Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны. Мақсаты



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#7709
  1   2   3
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны.

Мақсаты: 1.Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық

білімдерін қадағалау, жеңімпаз топты анықтау.

2. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін

дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру.

3. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін – өзі

бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.



Түрі: интеллектуалды ойын.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

2.Негізгі бөлім.


- Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 4-сыныбында өткелі отырған

«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Мұғалім:


  • Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзңідей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!


  • Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда- дегендей, ойынымыз жарыс түрінде өтеді.

Жарыс 5 кезеңнен тұрады.

Тапсырмалар ұпаймен есептеледі. Ең жоғары ұпай – 10.

Көп жинаған топ «Жеңімпаз» атанады.

Жарысқа 2 топ қатысады.

«Бәйтерек» тобы және «Астана» тобы



  • Топтармен таныс болыңыздар.

Сөз кезегі топ басшыларына беріледі.

1 – топ «Бәйтерек»

Біздің топ «Бәйтерек» деп аталады. Бәйтерек – Астананың символы.

Басына самұрық құсы алтын жұмыртқа салатын өмір ағашы сияқты. Осы алып ағаштай білімнің биігінен көрінуге тілек білдіреді.

Мен топ басшысы -Құлмақ Данияр (қалғандары өздерін таныстырады.)
Біздің ұранымыз:

Алып шынар – бәйтерек,

Таласады бізбен көк.

Бұл аламан бәйгеде,

Жеңіс керек бізге тек!


  • Өзімізге жеңіс, қарсыластарымызға сәттілік тілейміз.

2- топ «Астана»

Біздің топ «Астана» деп аталады. Астана Еуропа мен Азияны жалғастырып тұрған алтын көпір іспеттес.

Астана жас та болса, өзінің сәулет өнерінің қайталанбас өрнегі мен бүкіл әлемді өзіне қаратты. Ал, біз - жастар өзімізді біліммен танытқымыз келеді.

Сондықтан біздің топ «Астана» деп аталады.
Мен топ басшысы: Меңдешов Ерасыл (қалғандары өздерін таныстырады.)

Біздің ұранымыз:

Астана деп аталады тобымыз,

Әрқашанда ашық біздің жолымыз.

Дәл бүгінгі нағыз білім сайыста,

Тек жеңіске жетер біздің қолымыз!



  • Өзімізге жеңіс, қарсыластарымызға сәттілік тілейміз.




  • Енді, ойынымыздың 1 кезеңін бастаймыз.

  • Сәт сапар, жас ойыншылар!

1-кезең.

«Сауал - бізден, жауап , сізден»



Ойын шарты:

Топ мүшелері негізгі пәндер бойынша берілген сұрақтарға «Иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері тиіс. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Бәйтерек» тобына

1.Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын бұлт дейміз. (жоқ)

2.Етістік қимылды білдіреді.(иә)

3. 8 санының квадраты 64. .(иә)

4.Сөздің мағыналы бөлігін түбір дейміз .(иә)

5. 1 аптада 8 күн бар. (жоқ)

6. 2 санының квадраты 6. (жоқ)

7.Алатау өлеңінің авторы І.Жансүгіров. (жоқ)

8.Ұзын сөзі күрделі сын есім. (жоқ)

9.Қосымша үшке бөлінеді. (жоқ)

10.Мәтін атауы тақырып деп аталады. (иә)

«Астана» тобына

1.Қазақстанда бір жартысы тұщы, бір жартысы ащы көл. (Балқаш)

2. 5 санының квадраты 10. (жоқ)

3.Мұнай, газ, көмір – пайдалы қазбаға жатады. (иә)

4. 1 жылда 12 ай бар. (иә)

5.Астанамыз Алматы қаласы. (жоқ)

6. 7санының квадраты 64. (жоқ)

7.»Қос батыр» мәтінінің авторы М.Әуезов. (жоқ)

8.Торы ала сөзі күрделі сын есім. (иә)

9. Әріп – дыбыс таңбасы. (иә)

10. Әртүрлі мағыналы сөздерді антоним дейміз. (жоқ)


2-кезең.

«Көрермендер сұрағы»

Ойын шарты:

Көрермен қойған сұрақтың дұрыс жауабын табу. Дұрыс жауап 7 ұпаймен бағаланады.

«Бәйтерек» тобына

«Ол бүкіл жақсылықты, мәдениет үйретуші, тура жол көрсетуші, ғылымға бастайтын жолда айырылмас серігіміз, таптырмас ақылшымыз. Оның әр сөзі - алтыннан да қымбат. Ол не?

дұрыс жауап: «Бұл –Кітап.»
«Астана» тобына


  • Ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта – көлеңке, сая, суықта – баспана, ауырғанда-дәрі, ренжіп мұңайғанда - сүйсіндіріп, қуантатын табиғаттың ғажайып сұлу көркі. Ол не?

дұрыс жауап: «Бұл –Өсімдік»
ІІІ – кезең. «Құпиясөз»

Ойын щарты: тапсырма шарты белгілері арқылы берілген.

Тапсырманы дұрыс шешкендер М.Әуезовтың «білім» жайлы айтылған нақыл сөз шығады.

Бірінші болып шешекен топ 10 ұпай иеленеді.

дұрыс жауап: «Халық пен халықтың , адам мен адамды теңестіретін

нәрсе – білім.» М.Әуезов


ІҮ –кезең. «Қарсыластар сұрағы.»

Ойын щарты: сұрақтың дұрыс жауабын 1 минут ішінде табу керек. Ол біріккен сөз болуы мүмкін.


«Бәйтерек» тобына

Аты оның екі - үш заттан құралады,

Ұят қой білмегенің бұл қаланы!

Ол берген көмірменен, жылуменен,

Сан қала, өндірістер нұрланады.
Мұғалім: дұрыс жауапты тыңдайық!

Сұрақтың жауабы: Екібастұз.


«Астана» тобына

Бұл Оңтүстік өңірдегі өндірісті бір қаланың атауы. Ол суық түсті білдіретін сөзден және жердің ең биік тұстарын білдіретін сөздерден құралған.

Мұғалім: дұрыс жауапты тыңдайық!

Сұрақтың жауабы: Қаратау.


Ү –кезең «Блиц -турнир»

«Блиц -турнир» топбасшылардың арасында өтеді.

Ойын шарты:

1 минут ішінде берілген 20 сұрақты тыңдап, бір ғана сөзбен жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Бәйтерек» тобына

Жалпы сұрақтар:

1.Төрт түліктің момыны. (қой)

2. Күн қайда батады? (батысқа)

3. Сайтанды алдаған кім? (Алдаркөсе)

4. Елу тісті, екі қолды. (ара)

5. Бір шеті тұйықталған түзу. (сәуле)

6. Жерұйықты іздеген кім? (Асанқайғы)

7. Шіріндісі көп топырақ. (құнарлы)

8. Қыстайтын құстар (отырғышы)

9. Қазақтың көшпелі үйі. (киіз үй)

10. Ұя салатын құс. (көкек)

Ұлы тұлғалар:

1. Шоқанның шын аты. (Мұхамед –Қанапия)

2. Халық композициясының алыбы. (Жамбыл)

3. Шығыс Аристотелі (Әл – Фараби)

4. Күй атасы (Құрманғазы)

5. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ыбырай)

6. Қазақтың тұңғыш академигі. (Қ.Сәтбаев)

7. Кіші жүздің биі. (Әйтеке би)

8.Қазақтың атақты балуаны (Қажымұқан)

9.»Ғасыр ақыны» атағын алған ақын. (Мұқағали)

10. Қазақтың жазба әдебиетінің атасы. (Абай)
«Астана» тобына

Жалпы сұрақтар:

1.Жамбыл облысының орталығы. (Тараз)

2. Жаңа жылда келетін ақсақал (Аяз ата)

3. Құлыпты немен ашады? (кілтпен)

4. «Орман санитары» атанған құс. (тоқылдақ)

5. Жылдың суық мезгілі (қыс)

6. Аяз атаның немересі (ақшақар)

7. Ең көп тараған аңыз-әңгіме кім туралы? (Қожанасыр)

8. Қызанақтың түсі қандай? (қызыл)

9. Нан алынатын өсімдік ( бидай)

10. Қырық ауыз өтірік құрастырғыш бал (тазша бала)
Ұлы тұлғалар:

1.Қазақтың бұлбұлы атанған әнші. (К.Байсейітова)

2.Абайдың ақын баласы (Мағауия)

3.Шоқан қай қалада оқыды? (Омбы)

4. Абайдың шын аты (Ибрахим)

5.ҚР гимнінің әнін жазған адам. (Ш.Қалдаяқов)

6. Рейхстагқа ту тіккен қазақ (Р.Қошқарбаев)

7.Қазақтың мерген, батыр қызы (Әлия)

8.Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Т.Әубәкіров)

9. Ж.Жабаевтың ұстазы (Сүйінбай)

10. Қабанбай батырдың шын аты. (Ерасыл)
Мұғалім: дұрыс жауаптар бойынша ұпай сандарын берейік.


  • Құрметті ұстаздар, оқушылар!

«Жұлдызды сәт» білім сайысы өз мәресіне жетті. Олай болса, жеңімпаз топты анықтауға рұқсат етіңіздер.

Ән:
ІІІ.Қорытындылау.

ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры.

Білімді топтың даңқы арта түсері сөзсіз. Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз.

Осындай білім бәсекесін қорытындылайтын да уақыт жетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, жеңімпаз топты анықтап, оларды марапаттауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар, 2 топ мүшелері де ойын барысында көрсеткен танымдық жоғары білім деңгейлері мен белсенділіктері үшін мақтау қағаздарымен марапатталады.

Тақырыбы:

Мақсаты: 1.Оқушыларға дауыс ырғағы туралы түсінік беру.

2.Сұрақ-жауап арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын, тіл

байлығын дамыту.

3.Өлеңдерді оқығанда дауыс ырғағына келтіріп оқуға ,

мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық.

Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.
Сөзге екпін түсірудің де өзіндік мәні, мағынасы бар.

Мысалы: «жарасың!» деген сөзді тек мақтау үшін ғана емес, керісінше мағынасында да айтуға болады.

«Құтты болсын!» деген әдемі ниетті сәл кескінмен айтсақ, оның да мағынасы өзгеріп кетеді.


  • Дауыс ырғағына салып айту.

«Мәссаған!» деген сөзді қуанғанда қалай айтамыз?

Қорыққанда ше?

Таңғалғанда ше?

ІІІ.Оқушылармен жұмыс.

Оқушыларға өлеңдерді дауыс ырғағына келтіріп, мәнерлеп оқып, талдау.

1.Қастек Баянбаевтың «Атқа міндім» деген өлеңін деген өлеңін дауыс ырғағын жайлап бастап , жылдамдата оқыту. Өлеңнің соңғы шумақтарын қалай оқуға болады, өкінішпен бе әлде қобалжумен бе ?

2.Фариза Оңғарсынованың өлеңін дауыстап оқыту. Өлең қандай ырғақпен оқылады? Өлеңнің соңғы шумақтарына назар аудару. Оған қандай дауыс ырғағы қажет?

ІҮ. Жұмбақтар шешкізіп, ойындар ойнату.

Ү.Қорытындылау.

- Өлең қандай ырғақпен оқылады?

- Өлеңді оқу үшін қандай дауыс ырғағы қажет?

Тақырыбы: Өзіңді – өзің тексер.


Мақсаты: 1.Оқушыларға ауызекі тіл және жазбаша тіл туралы түсінік беру.

2.Сұрақ-жауап арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын, тіл

байлығын дамыту.

3.Әдепті, сыпайы сөйлеуге , дұрыс ойлауға, сөздік мағынасын

түсінуге тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, оқулық.
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі.

Олар оқиды, ойланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен

Қарым-қатынас жасайды.



Ауызекі тіл - бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі.

Жазбаша тіл – адамдардың хабарды жазып беруі.

ІІІ. Сызбамен жұмыс.
Өзіңді – өзің тексер


Қарым-қатынас




ауызша

жазбаша



айтамыз-тыңдаймыз

жазамыз-оқимыз

1.Сөйлеудің, тыңдаудың , оқудың, жазудың таңбаларын салғызу.
ІҮ.Суреттермен жұмыс.

2.Суреттерден нені көрдің?

Сөйлемдерді аяқта.

Ділмар ... ......................................... жаттықты.

Ділмар бар зейінімен ... .....................

Ділмар Ақтөске ... .......................................

Ділмар оқыған кітабынан ............................ .
3.Сөйлемдерді аяқта.

1.Айтылмаған сөз

2. тыңдау керек.

3.Әрдайы жақсы алмаймын.

4. Көп керек деп ойлаймын.
4.Шешендік өнерден нені үйренеміз. Саған сөйлеу, тыңдау, жазу, оқудың қайсысы қиынға соғады?

Неге олай деп ойлайсың?


5.Мақал – мәтел.
«Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле»

«Тыңдамаса –сөз жетім»

«Пайда ойлама-арды ойла»

«Жалған сөз – желге ұшқан сөз»

«Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.»

«Оқу инемен құдық қазғандай»

«Жақсының сөзі шамдай жарық, айдай анық»

«Шексіз оқу болса да, тексіз оқу болмайды»

«Кітап аш тап, мәнін ұқ»

«Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек»

«Құлақтан кірген суық сөз, көңілге барып мұз болар.»


Ү.Қорытындылау.

- Шешендік өнерден нені үйренеміз?

- Ауызша, жазбаша тіл дегеніміз не?

Мақсаты: 1.Оқушыларға шартты белгі туралы түсінік беру.

2.Сөздік қорларын дамыту , тіл байлықтарын молайту.

3.Шартты белгілерді естеріне сақтай білуге, ұйымшылыдыққа,

қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, шартты белгілер.
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.

Шартты белгілер

сөз

Шартты белгілер

Логикалық кепін

Дауыс құбылысы (екпін)
Дауыс қаттылығы
Дауыс мәнері (үн)

баяу

жылдам
күшею


өзгеру

жеңді

-----------------

...........................




жеңді

Буынға бөліп айту: жең -ді


1.Математика сабағынан балаларға есеп беру.

Есепті шығару үшін есептің негізгі және маңызды сөздеріне логикалық екпінді пайдалану. Мұғалім қай сөздерді қалай белгіледі?


Есеп.

Бір ауылдың тұсында 5 желі бар. Үшеуінде құлын 9-дан байланған.

Екеуінде құлын 18-ден байланған. 5 желідегі барлық құлын нешеу?
2.Есептің негізгі бөлігін тауып, логикалық екпінмен оқылатын жерлерге шартты белгілерін қою.


  • Қазіргі уақытта егіндік жерді құрттан қалай сақтайды?

3. Төмендегі өлеңді оқы. Өлең қандай екпінмен оқылады?

Мұзмұрын сөзін негізге алып, ауызекі тілдесу құралындағы дауыс ырғағын , екпінін, бет-әлпет қимылын, ишараны, кідірісті пайдалан.
4.»Буратино бұзылды» өлеңін тағы бір оқып. Басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны есіңе түсіріп көр. Әңгімелеп бере аласың ба?

Мүмкін тақпақтап айтарсың.

........................................................................................

.......................................................................................

5.М.Төрехановтың әңгімесін логикалық екпіндерді ескере отырып, дауыстап оқы.Оқиғаны өзіңнің басыңнан өткендей елестетіп, бас кейіпкері болып айт.


  • Әңгіме саған қандай әсер қалдырды?

Ағайынды балалардың орнында өзің не істер едің? Ойын ары қарай жалғасу үшін екі баланың біреуіне кеңес бер.Бас кейіпкерлердің атынан әңгімені көңілді қылып аяқта.

................................................................................................................................

................................................................................................................................

...............................................................................................................................

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны. (сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар?)

Ақыл - тозбайтын тоң, Білім – таусылмайтын кең.
ІҮ. Қорытындылау.

Шартты белгілерді ата.

Тақырыбы: Сөйлеу барысында болатын кідіріс. (пауза)
Мақсаты: 1.Оқушыларға сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза) туралы

түсінік беру.

2.Ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту.

3.Әдепті, сыпайы сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын

түсінуге тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттеу, сызба, оқулық.
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.
Пауза (кідіріс) (лат. pausa < pausis- тоқтату) – сөйлеу барысында болатын кідіріс, үзіліс.

Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақытта бірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік болатын арасы үзіліп айтылады.

Қысқа кідірістердің арасы (/) таңбасымен, ұзын кідірістердің арасы (//) таңбасымен, ал кідірістердің аяғы (///) таңбасымен белгіленеді.

Пауза ұзақ сөйлемді, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді немесе сөйлем мүшелерін айырып, нақтылап айтуда кездеседі. Ол сызба түрінде былай көрсетіледі.

------------------------------------------------------- - Айтылатын ой


  • Қысқа кідіріс

  • Ұзын кідіріс

  • Кідірістің аяғы

-------------- / --------- // ---------------- // --- /// - Кідірістердің арасы

1. Мереке Құлкеновтың «Наурыз» әңгімесінен үзіндіні әңгіме айтып отырғандай қылып оқы. Кідіріске, дауыс екпініне мән бер.



  • Осы айтылған ойда неше кідірістердің арасы болды?

Неше ұзын кідіріс , неше қысқа кідірістер болды? Қайсысы көбірек?

2.Автор әңгімесін айтқанда толқып отырды деп айтуға бола ма? Сенің ойыңша, кідірістер дұрыс қойылған ба?

3.Әңгіменің қалған екі бөлігіне қойылған таңбаларды ескере отырып, өз бетіңше талдап көр. Әңгіменің аяғы қандай екпінмен аяқталатынын ойла.


  • Әңгіменің соңғы бөліміне кідіріс таңбаларын қойып көр.

4. Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесінен үзіндіні оқы. Оған кідіріс белгілерін қойып шық. Дауыс екпіні мен кідірістерге мән бер.

  • Қайталанатын сөздерді тап. Олар не үшін қайталанып айтылады деп ойлайсың?

..................................................................

..................................................................

ІІІ. Қос буыны да бір сөз, таба алады кім тез? (ойын)

1.Тықыр тері демейді,

«Елтірі» ол да келмейді.

Марқа қозы терісін,

Білсең айтшы не дейді?

-Егер сөзге сенсең,

Дейді оны (сеңсең)

2.Өте ұқсас бұл сырттай,

Күнбағысқа құп-құттай.

Сарғыш гүлі - біртіндеп,

Шарланады үлпілдеп.

Бақта өседі ол қаптап,

Бұл не ?

Ойлан, бол , тап, тап!

Бұл кәдімгі ( бақбақ.)

3.Көрсең ішіп сен өзің,

Шекер, балдай дер едің.

Суды - емдік , шипалы,

Білемісің , не дерін?

-Мейлі сенбе, таңдан,

Дейді мұны (зәм-зәм)

4.Ерсі көріп, сөзіме,

Қайран қалып, болма таң.

Кім болады өзіңе

-Үлкен атаң , арғы атаң?

-Ал анықтап қара...

Арғы атаңды дейді (баба).

ІҮ. Қорытындылау.

-Пауза дегеніміз не?

-Пауза қалай айтылады?

Қысқа , ұзын кідірістің арасы , кідірістің аяғы қандай таңбалармен белгіленеді?

Тақырыбы: Ауызекі тілдесу құралы.


Мақсаты: 1.Оқушыларға ауызекі тілдесу туралы түсінік беру.

2.Сөздік қорын дамыту, сұрақ –жауап арқылы ой-өрісін

кеңейту.

3.Өлеңдерді оқығанда дауыс ырғағына келтіріп, мәнерлеп

оқуға, мәдениеттілікке тәрбиелеу,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.


Көрнекілігі: суреттеу, сызба.
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.

Ауызекі тіл - бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесу.

Адамдар тіл арқылы, тілдегі сөздермен сөйлеу арқылы әңгімелеседі.

Тіл арқылы білім алады, ғылымды үйренеді.
1. Ауызекі тілдесу үшін сызбада сөзден басқа тағы қандай тілдесу құралдары берілген?
Ауызекі тілдесу құралы

Дауыс


Дауыс мәнері



ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАР



Дауыс құбылысы


Дауыс қаттылығы


Бет –әлпет қимылы



Ишара



СӨЗ



  • Ауызекі тілдесу құралымен байланысты болса да , дауысқа қай құралдың қатысы жоқ деп ойлайсың?

2. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Осы

сөздердің қайсысы дауыс мәнеріне, дауыс құбылысына, дауыс

қаттылығына, бет-әлпет қимылына жатады.

1) айқайлап - .............................................

2) мұңды - ..................................................

3) мәнерлеп - .............................................

4) сыбырлап - ...........................................

5) мейірімді - ...........................................

6) сабырлы - ............................................
3. Ауызекі тілдесу құралдарының қайсысының суретін салуға болады?

Ал қайсыларының суретін салу оңайға түспейді? Салып көр. Салған

суреттерің туралы айтып бер.
4.» Қобыланды батыр» жырынан Қобыландының қаһарын мәнерлеп оқу.

Қобыланды батырдың айбынын , қаһарын сездіруге тырыс.Бәрінен

артық оқыған оқушы жеңімпаз атанады.
5.Қадыр Мырза Әлидің «Жорық жыры» тақпағын көңілді дауыспен кең

далады келе жатқандай әсермен айт. «Р» дыбысына екпін бер.


ІІІ. Қорытындылау.

  • Ауызекі тілдесу үшін сызбада сөзден басқа тағы қандай тілдесу құралдары берілген?

Тақырыбы: Шешендік өнердің кестесі.


Мақсаты: 1.Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұмат беру.

2.Сөздік қорларын дамыту, тіл байлығын кеңейту.

3.Тапқырлыққа, шешендікке байланыстырып сөйлеуге

тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Негізгі бөлім.

Шешендік өнер туралы мағлұмат.

Шешендік өнер - қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгілі ой-тұжырымдарды шешендік дейміз. Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.

Қазақ халқы шешендігімен ел-жұртты мойындатқан адамдарды – би деп атаған. Бәріміз білетін үш би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, сондай ұлы адамдар. Жау шапқанда ақылға шақырып, дау туғанда төрелік айта білген би-шешендер ел арасында сыйлы болған. Қазақ халқы балалардың шешендігіне де айрықша мән берген. Тапқыр балаларды үлкен-кіші демей, бәрі құрметтеген. Шешендік өнер шебер, әсерлі, көркем әрі астарлы сөйлеуге және жазуға үйрететін ғылым.



Кестемен жүмыс.

1. Шешендік өнердің кесетсін қарастырайық.



Берілген сұрақтарды ата. Неше сұрақ? Сенің ойыңша, олардың қайсысы ең маңызды?


КІМ? ?







естиді, айтады, НЕ? жазады, оқиды



Каталог: uploads -> doc -> 1254
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1254 -> Сабақ тақырыбы Ғұндар Сабақтың мақсаты
1254 -> Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры Сабақтың мақсаты: Ананың аялы алақанымен тербелген алтын бесік туралы мағлұмат
1254 -> Сабақтың тақырыбы: Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрлысындағы ерекшеліктер
1254 -> Сабақ тақырыбы: C. Торайғыров. «Таныстыру» поэмасы. «Алаш ұраны»
1254 -> Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет