Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызметі, морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып болып екі топқа бөлінеді.Олардың орталығы жүрек. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капиляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капиляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім – ангиялогия.
Электрокардиогра́фия — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі.
Рентгенограмма— рентген сәулесінің затпен әсерлесу құбылысы негізінде нысанның жарық сезгіш материалдарға (фототаспа, фотопластинка) түсіріліп алынған кескіні.
Ангиография (грек. angeion - тамыр, grapho - жазамын, сызамын) - әр түрлі ішкі органдардың (өкпе, жүрек, бүйрек, ми т.б.) қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеру әдісі.
Допплерография-ұрықтың тамырларында, кіндік пен жатыр тамырларында қан ағымын зерттеу
Қорытынды
Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.