Тақырыбы: Орындаған: Баймаханова Гүлжайна Тексерген: Масалимова Б. К



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі68,32 Kb.
#174896
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
реферат 111
plavt1, ...Презентация педагогика, Документ (1) (1), Документ (1) (1), Документ КТ, Линник Алексей ФКНВП 20 Кружок Юный стрелок






Тақырыбы:

Орындаған: Баймаханова Гүлжайна
Тексерген: Масалимова Б. К


Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол – оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.


Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу, т.б.
Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, арнаулы сабақ түрінде де өтуі мүмкін. Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс деп санауға болады. Мысалы, оқушы тәжірибе жасағанда басшы нұсқауларды басшылыққа алып, тәжірибенің орындалуы. Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
1-кесте



Өздік жұмысты жіктеу

Өздік жұмыстар

1

Дидактикалық мақсаты

Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау. Жаңа материалды ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру. Тексеру, бақылау.

2

Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты

Берген үлгілер бойынша көшіру. Жартылай іздену сипатында. Зерттеу.

3

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру формалары

Ұжымдық, топпен, жеке.

4

Білімнің қайнар көзі

Оқулық және анықтамалармен жұмыс істеу. Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу. Ұлестірмелі материалмен жұмыс істеу. Химиялық тәжірибелер жасау. Химиялық диктант жазу. Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. Графиктік жұмыс.


Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы – олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.

1.2 Өзіндік жұмыстардың міндеттері мен мақсаттары


Оқушылар шығармашылығын дамытуда өзіндік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.


Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Химия пәні бойынша өзіндік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырады, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.

Өзіндік жұмыстың маңызы

Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жатты-ғуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады..


Өздік жұмыс дегеніміз – оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты біліи беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.
Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылық жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы – дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімтадық және т.б.)
Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: Ұжымдық, топтық, жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылра тобына беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқыиудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі. Өздік жұмысты өткізу уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты келесідей жіктеуге болады:

Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:



  • Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;

  • Оқушылар бойында белігіл бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;

  • Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарылатады.

Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.

Өзіндік жұмыстың тиімділігі:





  1. зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге;

2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады
3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды.

Өзіндік жұмыс тапсырмаларының түрлері



Өздік жұмыс тапсырмалары

1. мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойынша мәтін құрастыру; іскерлік ойындар;

2. түрлі кестелерді толтыру; сөзжұмбақтар құрастыру;

3. өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы – оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүмкіндігі болатындай және танымын арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі;

4. тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу;
слайдтар жасау; презентация жасау; альбом жасап, газет шығару т.б

Өзіндік жұмыстың орындалуы мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына негізделгенімен, мұғалімнің қатысынсыз орындалатынын айттық. Алайда, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатыны ақиқат. Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:


1.мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;
2.оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;
3.нақты нұсқаулар беріледі;
4.күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;
5.қажет болғандадайын үлгілермен таныстырады;
6.талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады.
Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады.Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін өзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылай қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады.
Қорыта айтсақ, өзіндік жұмыстар арқылы өз бетімен дами алатын, қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді, танымдық құзіреттіліктері қалыптасқан жеке тұлға тәрбиеленеді

Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері


Өздік жұмыс әр түрлі формада жүргізіледі. Олар ұжымдық, топтық, жекеше. Ал оның түрлері сан алуан: оқушы эксперименті (зертханалық және сарамандық жұмыс), әр түрлі химиялық есептерді шығару, жаттығулар орындау, әдебиетпен жұмыс, программаланған оқу құралымен жұмыс, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау (аспаптарды жобалау, құру, модельдер жасау және т.б.), бақылаушы сипатты жазбаша жұмыстар, білімді қорғау сабағы, қоғамдық білімді тексеру сабағы және т.б.


Оқу тәрбие жұмысы міндеттерін шешуде оқушылардың әр түрлі өздік жұмыстары сабақтың негізгі, қорытынды, білім бекіту бөлімдерінде қолданылуымен маңызды.
Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.
Төменгі деңгей үшін:
Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.
Жоғары деңгей тапсырмалары:
Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) оксиді мен гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.
Орта деңгей тапсырмасы:
Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.
Оқушы әрекетін ұйымдастыруына байланысты өздік жұмыстардың жіктелуі:

Жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы



Оқушының жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы деп оқытушының арнайы белгіленген уақытта, тікелей бақылауынсыз, бірақ басшылық жасауымен жаңа білім негізін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмысты айтамыз. Өздік жұмыс оқытушы тапсырмасы барысында іске асады. Ол ерекше, топтық немесе фронтальдық болуы мүмкін. Оқушылардың жаңа сабақ өтудегі өздік жұмысымен танысу кезінде біз оқытушы мен оқушының ерекше әрекетімен істес боламыз. Оқытушы жұмыс мақсатын анықтап, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін ұйымдастырып, жаңа материалды игеру барысын, бақылау түрлерін белгілейді. Оқушылар тапсырма мазмұны мен мақсатын түйсініп, өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырып, тапсырманы шешу жолын жоспарлайды. Оны іске асыру үшін оны орындаудың мақсатқа бағытталған жолын таңдап, нәтижесін болжап, өздік бақылауды іске асырудың жолын ойластырады. Көпшілік ұстаздар оқу жұмысының әр түрлі формаларын: дәріс, семинар сабақ, сарамандық сабақ, білім қорғау, білімді қоғамдық байқау, оқу–ғылыми конференциясы, жобаларды қорғау сияқты жүргізе отырып ондағы оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.
Жаңа білімді қабылдауда өздік жұмыстарды әр түрлі типті материалды игеру кезінде қолдануға болатынын іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Өздік жұмыстар тек оңай тақырыптарды түсіндіру кезінде ғана емес, қиын материалды өту кезінде де тиімді.
Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар
Эксперименттік практикумдарды өткізу жоғарғы сынып оқушыларының өздік жұмыстарының бірі. Эксперименттік практикумдар үлкен бір бөлімді оқып болған соң жүргізіледі де қайталаушы қорытындылаушы сипатты болады.
Химиядан қорытындылаушы эксперименттік практикум келесідей жұмыстар түрінде берілуі мүмкін.
Эксперименттік практикум жұмыстары:
1. Газдарды алу, жинау, қасиетін тексеру;
2. Заттарды алу және шығымын тексеру;
3. Қатты заттардың және олардың ерітінділерінің берілген реактивтерді қолдануға арналған немесе реактивсіз сапалық анализі;
4. Заттар қоспасының құрамын және химиялық қосылыстың тазалығын химиляқ жолмен сандық анықтау;
Эксперименттік есептерді оқушылардың өз бетімен орындау қабілетінің көрінуіне орай екі типке бөлуге болады: біріншісі – қайта жаңғыртуға, екіншісі – өнімді есептер. Қайта жаңғыртуға арналған есептер белгілі бір білімді, практикалық іс – әрекетті және алдында орындалған тәжірибені қайталауға арналады.
Химиядан эксперименттік сабақтарда оқушылар еңбектену дағдыларын қабылдап, іскерліктерін дамытады. Эксперименттік есептерді шығару оқушылардың білімін бақылайтын бақылау жұмысы іспетті, себебі оқушылар оған алдын ала әзірленеді. Химия сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда таптырмаc құрал деуге болады.

Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар


Педагогикалық ғылым практикасында оқушылардың танымдық әрекетінің негізінен үш деңгейі және оған сәйкес өзіндік жұмыстардың: 1) репродуктивті; 2) жеке ізденіс (эвристикалық); 3) зерттеу сияқты үш типі белгілі.


Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.
Репродуктивті тапсырмаларды орындау оқушының жадында білімнің ұзық сақталуына, өтілген материалды жан - жақты ойластырып бекітуіне мүмкіндік береді.
Тапсырмалардың төмендегідей оқу әрекеті тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп таңдап құрастырылғаны жөн болады, олар: дайын үлгі бойынша тапсырманы орындау; ұсынылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру; дайын нұсқау бойынша экспериментті орындау; оқулық мәтіні бойынша кесте құрастыру; кестені оқу; зат қасиетін, құбылыстарды және прибордың құрылысын сипаттау; оқулықтағы белгілі бір тақырыпты, кинофильм, видеофильм, диафильмнің мәтінін, мұғалімнің баяндағанын қайталап айтып беру; ұсынылған сурет бойынша прибор құрастыру; химиялық сөздік құрастыру; прибордың, зат құрылысының бөлшектерін бейнелеп салу; модельдер жасау және тағы басқа түрлі тапсырмалар. Тапсырмалардың мәтінін мұғалім өзі құрастыруына немесе сәйкес құралдардан дайын күйде алуына болады.
Репродуктивті сипатты тапсырмалардан мысалдар келтірейік.

«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар



  1. Анықтамадағы нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар:

«Қышқылдар – бір немесе бірнеше ... атомдары және ... қалдығы бар күрделі заттар. Негіздер - ... әрбір атомы ... атомымен байланысқан күрделі заттар».

  1. Су әрі бастапқы зат, әрі реакция өнімі болатын әр түрлі типке жататын төрт химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.

«Электролиттік диссоциация теориясы»


тақырыбы бойынша тапсырма
FeCL3 – темір (ІІІ) хлориді, НСL – тұз қышқылы, КОН – калий гидроксиді; HBr – бромсутек қышқылы; Na2SO4 – натрий сульфаты – электролиттер, себебі:
а) оларда иондық байланыс бар;
ә) оларда ковалентті полюсті байланыс бар;
б) оларда иондық және ковалентті байланыс бар;
в) олар суда еріп, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Дұрыс жауаптың астын сызыңдар.
Осы типтес тапсырмалар қандай заттар электролит болатынын танытып қана қоймай, «Химиялық байланыс», «Зат құрылысы» тақырыптары бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.

«Алғашқы химиялық ұғымдар»


тақырыбы бойынша тапсырма
Берілген кесте бойынша химиялық қосылыстар мен химиялық элементтерді бөліп жазыңыздар (заттың атын жазбай бірінші сызық жолға цифрмен белгілеңіз).

Химиялық элемент...





  1. Темір

  2. Сүт

  3. Мырыш

  4. Ауа

  5. Оттегі

  6. Су

  7. Көмірқышқыл газы

  8. Натрий сульфаты

  9. Топырақ

  10. Алтын

  11. Теңіз суы

Химиялық қосылыс...





Қоспа...




«Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы»


тақырыбы бойынша тапсырма
Осы тақырыпты оқулық мәтініндегі нұсқау бойынша эвристикалық әрекет тәсілін қалыптастыруға дайындауға болады.
Нұсқау:

  1. Параграф мәтінін зейін қойып оқып шығыңдар.

  2. Әрбір азат жолдағы басты ойды табыңыздар.

  3. Параграфты қайталап оқығанда мына жоспарды басшылыққа алыңыздар:

1.Қышқылдардың диссоциациясы: а) бір негізді қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу; ә) көп негізді қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу.
2. Сілтілер диссоциациясы және диссоциациялану теңдеулері.
3. Тұздар диссоциациясы және диссоциациялану теңдеулері.
4. HNO3, Ba(OH)2, Na2Co3 заттарының диссоциациялану теңдеулерін жазыңыздар.

«Оттегі. Оксидтер. Жану»


тақырыбы бойынша тапсырмалар
1. Параграф мәтінін зейін қойып оқып шығыңдар.
2. 2-кестені толтырыңыздар.
2-кесте

Ауаның тұрақты құрам бөліктері

Мүмкін болатын кездейсоқ қоспалар
(аталуы және зат формуласы)

Зат формуласы

Көлемдік үлесі










3. Ауаны қоспа ретінде сипаттайтын белгілерді атап көрсетіңіздер.
Сондай-ақ жеке бір затты жан-жақты сипаттауға үйрету жеке ізденіс (эвристикалық) сипатты тапсырмаларды өз бетінше орындаудың алдыңғы басқышы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет