Тақырып Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі



бет1/4
Дата19.04.2024
өлшемі0,65 Mb.
#201039
  1   2   3   4
Байланысты:
file-4907
330594.pptx, 0006d04d-7a60ba99, sro(38975-28027)

Тақырып 1. Экономикалық ғылымның даму кезеңдері және ол қолданатын экономиканы талдаудың принциптері мен әдістері

Оқытушы:

Кадыров Берік Қайыпқанұлы,

PhD докторы

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Экономикалық теорияның пайда болу тарихы.
  • Негізгі экономикалық ұғымдар: қажеттілік, экономикалық игілік, экономикалық ресурстар, өндіріс факторлары, ресурстардың шектеулігі, альтернативті шығындар, өндіріс мүмкіншіліктерінің шегі.
  • Экономикалық процестерді зерттеу әдістері.
  • Экономикалық категориялар және заңдар.
  • Позитивті және нормативті экономика.
  • Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, тәрбиелік.
  • «Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң.

Ксенофонт (б.з.б. 430 ж.ш., Афина – б.з.б. 335/354, Коринф) – ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Ақсүйектер әулетінен. Сократтың шәкірттерінің бірі.
Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырылған.
1 Экономикалық теорияның пайда болу тарихы.
  • Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекке мамандану мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген.
  • Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты арттыруға болады. Ол байлық ретінде осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынтығын қарастырды. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.

Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математикСократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж.Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философыПлатонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие
Экономика ғалымы қоғамның экономиалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің, бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған. А. Монкеретьен бұл ғылымға – «саяси экономия» деп жаңа атау берді.
(фр. Antoine de Montchrestien1576-1621 жылдар) – француз драматургі және экономист [1].
«Саяси экономия» терминін тұңғыш енгізген тұлға. Драматург ретінде француз Қайта өрлеу дәуіріндегі сахналық трагедиялардың негізін салушы болып саналады. Ол 20 жасында «Софонисба» (Sophonisbe, 1596) атты тұңғыш трагедиясын жазып шығады. 1601 жылы «Лакедемонянки» (Les Lacènes), «Давид» (David), «Аман» (Aman), «Шотландық немесе Мария Стюарт» (L’Ecossaise ou Marie Stuart) атты трагедиялар жинағын шығарады. Оның экономикаға деген қызығушылығы Англияға келгенде оянады. 1615 жылы Мария Медичиге арналған «Саяси экономия туралы трактат» (Traite d’economie politique) атты еңбегін жарыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет