Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тақырыбы: Техносфераны қорғаудағы заң бұзушылыққа жауапкершілік
Орындаған: Қадан Арайлым
Тексерген: Ахмадиева Толкын
Алматы-2021
Техносфераны қорғаудағы заң бұзушылыққа жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.
Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.
Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:
залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);
шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар).
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мекеме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай.Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру.Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |