Тақырып: Ірі қан тамыр аневризмасының визуальды диагностикасы. Доплерография, жұмыс принциптері.Науқастарды зерттеуге дайындау.
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ Орындаған:Сағынтай Дамир Алдамұрат Даурен Құрманбай Нұртілеу Топ: ЖМҚБ 02-21 Қабылдаған:Назарбаева Г.Н “Фтизиопульмонология және радиология” кафедрасы
Қолқа - омыртқалылардың қан айналыс жүйесіндегі ең ірі артерия қан тамыры; жүректің сол қарыншасынан басталады, дененің барлық тіндері мен органдарын қанмен қоректендіреді. Қолқа қабырғаларының серпімділігі артерия қан тамырлары бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Қолқаның жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі – қолқа баданасының қабырғасы мен қолқаның айшықты қақпақшалары бірігіп, Қолқа қойнауын (синусын) түзеді.
Аневризма (Aneurysma, грек. aneuryno— бұлтию — кеңею) — бұлтима, аневризма. Қан тамыры қабырғасының немесе жүрек қабырғасының солқылдап, бұлтиып шығып тұруы.
Аорта аневризмасы - аорта қабырғасының патологиялық локальды (қап тәрізді) және диффузды (циркулярлы) аорта бөлігінің кеңеюі.
Аорта аневризмасы - аорта қабырғасының патологиялық локальды (қап тәрізді) және диффузды (циркулярлы) аорта бөлігінің кеңеюі.
Жіктелуі
Орналасуына байланысты аневризманың келесі түрлерін ажыратады: Вальсальв синусының, кеуде аортасының жоғарлаған және төмендеген бөлігіндегі аневризмасы, аорта доғасының, құрсақ аортасының аневризмалары.
Этиологиясына байланысты туа пайда болған (сирек кездеседі) және жүре пайда болған аневризмаларды ажыратады. Себебіне қарай: қабынулық (сифилитикалық, аортит, туберкулезді, ревматикалық, инфекционды) және қабынулық емес (атеросклездық, травмалық).
Жалған аневризмада органикалық тыртықты тін болады
Құрсақ аортасының аневризмасы – бұл жағдайда қалыптыға қарағанда аорта қабырғасының жергілікті немесе диффузды 2 есе томпая кеңейуі. Құрсақ аотасының аневризмасының жоғарғы және төменгі бөліктерінен бастау алатындығына байланысты супраренальды және инфраренальды болып бөлінеді. Супраренальды аневризма кеуделік аортаның дистальды бөлігінен бастау алады оны торакоабдоменальды аневризма дейміз.
Патологоанатомиялық зерттеулердің мәләметтері бойынша құрсақ аорта аневризмасы 1,06 % жиілікте кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Құрсақ аорта аневризмасының ең негізгі себебі атеросклероз. Науқастардың 89 % жағдайда аневризма құрсақ аортасының инфраренальды сегментінде орналасады.