Тақырыбы: Модельдеуді өткізу әдістемесі
1. Модельдеу әдісінің мәні
2. Практикалық іс-әрекеттегі модельдеу.
Модельдеу - зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объекті түпнұсқа болады да, екінші объекті оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын, мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель болмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы - зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сиппатары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін тандау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалык жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру үшін зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.
Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау үшін, әртүрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәре- жесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әртүрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
А.Р. Аубакирова Педагогикалық зерттеу әдістері. – Астана, 2016. – 31 б.
Тапсырма: Сабақтың моделін дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |