағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті екінші бір қыр-сырларын танылып болмаған қажеттілікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жят деп есептейтін пароқорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәденитттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоңамға ерсі болып көрінген қылықтардың өқздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап , ережелері мақтан, тұтаты қырлары мен ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов ерікті адам белскенділігіне ойлау болатын кедергілерді жеңуде көрінген әрекетшеңдік -«еркіндік инстикті» деп қарастырды. «Еркіндік инстинкті ерік аштық пен қаіп қатерден мәнділеу. Егер осы қасиет болмаса ,-деп жазды Павлов –жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес , өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны болуы да мүмкін.
З.Фрейд Э. Фромның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші еркше қуат» деген түсіік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша , адам қылықтарының көзі –психикалық формаларға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат , ЗФрейдше , санадан тыс , ақылдан алшақ «либидо» (махаббат! –жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылы,ын олсы тіршілік жалғастырушы яғни «либидоның «мәдениеттеестірілген» алғашқы көрінісі деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге ұмтылысыыңс белгісі екенін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлуметтік қатерге айналып , ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттерге ұштасуы мүмкін.
Шынында келгенде , психоанализ бағыты өкілдерінің қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін адам әрекеттерінің көзі –қажеттіліктердің мәнді бірақ тұтастай емес , бір тарапын ғана дәріптуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес , «адамның өз тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауы» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас келуінен туындайды. Еріктік себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп , көндіруді білмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай , өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы –табиғат пен қоғамның жалпыланғңан заңдылықтарын терістеу емес , керісінше адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі. ….


Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педогогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейд. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамждармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді ”.
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру қажет. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйксінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамаларқоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психолгиялық өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Анантев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Адам – бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денемсімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық , дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары “жеке тұлға” ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесінде қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Психологияда “адам” және “жеке тұлға” ұғымдарымен қатар “даралық” ұғымы да қолданылады. әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын рекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.
Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. мәскеулік және Санкт-Петербургтықпсихологилық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері “субьект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалықүрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге бағытталғагн көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді.
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігн, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орныдаудыңпсихологиялық алғы шарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психолгиялық еркешеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.
2. Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Тұлга кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізеді.
Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажетттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін тақарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуісоған сәйкес еріктік өз кезегімен интеллектуалдық іс-әректтің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.
Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.
Жеке тұлғаның психологоиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды. Қабілеттер дегеніміз – бұл тұрлі әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты касиеттері. Қабілеттіліктер өзар байланысты және бір – бірімен өзара әректе етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіліктердің бірі үстемдік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етеді, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю.Лермонтов туралы да айтуға. Қабілеттіліктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіліктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалылығына әсер етеді.
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінезде бір адамның басқа адамдарға катынасын анықтайтын касиеттер бар. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.
Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Олрға ең алдымен – моральдық, екіншіден – ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моральдық – ерік-жігерсапаларын мінездің негізін құрайды деп айт аламыз.
Мотивация дегеніміз – әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұскаулар – адамдардың наным-сенімдері. Темперамент – адамның психикалык процестерінің динамикалық сипаттамасы.
Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда “мен” деген ұғымды білдіреді. “Мен” – жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әректті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлга кұрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық кұбылыстардың кұрылымының психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалы қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегін танымдық еріктік, эмоционалдык, болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік кұбылыс ретінде психикалык, процестер шебінде карасты рылуға лайыкты.
Алайда осы кұбылыстарды тұлға кұрылымы шебінде үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдері жиі бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенін күрделі және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі жетіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелері адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялық пән әлеуметтік қатынасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет