Қартабаева Күнқияш Әбуқызы
Қазалы қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
ТАРИХ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Білім беру сапасының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен педагогкалық техналогияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына , құзіреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана себебін тигізеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық техналогия» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.
«Инновация» деген латын сөзінен аударғанда (жаңару, жаңа, өзгеру, жаңа нәрсені енгізу, жаңашылдық) деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация- «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашыл әдістеме» деген мағынада пайдаланады. [46]
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде кәзіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат болып өтіп, сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін. Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі арасындағы қарама-қайшылықты болдыртпауға тырысамын. Оның үстіне негізгі проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп, сол проблемаларды шешу оқушылардың өздеріне жүктеймін.
Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.
Біріншіден, инновациялық әдістерді қабылдау оқушыға оңай соқпайды, өйткені ол үнемі белсенділік танытуы керек.
Екіншіден, компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле-видео апаратурамен жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу әзірге өкінішке орай мүмкін болмай отыр.
Үшіншіден, калейдоскопиялық жағы – оқушының жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың түрлеріне белсене қатысамын деп, сабақ барысында ашылатын ең негізгі проблеманың мәнін түсінбеуіде мүмкін. Сол себепті инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау қажет.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулеріне сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. [75]
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс- жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған процес, оның қурылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»- деп атап көрсетеді. [46]
Ұстаз өзінің әрбір сабағын отаншылдық тәрбиемен ұштастырады. Ал тарих сабағының әрбір минуты отаншылдық тәрбиемен үндеседі. Жас ұрпақты тәрбиелеу миллионның санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбие қалыптастыруда, Қазақстан тарихының орны мен мүмкіншіліктері шексіз. Қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын, сал-дәстүрін, әдет-ғұрпын өзге ұлт өкілдерін қинап байлап –таңбай, керісінше басқа ұлт мәдениетіндегі ұқсастықтарды тауып, байластыра жүргізген жөн. Саналы патриот, еліміздің тәуелсіздігін баянды қорғау мен сақтауды тиіс екенін естен шығармайды.
Қазіргі таңда сабақты оқушыларға қызықты өткізуі әр мұғалімнің шеберлігі деп білемін.Мысалы: топқа бөлу, пікір –талас, саяхат, фильмдерден үзінді және тағы басқа.
Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Құзіреттілік- әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Педагогика ғылымындағы құзірет, құзіреттілік ұғымдары адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс дегенді білдіреді.
Құзіреттілік- адам баласының сапалық белгісі.
Тұлға құзырлығын қалыптастыруға тиісті құзіреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдері жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді.[86]
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңарту мен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, техналогиясын қалыптастыру- өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес сөз тобымда ұйымдастырылған іс-әрекетті Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту техналогиясы» Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту техналогиясы» «Модульдік оқыту техналогиясы» элементтер арқылы оқытуға болады.(5)
Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter-аралық, action-әрекет.
- Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
- Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
- Өздерін-өздері бағалау;
- Іс-әрекет барысында білім алу;
Оқушы өз ойын еркін айту үшін, мұғалім мына тәсілді қолдануы тиіс.
Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп;
Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеу қажет;
Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін олар ой не ғажайып пікір болады. Мысалыға: 5 «а» сыныбына қосымша сабақтан «Қазақ халқы үшін киіз үйдің маңызы» деген тақырыпта ашық сабақ өттім. Бірінші үй тапырмасын сұраған кезде мен қазақтың ұлттық ойыны «Ақсүйек» ойыны арқылы Қазақстан Республикасы үй тапсымасын сұрадым. Түн дегенде оқушылар көздерін жұмады, сол кезде қасиетті жілік тоқпан жілікті қоямын, күн дегенде оқушылар көздерін ашып алдында жілік тұрған оқушы орнынан тұрып қойылған сұраққа жауап береді. Сөйтіп 7-8 оқушыдан сұрадым. Жаңа сабақ түсіндіру барысында мен Киіз үйдің тарихын, маңызын, атаулары, ішкі жиhаздары туралы түсіндірмей тұрып. Біз интерактивті тақтаны пайдалану арқылы Абай ауылына саяхатқа шықтық. Біз ауылға келгенде әжені кездестірдік. Әже қазақ халқы үшін маңызы не?- деп сұрақ қойдық, сол кезде әже рөлінде сабақты түсіндіріп кеттім. Түсіндіріп болғаннан кейін енді сыныпқа қайтайық деп сыныпқа оралдық. Енді біз осы саяхаттан алған әсеріміз, тәрбиеміздін эссе жазамыз. 10 мин. Оқушылар өз ойларын жеткізді. Арасында үлгерімі төмен оқушыларда бар,олардыңда сабаққа деген қызығушылығы оянып сабаққа жақсы араласып отырды, алдағы уақытта үлгерімі төмен оқушыларды болдырмауға тырысамын. Сабақты бекітіп, үйге тапсырма бердім.
Сөзімді қорытындылай келе, инновация әдістер мен оқытудың ақпараттық техналогияларын пайдалану- барлық мәселелердің шешімі деп қарастыруға болмайды, өйткені бұл- мектептегі білімдік негізді шешетін құрал, сондықтан да мектеп оқушылардың өзіне тән ерекшелік ескеріп, әрбір кезеңін мұқият саралаудан өткізіп барып тәжірибеде қолдану қажет. Инновациялық техналогияларды пайдалану нәтижесінде оқушы ақпарат құралдарын еркін пайдалана алады, шығармашыл ой айта білді.
Пайдаланған әдебеттер тізімі:
1. Саранов А.М. Теоратические основы развития инновационных образовательных систем. Вологоград, 2000ж [46] (1-3)
2. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 2011 ж(2)
3. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық техналогия көзі. Алматы 2001ж [75] (2)
4. Құдайбергенова К.С. Құзырлық табиғат – тұлғаның өзіндік дамуында. Алматы 2006ж [86] (4)
5. «Қ.Р білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Астана 2010ж (5)
Достарыңызбен бөлісу: |