Тексерілді:
Күні: 01.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла». Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы, Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,
тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу,
салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын,
сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік
мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелертоптастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты
бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;
Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған
жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.