Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, математика
Ұйымдастыру кезеңі
“Ер дәулеті - еңбек” - өткенді қайталау
“Білгенге маржан” – негізгі бөлім
“Бәрін білгім келеді” – бекіту
“Бейнет түбі - зейнет” – бағалау
Үй тапсырмасын беру
Қорытынды
Сабақтың құрылымы:
Кабинет жағдайы (кабинет ауасының тазалығы, бордың болуы);
Оқушыларды түгендеу, журналға белгі соғу;
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Ұйымдастыру кезеңі
“Ер дәулеті - еңбек”
Берілген мысалдарды тиісті шартты белгіге апарып орналастыру
Лексика
Жақсы ой, иненің көзі, терең сезім
Жақсы адам, адамның көзі, терең сезім
Сергек сана, ақшаны сана
Салмақты, сабырлы, ұстамды, байыпты
Жомарт-сараң, көңілді-қапалы
Жол – жүретін жол, дұрыс жол, туынды сөздердің жасалу жолдары
"Білгенге маржан"
(ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау)
Тұрақты тіркес
Шартты белгісі:
6
,
,
,
1
,
,
,
,
,
Тұрақты тіркестер дегеніміз – бір немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Тұрақты тіркесті құрайтын сөздердің сыңарлары тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді.
Мысалы:
тас бауыр мағынасы мейірімсіз ,
су жүрек мағынасы қорқақ .
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөздермен алмастыруға келмейді.
Мысалы:
Тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп өзгерте алмайды екенбіз. Олай еткен жағдайда ол тұрақты тіркес болудан қалады
Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға ретінде енеді де, бір мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.
Мысалы:
қой аузынан шөп алмайды деген тұрақты тіркес – қандай? – деген сұраққа жауап береді.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жақын сөздермен түсіндіруге болады.
Мысалы:
қыздың жиған жүгіндей – әсем, көрікті, көркем,
ит терісін басына қаптады – ұрысты, балағаттады, сөкті
Мәселен,
көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.
Кейбір тұрақты тіркестердің бір-бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар.
Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы, яғни антоним болып та келеді.
Мысалы,
ит терісін басына қаптады – басынан сипады,
ат ізін салмады – ат ізін құрғатпады
Тұрақты тіркестер – ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.
"Бәрін білгім келеді"
119 - жаттығу
Үлгі: ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер – кімдер?
Берілген ұяшықтарда мектеп пәндеріне және тұрақты сөз тіркестеріне негізделіп дайындалған тест сұрақтары бар. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру дәрежесіне қарай бағалануы тиіс.
20
20
20
30
30
30
40
40
40
Тез, жылдамдық ұғымында айтылатын мағыналас тұрақты сөз тіркесін табыңдар
Еті тірі, екі жүзді
Әні-міні дегенше, кірпік қаққанша
Қас пен көздің арасында, тас бауыр
Сужүрек, көзді ашып-жұмғанша
Тұрақты тіркестерге тән ең басты белгі
Сөздер бір-бірімен еркін тіркеседі
Сыңарларының құрамында тұтастық, тиянақтылық жоқ
Құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға болады
Құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға болмайды
100 – жаттығу. Берілген тұрақты сөз тіркестерін жаттап,
қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар
құрап тұрғанын табу. Тұрақты тіркестердің мағыналарын
балама сөздермен ашу.
101 – жаттығу. Өз досыңа тұрақты
тіркестерді пайдалана отырып
мінездеме жаз.
Фразеологиялық вариантын табыңыз
Үндемеу
Қорқу
Шапшаң
Бейнет түбі - зейнет
Өзінің таным-түсінігімен, білімпаздылығымен, алғырлығымен сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
Қорытынды
Туған тіліміздің рухын жандандырып, мәртебесін асқақтататын, қазағымыз азаймасын! – дей отырып, бүгінгі сабағымды аяқтаймын.
Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылымын, салт – санасын, жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері.