2-тапсырма Ақпан айының басында интернет-дүкеннің шоттарында 750 мың теңге болды. 2 ақпанда №1 клиенттен 550 мың теңгеге тапсырыс түсті. Шарт талаптары бойынша клиент тапсырыс құнының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасайды, ал қалған бөлігі тауарды жөнелтілгеннен кейін төлейді. Интернет-дүкен ақпан айында келесі төлемдерді жүзеге асыруы керек: - 5 ақпан – үй-жайларды жалға алу үшін 175 мың теңге көлеміндегі төлем; - 15 ақпан – өнім берушіден 400 мың теңге мөлшеріндегі тауарды сатып алу; - 17 ақпан –қызметкерлерге жалақы төлеу – 400 мың теңге. №1 клиентке 21 ақпанда тауар жөнелтілді, сол күні одан тапсырыс бойынша соманың қалған бөлігі түсті. 25 ақпанда №2 клиенттен 450 мың теңгеге тапсырыс түсті. Сатып алушы 100 % алдын ала төлем енгізді. Операциялары бар кестені құрастырыңыз және әрбір операциялық күнге ақшалай қаражаттың қалдығын есептеңіз. Кассалық алшақтық кезеңін табыңыз.