Тақырып: Пәнге кіріспе. Медициналық білім беру саласында ішкі ағза ауруларын зерттеудің маңызы. Дәлелденген медицинаға түсінік



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі27,99 Kb.
#97328
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3лаб 1


01.09.2020
№ 1 аудиториялық сабаққа әдістемелік әзірлемесі
Тақырып: Пәнге кіріспе. Медициналық білім беру саласында ішкі ағза ауруларын зерттеудің маңызы.Дәлелденген медицинаға түсінік.
"Ішкі аурулар" термині медицинада аурулардың себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын оқытады."Ішкі аурулар" және "Терапия" терминдері синоним болып табылады.Алғашқыда "iшкi аурулар" түсінігіне балалар ауруларыда, жұқпалы ауруларда, акушерлік және гинекологиядағы ауруларда eнгiзiлгeн болатын. Кейінірек олар бөлініп жеке пән ретінде қаралатын болды. Бүгінгі күнде ғылымға жана технологиялар енгізілгендіктен, iшкi мүшелер ауруларына саралау жүргізу маңызды. Кандай маманды медициналық қызметкерболмасын, ол iшкi аурулар негізін мықтап меңгеруі керек. Болашақ мейірбике үшін терапия негізгі пәндердің бipi болып табылады. Ол диагностикалық дағдыларды қалыптастыратын, науқасқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетуге қажетті біліммен біліктілікті оқытатын пән болып ең биік шыңына Ежелгі Қытай, ЕжелгіЕгипет, Үндістан ғылымдары ерте жеткен.Қазіргі клиникалық медицинаның іргесін салушы – Гиппократ болып табылады.
Ол V – VІ ғасырда Грецияда туған.Осы ғалымға дейін адам ағзасы (бүтін) тұтас мүше болып есептелмеген.Гиппократ – медицинаны терең ұғынып, адам ағзасын қоршаған ортамен тығызбайланыста екенін зерттеген және дәлелдеген ғалым.
Гиппократ науқасты "төсек қасында бақылау" әдiciн енгізген. Ол науқастың түр-тұлғасын, төсін, кеуде формасын, дене құрылысын, тәбетін, зәрін,қанын, нәжісін қақырығын және т.б. секреттерін зерттеуді енгізген. Пальпация, перкуссия, аускультация әдістемелерін 60-тан астам дәрілердің түрлерін ашқан.
Iшкi медицина тарихының дамуы алыстан басталады. Аурулардың белгілерін бақылаудың тәжірибесі мың жылдап жиналған.
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) медицинаның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бipi болып саналады. Ол980 ж. Бұхараға жақын жерде дүниеге келген. Бұл Шығыс елінің ұлы ғалымы. "Дәрігерлік ғылым каноны" атты кітап шығарған. Бұл кітап 500 жылдан астам уақыт бойында дуние жүзіндегі дәрігерлік маңдай алды еңбек болып саналады. Грек, Рим, Үндастан және Орта Азия дәрігерлерінің тәжірибелерін біріктіріп оқытады.
Диагностикалық медицина және аурулардың симптоматикасы жаңа әдістемелермен толықтырылып отырады. Термометрияны де Гаен, перкуссияны Ауэнбругер, стетоскоппен аускультация жасауды Лаэннек, пациентпен жүйелі түрде сұхбаттасуды М.Я.Мудров, Г.А.Захарьин, А.А.Остроумов, құрсақ қуысындағы мүшелерге пальпация жасау әдісін В.П.Образцов ұсынды.
Түрлі аурулардың алдын алу шараларын ойлап тапқан Пирогов, Павлов, Эрисман сияқты ғалымдар медицина саласына өз үлестерін көптеп қосқан. ХIХ ғ. II жартысында біртіндеп зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістемелері енгізіле бастады. XIX ғ. соңында Рентгеннің Х-сәулелері арқасында зерттеудің рентгенологиялық әдici енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет