Нұр-Сұлтан
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Өткізгендер: Кенжебек Елжан, Телегенов Айдархан
2019-2020 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен өз елімнің патриотымын"
Мақсаты:
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын,Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы -патриот тәрбиелеу.
Көркемдеуіштер: Видео материал, слайд, әнұран, стикер, маркер,
Әдістер: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,көрсету, іздену,
Барысы:
(Әнұран айту арқылы басталады)
І. Кезеңі.
Кіріспе әңгіме (мұғалім):
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
Топқа бөлу. Мақал-мәтел сөздері шатасқан болады, оқушылар жеребе тарту арқылы қағаз алады. Солай 5 оқушы қағаздарындағы сөздерді қосып бір мақал шығарады, бір мақал шығарған оқушылар бір топ болады.
II. Кезең
Видео материал көрсетіледі. Қазақ елінің даму тарихы, кездескен қиындықтар, жеткен жетістіктер туралы 7 минуттық видео материал.
Ой қозғау.
-Ал оқушылар, бұл видео не жайлы екен, нені байқадыңыздар?
-Отан дегеніміз не?
-Бұл сөзді естігенде есіңе ,көз алдарыңа тағы қандай сөздер келеді?
Топтық жұмыс.
Топтар постер қорғайды.
Мен патриотпын (ер есімі ел есінде.)
Туған жер табиғаты
Қазақстар астаналары
ҚР мемлекеттік рәміздері
III. Кезең.
Синквейн әдісі:
"Патриот "
Қандай? Аса өнегелі, жауапты, тәртіпті
Не істейді? Өз Отанын сүйеді, қорғайды, еңбек етеді
Кім? Азамат, жеке тұлға
Рефлексия :
-Рөлдік ойын
Оқушылар белгілі бір маман иесі болып, еліне тигізетін пайдасын қысқаша әңгіме түрінде баяндап береді
Мұғалім:
Отанды сүю дегеніміз – ең ибалы сезім. Отанды құрметтеу, ең алдымен, өзіңді құрметтеуден бастау алады. Өзіңді құрметтеу жақыныңды, өз үйіңді сыйлау екені шындық. Міне, осыдан болар, Отан отбасынан басталатындығы. Патриотизм – адам бойындағы ең қасиетті сезім. Патриотизм - туған еліңді сүюмен қатар, оған қалтқысыз еңбек ету, сол елдің бір бөлшегі екеніңді сезіну.
Кері байланыс:"Екі жұлдыз,бір тілек "
Өз елім – өлең төсегім.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе.
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
ПАТРИОТ
ҚАНДАЙ?
НЕ ІСТЕЙДІ?
КІМ?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы (1992)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |