Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)
|
"Ұйымдастырылған іс-әрекетке керек материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындаймыз".
Мақсат-міндеттері. Тапсырылған іске жауапкершілік сезімдерін дамыту, балаларды ұйымдастырылған іс-әрекетке керек материалдар мен құрал-жабдықтарды тиянақты жинауға дағдыландыру.
|
"Орындықтарды жуу".
Мақсат-міндеттері. Балаларды тәрбиешінің көмекшісіне көмектесуге, топ бөлмелеріндегі орындықтарды таза ұстауға, дымқыл шүберекпен сүртуді, орындарына қоюды дағдыландыру; жұмыс барысында мәдени-гигиеналық талаптарды орындау біліктіліктерін жетілдіру; ересектердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
|
30 - тамыз. Конституция күні
|
Балабақшадағы еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйрету. Ертегілер мен әңгімелердің кейіпкерлерлерінің сөздері арқылы «Еңбек түбі – зейнет» ұғымын түсіндіру. Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Бұзау бақтым», «Қайдан келдің бауырсақ?» сияқты ертегілер мен әңгімелер арқылы балаларға барлық заттардың еңбекпен келетінін түсіндіру.
"Үй өсімдіктеріне бүріккіш пистолеттен су бүрку".
Мақсат-міндеттері. Жаңа еңбек дағдыларын үйрету; жапырақтарға ылғал қажет деген түсінкті бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Балаларға өсімдіктердің суару қажеттілігін өз бетінше анықтауды үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру.
|